«2021-2022 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы»



бет135/159
Дата30.01.2022
өлшемі1,13 Mb.
#116355
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   159
Байланысты:
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ ХАТ 2021-2022 (1)

3.6 Жазғы мектеп


Пандемияның салдары және шұғыл шаралар қабылдау неліктен маңызды

ЭЫДҰ срапшыларының пікірінше, мәжбүрлі әлеуметтік алыстау кезеңіндегі елдердің білім беру стратегиясы білімдіжоғалтудың алдын алуы тиіс, олакадемиялық оқудың кем дегенде үш айына, ал одан да көп айға барабар болуы ықтимал.3

Дүниежүзілік банктің бағалауы бойынша мектептер қысқа мерзімге жабылғаннан кейін ғана табысы неғұрлым жоғары отбасылардан шыққан балалар мен кедей отбасылардан шыққан балалар арасындағы оқу үлгерімінің алшақтығы 18%-ға, PISA-ның 45-тен 53 балына дейін артады.

«Балаларды сақтау» қорының мәліметі бойынша әр төртінші оқушыға депрессия немесе әлеуметтік оқшаулануға байланысты күйзеліс әсер етті.4 Мектептерде маңызды іс-шаралар, соның ішінде бітіру рәсімдері, спорттық және басқа да сыныптан тыс жұмыстар тоқтатылды. Мұның бәрі академиялық уәждемеге және үлгерімге, сондай-ақ балалардың оқу процесіне тартылуының жалпы деңгейіне әсер етеді.

Әлемдік тәжірибе Ұлттық білім беру жүйесін қалпына келтіру үшін жауапты шаралар қабылдаудың маңыздылығын көрсетеді. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан балалар ерекше назар аударуды талап етеді. Мектептегі білім беру жүйесіндегі білім олқылықтарын қалпына келтіру бойынша уақытылы шаралардың болмауы басқа деңгейлерде үлгерімі төмен білім алушылар үлесінің өсуіне немесе NEET жастары санының өсуіне әкеледі.

ЮНЕСКО-ның деректері бойынша білім алушыларды академиялық және оқу талаптарымен шоғырландыру және шамадан тыс жүктемесі қажетті базалық дағдылар мен білімді анықтау білім алушылардың, оның ішінде үлгерімі төмен білім алушылардың оқудағы шығындарын қалпына келтіруге кепілдік береді. 5



Білім беру ұйымдары білім алушыларға келесі сыныпқа көшер алдында олардың жазғы мектептерге қатысуын ұйымдастырады. Былай қарағанда, Нью-Йоркте қашықтағы жазғы мектептер тәжірибесі пандемияға дейін болған.

2020 жылы 177,7 мың білім алушы үшін қашықтағы жазғы мектеп ұйымдастырылды, бұл – 20196 жылмен салыстырғанда 4 есе жоғары көрсеткіш.

Педагогикалық жоғары оқу орындары мен колледждердің студенттері шағын топтарда білім алушылардың білімін толықтыру үшін мектептерге үлкен қолдау көрсете алады. Мысалы, АҚШ-тағы Теннесси Штаты COVID-196 кезінде білімі жағынан артта қалған балаларды оқыту үшін 1000 студентті жинайды.



Жазғы мектептің Қазақстанда ұйымдастырылуы

2021 жылғы 26 мамырдан 19 маусымға дейін орта білім беру ұйымдарында жыл бойы қашықтан оқу форматында білім алған 6, 7, 8, 10-сыныптардың оқушылары, сондай-ақ ата-аналарының/заңды өкілдерінің өтініші негізінде 9-сынып түлектері үшін шектеу шаралары кезеңінде жіберілген біліміндегі олқылықтардың орнын толтыру мақсатында Жазғы мектеп жұмыс істеді.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 2020-2021 оқу жылында жазғы мектепті ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірледі, онда ұсынымдық сипатта білім беру процесіне қатысушыларды ұйымдастыру тәртібі, оның шарттары мен міндеттері айқындалды. Сонымен қатар, осы құжаттың қосымшасында оқу пәндерінен сыныптар бойынша жазғы мектепте көңіл аударуға ұсынылған тақырыптардың тізімі берілген.

Жазғы мектептің ұйымдастырылу тәртібі

Ең алдымен облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының білім басқармалары барлық орта білім беру ұйымдарында жазғы мектеп ұйымдастыру туралы бұйрық шығарады. Білім беру ұйымдарының басшылары өз кезегінде Жазғы мектептің сабақ кестесі мен жұмыс жоспарын бекітеді және жалпы жауапкершілікте болады.

Сабақтардың кестесі педагогтердің оқу жылы ішінде анықтаған оқу жетістіктерін талдау және білім алушылардың пәндік білім деңгейлерін диагностикалау нәтижелері негізінде құрылған топтарды/сыныптарды ескере отырып жасалады.

Педагогтер диагностика нәтижелері негізінде меңгеруге күрделі деген тақырыптарды, бөлімдерді, бөлімшелерді, оқыту мақсаттарын зерделеп, тақырыптық жоспарлар әзірлейді.

Жұмыстың тәсілдері мен әдістерін, оқыту технологияларын педагогтер білім алушылардың жас және жеке ерекшеліктеріне сәйкес дербес айқындайды.

Жазғы мектепте оқушылардың оқу жетістіктеріне бағалау жүргізілмейді. Жазғы мектеп жағдайында үй тапсырмасы берілмейді. Білім алушылардың мектеп кітапханасына, қолда бар цифрлық білім беру ресурстарына қолжетімділігі қамтамасыз етіледі.

Сабаққа дайындық кезінде мұғалімге жазғы сабақты ұйымдастыру жоспарын жасау, білім алушылардың оқу пәндері бойынша біліміндегі олқылықтарын толтыру қажеттіліктерін ескере отырып, оқу материалдарын мұқият таңдау ұсынылады. Үлгерімі төмен білім алушыларға ерекше назар аудару керек. Қажет болған жағдайда жеке, сараланған тапсырмаларды әзірлеу, жеке консультациялар жүргізу қажет.

Жазғы мектепте білім алушылар үшін еркін киім киюге рұқсат етіледі. Топтардағы толымдылығы 25 адамнан артық болмауы керек. Сабақтың ұзақтығы – 40 минут, бір күнде 3-4 сабақ өткізіледі.




  • Жазғы мектепте оқушылардың оқу жетістіктеріне бағалау жүргізілмейді.

  • Жазғы мектеп жағдайында үй тапсырмасы берілмейді.

  • Жазғы мектепте білім алушылар үшін еркін киім киюге рұқсат етіледі.

Әр күннің жұмыс жоспарын құру кезінде жазғы сабақтардың кестесін жазғы лагерьдің сауықтыру іс-шараларымен біріктіре отырып құрастыру ұсынылады.

Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайларды қамтамасыз ету

Жазғы мектепте сабақтарды ұйымдастыру кезінде барлық қажетті санитарлық-эпидемиологиялық жағдайларды қамтамасыз ету қажет (медицина қызметкерлерінің сабақ алдында білім беру процесіне қатысушылардың температурасын күн сайын өлшеуі; дәліздерде, рекреацияларда, холлдарда және басқа да үй-жайларда ауысымдар арасында ылғалды жинау жүргізу; бетперде кию және басқалар).

Жазғы мектепте тамақтану қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты ұйымдастырылады. Асханалардың жұмысы санитарлық ережелер мен нормалардың талаптарын сақтай отырып, кесте бойынша ұйымдастырылады.

Білім беру процесіне қатысушылардың функциялары

Жазғы мектептің қызметін тиімді ұйымдастыру үшін білім беру процесінің барлық қатысушыларының (басшы, басшының орынбасары, педагогтер, психологтар, медицина қызметкерлері және т.б.) жауапкершілік алатын тұстарын нақты бөлу қажет.

Білім беру ұйымының басшысы жазғы мектептің қызметін үйлестіруге, бақылауға, әкімшілік және педагогикалық құраммен және басқа да қызметкерлермен оқыту процесін ұйымдастыру және санитарлық қағидалар мен нормаларды сақтау бойынша нұсқама беруге жауапты болады.

Білім беру ұйымы басшысының орынбасары білім алушылардың ата-аналарынан/заңды өкілдерінен өтініштер қабылдауды жүзеге асырады; оқу жетістіктерін бағалауды талдау және білім алушылардың пәндік білім деңгейін диагностикалау қорытындылары бойынша білім алушылардың сараланған топтарын құрады; педагогтердің әдістемелік бірлестіктерінде пәндер бойынша неғұрлым күрделі тақырыптарды таңдау мен олардың санын талқылауды ұйымдастырады және т.б.

Мектеп психологтары білім алушыларды психологиялық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді; білім алушылар мен олардың ата-аналары/заңды өкілдері үшін консультациялар өткізеді.

Жазғы мектепті тиімді ұйымдастыру пандемия салдарынан білім сапасының төмендеуін қалпына келтірудің бірі жолы болуы тиіс.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   159




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет