«2021-2022 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы»



бет143/159
Дата30.01.2022
өлшемі1,13 Mb.
#116355
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   159
Байланысты:
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ ХАТ 2021-2022 (1)

Білім алу платформасын таңдаңыз

Оқушылармен қарым-қатынас жасау платформасын таңдау қажет, ол жерде Сіз тапсырмаларды орындауға арналған материалдарды орналастырасыз (жібересіз). Бұл өте маңызды мәселе, өйткені білім беру мазмұны бар платформадан материалды игеру сапасына тәуелді.

Сіз жай ғана өз бетінше зерттеу, тестілер мен онлайн- жаттығуларды орындау немесе интернет желісінің түрлі қызметтерін пайдалана отырып, өзіңіздің бейне, презентациялар мен тестілеріңізді жасау үшін Интернет желісінің түрлі ресурстарының сілтемелерін таңдай аласыз.

Алайда, оқытуды кешенді іске асыру, жаңа материалды зерттеу, оны бекіту және тексеру бірыңғай тәсілде толыққанды жүзеге асырылуы мүмкін және ол үшін білім беру онлайн платформаларын пайдалану ұсынылады.



Қашықтан оқыту нысанын анықтаңыз

Бұдан әрі қашықтан оқыту нысанын анықтау қажет. Егер сіз оқушыларды экранға жинай отырып, онлайн режимінде сабақ өткізгіңіз келсе, Сіз вебинарлардың тегін жүйелерін (мысалы, Google Hangouts, Skype, ZOOM қызметі) т.б. пайдалана аласыз.

Егер сіз және сіздің оқушыларыңыз бір-бірінен еркін режимде ресурстармен жұмыс істейтін асинхронды оқыту режимін таңдасаңыз, онлайн-сабақтары бар тиісті білім берудің онлайн платформасын таңдау қажет.

Қазіргі уақытта Bilimlend жаппай қолжетімді контенті, басқа да танымал әзірлеушілер өз ресурстарын жасады (қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру үшін пайдалануға болатын білім беру онлайн-платформалары мен Интернет желісінің сервистеріне қысқаша шолу «Білім беру платформалары» және «Басқа ресурстар»бөлімдерінде орналастырылған).

Егер сіз өз материалдарыңызды пайдалана отырып сабақ жасағыңыз келсе, онда осы контексте оқушыларға тапсырмаларды орналастыру үшін ең ыңғайлы құрал – үй тапсырмаларының модулі бар электронды күнделік. Материалдарды (немесе оларға сілтемелерді) (Google Диск, Яндекс.Диск, бұлт Mail.ru және т.б.) дискілеріне және оларға арналған сілтемелерді электрондық журналға салу керек.

Қашықтықтан оқыту кезінде оқушылардан компьютер алдында отырып, үй тапсырмасын орындауды талап ету міндетті емес; оқушылар тапсырмаларды әдеттегі режимде (дәптерде) орындай алады, содан кейін өз жұмысының нәтижесін суретке түсіріп, Сізге фотосуретті жібере алады.



Сабақ кестесін жасаңыз

Материалды меңгеруге және тапсырмаларды орындауға бөлінген «оқу уақытын» (күннің оңтайлысы – бірінші жартысы) белгілеңіз. Кестені жасаған кезде есте сақтаңыз:



  • сізден басқа онлайн-оқытуды әріптестеріңіз де іске асырады, сондықтан балаларды көп материалмен артық жүктемеуге тырысыңыз; материалды меңгеру және бір сабақтың тапсырмаларын орындау 45 минуттан аспауы керек – 1 сағат;

  • санитарлық нормаларды сақтау (оқушының жасын ескере отырып) керек.

Ең дұрысы, сіз сабақ кестесін әріптестеріңізбен келісуіңіз керек. Қашықтықтағы форматтаға оқу күнін сабақтарға емес, жұмыс істегіңіз келетін блоктарға бөліңіз. Қашықтықтан оқыту аясында сіз сабақты қайталау күндерін (бастауыш сынып оқушылары үшін пәндер бойынша немесе негізгі және жоғары мектеп үшін пән салалары бойынша) жасай аласыз.

Есте сақтаңыз!

Сабақ кестесі сақталуы тиіс және оқу басталғанға дейін барлық материалдар жасалып (таңдалып), тиісті орындарда орналастырылып, балаларға (олардың ата-аналарына) жеткізілуі тиіс.



Оқушылармен кері байланыс

Қашықтықтан оқытуда оқушылармен байланыс – ең маңызды әрекет. Сізге қойылған міндет оқушыларға түсінікті ме, оқу материалдарына толық қолжетімділік қамтамасыз етілген бе және т.б. білуіңіз қажет.



Сабақ (сабақтың әдеттегі түрін ұмытыңыз)

Қашықтан тиімді жұмыс істеудің негізгі шарттарының бірі – тапсырмаларды жиі ауыстыру және көптәжірибе жинау. Өйткені, балаларға ақпараттың көлемін қабылдау немесе ұзақ уақыт бір тапсырманы орындау қиынға соғады. Сабақта тапсырманың бірнеше түрінен құрастырыңыз, мысалы, бейнені көру үшін 5-10 минут, тапсырмаларды орындау үшін 10 минут және қолмен жазу үшін 10 минуттық сабақ жасаңыз.

Үй тапсырмасын талдауды міндетті түрде қарастырыңыз (әр оқушыныңжеке қателері оқушыға жеке хабарлануы керек, ал жетістіктері мен қызықты шешім нұсқалары туралы бәріне хабарлау керек; сондай-ақ оқушылардың оны орындау кезіндегі жетістіктері мен сәтсіздіктерінің жалпы шолуын, күрделі сәттерді түсіндіруді және т.б. қарастырған жөн). Мұны мәтіндік түрде немесе қысқа бейне шолу арқылы жасауға болады, оны телефонға жазып, оқушылармен қарым-қатынас жасау орнында орналастыруға болады.

Қашықтықтан өткізілетін сабақтардың мазмұнын жаңа материалды зерттеуді ұйымдастыруда пайдаланатын көмекші материалдар құрайды. Сізге өз оқушыларыңызға ұсынатын, өз жұмысыңызда қолданатын материалдардың сапасына сыни көзқараспен қарауды ұсынамыз, оларды игеру (оқу, түсіну, түсіну мен бекітуді алғашқы тексеру тапсырмаларын орындау) 45 минуттан артық болмауы керек – 1 сағат:



  1. Ұзын мәтіндерден аулақ болыңыз. Мәтінде ең маңыздысын қалдырыңыз, егер баланың тақырыбы қызықтырса, қосымша материалдың болуы туралы белгі жасаңыз.

  2. Мәтінді құрылымдаңыз, мәтін бөліктерге бөлінуі керек. Жоғарыда мазмұндалған мәтіннің соңына қысқаша қорытындылар шығару қажет.

  3. Инфографикасы бар мәтіндерді пайдаланыңыз – схемалар және басқа да визуалды материалдар сабаты неғұрлым сапалы түсінуге және оны есте сақтауға мүмкіндік береді

  4. Тапсырмалар мен оқу блоктарының көлемі мен күрделілігі жағынан теңдестірілген болуы тиіс.

Сонымен қатар есіңізде болатын жайттар:

  • қашықтықтан оқыту кезінде оқушыларға беріетін тапсырмаларды орындау уақытын нақты белгілеу қажет. Тапсырмалардың бір бөлігін олар сабақ үшін бөлінген уақытта орындай алады (білім беру онлайн платформаларын пайдалану кезінде, бұл оңай). Сізге оқушының жетісітігін бірден көруге және қажет болған жағдайда жұмысты түзетуге мүмкіндік береді;

  • ашық жауаптары берілген тапсырмалар мен тексеруге жіберілген материалдар жаңа сабақ басталғанға дейін 3 сағат бұрын бағалануы тиіс, әйтпесе оқушылар қашықтықтан сабақтың маңыздылығын сезінуін және мотивацияларын жоғалтады;

  • балалардың толыққанды демалысын қамтамасыз ету үшін дүйсенбі күнге арналған, яғни жұма күні кешке үй тапсырмасын беруге болмайды; осы кезеңде берілген тапсырмалар орындалмауы мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   159




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет