«2021-2022 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы»


Сыныптар Жеке сабақ сағаттарының саны



бет146/159
Дата30.01.2022
өлшемі1,13 Mb.
#116355
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   159
Байланысты:
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ ХАТ 2021-2022 (1)

Сыныптар

Жеке сабақ сағаттарының саны

Топтық сабақтар сағаттарының саны

1-3

4

12

4

6

18

5

6

20

6-7

7

20

8

7

21

9

8

22

10-11

8

22


8 Қосымша білім беру ұйымдарында білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері



Қосымша білім беру – балалардың зияткерлік, адамгершілік және дене дамуындағы жан-жақты қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылатын, балалардың шығармашылық қабілеттерін, салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыруға, денсаулықты нығайтуға, сондай-ақ олардың бос уақытын ұйымдастыруға бағытталған тәрбие мен оқыту процесі.

Қосымша білім беру балалардың қоғамдағы өмірге бейімделуі, олардың кәсіби бағдарлануы, сондай-ақ ерекше қабілеттерін көрсеткен балаларды анықтау және қолдау үшін жағдай жасайды.

Балалардың жан-жақты қажеттіліктері әлеуметтік-педагогикалық, ғылыми-техникалық, туристік-өлкетану, экологиялық-биологиялық, көркем-эстетикалық, музыкалық, әскери-патриоттық, спорттық-сауықтыру және балаларға қосымша білім берудің басқа да бағыттары бойынша қамтамасыз етіледі.

Балаларға қосымша білім беруді жергілікті атқарушы органдар қамтамасыз етеді және республикалық, облыстық, қалалық (республикалық және облыстық маңызы бар қалалар) және аудандық деңгейлерде жүзеге асырылады.

Балаларға қосымша білім беру мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарында, сондай-ақ мектепте, мектепке дейінгі ұйымдарда, колледждер мен жоғары оқу орындарында, мәдениет, спорт ұйымдарында, жеке ұйымдарда бюджет қаражаты есебінен, сондай-ақ ақылы қызметтер есебінен іске асырылады.

Мектептен тыс ұйымдардың ресурстары – сарайлар мен оқушылар үйлері, орталықтар, кешендер, балалар шығармашылығы студиялары, жас техниктер станциялары, туристер, натуралистер, балалар музыка, көркемөнер мектептері, өнер мектептері, қызығушылық клубтары, спорт, сауықтыру, туристік базалар, лагерлер – мектепте қолданылады – олардың филиалдары ашылады.

Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары қызметінің тәртібі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығымен бекітілген балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары қызметінің Үлгілік қағидаларында (өзгерістер енгізілуде), Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 14 маусымдағы № 228 бұйрығымен бекітілген балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары түрлері қызметінің Үлгілік қағидаларында айқындалған.

Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымы балалардың сұраныстарын, отбасының, білім беру ұйымдарының, қоғамдық ұйымдардың (оның ішінде балалар мен жасөспірімдер) қажеттіліктерін, өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму ерекшеліктерін, ұлттық-мәдени дәстүрлерді ескере отырып, білім беру бағдарламаларын дербес әзірлейді.

Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 9-2) тармағына сәйкес білім беру бағдарламасы оқытудың мақсаттарын, нәтижелері мен мазмұнын, білім беру процесін ұйымдастыруды, оларды іске асыру тәсілдері мен әдістерін, оқыту нәтижелерін бағалау өлшемшарттарын қамтитын білім берудің негізгі сипаттамаларының бірыңғай кешені ретінде әзірленеді.



Балалар музыка мектептерінің, балалар көркемөнер мектептерінің және балалар өнер мектептерінің үлгілік оқу жоспарлары мен білім беру бағдарламалары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 29 желтоқсандағы №543 бұйрығымен бекітілген (ҚР БҒМ 2019 жылғы 04 желтоқсандағы №56 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілді).

Қазақстан Республикасында балаларға қосымша білім беруді дамытудың тұжырымдамалық тәсілдері әзірленді және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 19 ақпандағы №81 бұйрығымен бекітілді.

«Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы №219 бұйрығымен бекітілген.

Балаларға заманауи қосымша білім беру мектеп білімімен бірге біртұтас білім беру кеңістігін құрайды, ол бастауыш, негізгі, жалпы орта білім берудің МЖМББС шеңберінен тыс баланың өз еркімен таңдаған іс-әрекетін дамыту процесі ретінде сипатталады. Балаларға қосымша білім берудің 2020-2021 оқу жылындағы ерекшеліктері жалпы орта және қосымша білім беруді неғұрлым тығыз интеграциялау қажеттілігімен байланысты.

Білім берудің әрбір деңгейі үшін қосымша білім беру белгілі бір жас кезеңі жағдайында тұлғаның ерекшеліктеріне сүйене отырып, МЖМББС-дан тыс өзінің мазмұндық модулін ұсынуға құқылы:



  • мектепке дейінгі білім беру деңгейінде – мектепке дейінгі білім беру ұйымына бармайтын балалар үшін мектепалды даярлық;

  • бастауыш білім беру деңгейінде – оқушылардың позициясын игеруге көмектесу: әртүрлі оқу қоғамдастықтарына қосу;

  • негізгі білім беру деңгейінде – жеке тұлғаның өзін-өзі анықтау процесін қолдау: әртүрлі қызмет салаларында маңызды мәселелер спектрін кеңейту және оларды шешу тәжірибесін алу;

  • жалпы орта білім беру деңгейінде – білім алушылардың кәсіби өзін-өзі анықтау процесін сүйемелдеу, кәсіби бағдарлауды қамтамасыз ету.

Балаларға қосымша білім берудегі білім беру процесі келесі ерекшеліктерді ескере отырып ұйымдастырылады:

  • балаға білім беру саласын (қызметтің бағыты мен түрін).бағдарламаның бейіні және оны игеру уақытын, педагогті еркін таңдауы үшін жағдай жасау;

  • баланың мүддесін, бейімділігі мен қажеттіліктерін қанағаттандыратын әр түрлі қызмет түрлері;

  • тұлғаның таным мен шығармашылыққа, өзін-өзі тануға және өзін-өзі анықтауға деген ынтасын дамытуға ықпал ететін білім беру процесінің тұлғалық-әрекеттік сипаты;

  • балаға жеке тұлғаға бағытталған көзқарас, әркім үшін «сәттілік жағдайын» құру;

  • жеке тұлғаның өзін-өзі іске асыруы, өзін-өзі тануы, өзін-өзі анықтауы үшін жағдай жасау;

  • баланың сынама алу құқығын және таңдаудағы қателіктерді, өзін-өзі анықтау мүмкіндіктерін қайта қарау құқығын тану;

  • баланың жеке басының қадір-қасиетіне нұқсан келтірместен өзінің даму сатыларын көруге және осы дамуды ынталандыруға көмектесетін өзі таңдаған білім беру бағдарламасының (қызмет түрі, білім саласы маңайында) шегінде баланың алға жылжуының нәтижелілігін анықтаудың осындай құралдарын қолдану.

Осыған байланысты, сауалнама жүргізу, балалар мен ата-аналарға ауызша сауалнама жүргізу арқылы балалардың қажеттіліктері мен ынтасын зерделеу бойынша жұмыс ұйымдастырылады. Содан кейін бір жастағы және әртүрлі жастағы балалар, оның ішінде ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалар қызығушылықтары бойынша үйірмеге, секцияға, клубқа, студияға, ансамбльге, топқа, театрға және өзге де бірлестіктерге біріктіріледі. Топтардың қалыптасуы балалардың ерікті таңдауына негізделген.

Балаларға қосымша білім беруде балалардың ғылыми-техникалық шығармашылығы маңызды орын алады. Жас техниктер мектептері мен станцияларында бастапқы техникалық модельдеу, авиамодельдеу, кеме модельдеу, автомодельдеу, ракетамодельдеу, радиотехника және робототехника сияқты техникалық шығармашылық түрлері іске асырылады. Техникалық шығармашылықтың дәстүрлі түрлерін дамытумен қатар бағдарламалау, информатика және ақпараттық технологиялар, компьютерлік дизайн, компьютерлік графика, медиадизайн, жобалау-зерттеу қызметі және т.б. белсенді дамуда.



Балаларға экологиялық-биологиялық қосымша білім берудің негізін табиғатты қорғау бойынша оқу-зерттеу жұмыстарын жүргізуге, оқу-тәрбие, әдістемелік, ғылыми-зерттеу, экологиялық-насихаттау, мәдени-ағарту қызметін қамтамасыз етуге бағытталған жас натуралистер станциялары мен экологиялық-биологиялық орталықтар, мектеп үйірмелері құрайды.

Балалар туризмі мен өлкетану балалар үшін тартымды бағыт болып табылады. Республикада туристік-өлкетану білім беру қызметін жас туристер-өлкетанушылардың станциялары мен орталықтары, мектептердің, сарайлардың, балалар шығармашылығы орталықтарының туристік-өлкетану үйірмелері жүзеге асырады, онда білім алушылардың туристік-өлкетану қозғалысының әртүрлі бағдарламалары іске асырылады. Оқушылардың «Менің Отаным – Қазақстан» туристік-өлкетану экспедициясы аясында жас туристер қатысатын түрлі бағыттар бойынша жаяу, шаңғы, су, велосипед және басқа да жорықтар, экспедициялар мен экскурсиялар өткізіледі.

Көркем-эстетикалық қосымша білім беру балалар өнер мектептері мен балалар көркемөнер мектептерінде жүзеге асырылатын балалар арасындағы ең бұқаралық және танымал бағыт. Республикада балалардың қатысуымен көркем шеберлік байқаулар, көрмелер, пленэрлер өткізу жалғасуда.



Балалар музыка мектептерібалалардың бойында көркемдік-эстетикалық құндылықтарды тұтынушылардың қасиеттерін тәрбиелейтін музыкалық-эстетикалық даму, мәдени-ағартушылық және мәдени-тынығу функциясының білім беру бағдарламаларын іске асыруды жалғастырады.

Әлеуметтік-педагогикалық бағытжеке тұлғаны әлеуметтендіруге, оның ішінде баланың бос уақытын ұйымдастыруға байланысты бірқатар міндеттерді шешуге мүмкіндік береді. Мектеп мұражайлары, әскери-патриоттық клубтар, аула клубтары, демалыс орталықтары, балалар лагерлерінің әртүрлі түрлері, балалар қоғамдық ұйымдары, педагогикалық отрядтар педагогтерге патриоттық тәрбиені қамтамасыз етуге, балалардың ой-өрісін кеңейтуге, салауатты өмір салты дағдыларын дарытуға, бос уақыты мен белсенді демалысын ұйымдастыруға көмектеседі.

Балаларды қосымша білім беруге жаппай тарту, дарынды балаларды анықтау, оқушыларды кәсіби бағдарлау, әртүрлі деңгейдегі байқауларда, жарыстарда және басқа да іс-шараларда көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын дарыту мақсатында 2021-2022 оқу жылында мектепішілік, аудандық (қалалық) және облыстық деңгейлерде балалар арасында республикалық іс-шаралардың өңірлік кезеңдерін ұйымдастыру және өткізу ұсынылады:



1) дебат клубтарын құруды көздейтін «Оқушылардың дебат қозғалысы» жалпыұлттық мәдени-білім беру жобасы шеңберінде оқушылардың дебат турнирі. Дебат қозғалысына қатысу мектеп оқушыларын ел өміріне белсенді қатысуға, пайдалы бастамалардың бастамашысы бола отырып, барлық оқиғаларға үн қатуға, елдің болашағын құруға ұмтылудағы өзінің азаматтық ұстанымын айқындауға үйретеді;

2) «Театрдың ғажайып әлемі» театр өнерінің фестиваль-байқауы «Драмалық спектакль»; «Музыкалық спектакль» (опера, оперетта, мюзкл, балет, данс-спектакль және т.б.); «Әдеби-музыкалық композиция»; «Қуыршақ спектаклі»номинациялары бойынша өткізіледі. Сонымен қатар, балаларды театр өнері әлеміне тартуға, тұлғаның мәдени және рухани әлеуетін дамытуға бағытталған «Балалар және театр» ағартушылық жобасы іске асырылуда. Жоба аясында оқушылар Жас ұрпақтың адамгершілік мәдениетін қалыптастырудың ресурсы, жеке тұлғаны әлеуметтендірудің, көркемдік талғамды қалыптастырудың қуатты құралы, эстетикалық дамыған, шығармашылық тұлғаны тәрбиелеу механизмі болып табылатын театрларға барады;

3)«Ризашылық – мейірімділік бұлағы» жалпыұлттық мәдени-білім беру жобасы шеңберіндегі республикалық іс-шаралар:

- Балаларды қосымша білім беруге жаппай тарту, дарынды балаларды анықтау, оқушыларды кәсіби бағдарлау, әртүрлі деңгейдегі байқауларда, жарыстарда және басқа да іс-шараларда көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын дарыту мақсатында 2021-2022 оқу жылында мектепішілік, аудандық (қалалық) және облыстық деңгейлерде балалар арасында республикалық іс-шаралардың өңірлік кезеңдерін ұйымдастыру және өткізу ұсынылады:



1) дебат клубтарын құруды көздейтін «Оқушылардың дебат қозғалысы» жалпыұлттық мәдени-білім беру жобасы шеңберінде оқушылардың дебат турнирі;

4) «Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар және табиғат зерттеушілерінің форумы мына номинациялар бойынша өткізіледі: «Туған өлкенің тарихы» зерттеу жобаларының байқауы, «Жасыл экономика», «Денсаулық және қоршаған орта»; «Экоболашақ» экологиялық жұмыс туралы бейнероликтер; «Жасыл оазис» экодизайнерлер байқауы; «Жеңіс мамыры» панно немесе коллаждар байқауы;

5)«Алтын қазына» көркем және сәндік-қолданбалы балалар шығармашылығының көрме-байқауының номинациялары: тоқыма бұйымдарын дайындау: гобелен, кесте, батик, киіз басу, құрақ құрау; ағашты, сүйекті, теріні көркемдеп өңдеу: көлемді және жалпақ ою, ағашқа сурет салу, қайың қабығынан жасалған бұйымдар; бедерлеу (сүйектен, металдан, ағаштан); әйнекті көркемдеп өңдеу: витраж; металды көркем өңдеу: зергерлік бұйымдар, шағын пішінді мүсін, нақыштау, соғу; ағаштан, тастан, саздан (қыш балшық), сабаннан, ағаштан, тоқымадан шағын формадағы мүсіндер жасау; ұлттық ою-өрнек элементтерімен халық киімінің үлгісін жасау; қағаздан бұйымдар жасау: оригами, аппликация, квиллинг,папье-маше;

6) «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» техникалық құрастыру саласы бойынша инновациялық идеялар байқауы:

- қолданыстағы автокөлік модельдері (автобустар, жеңіл көлік, жүк көлігі, арнайы техника, жол талғамайтын көліктер және эксперименттік модельдер);

- өнеркәсіп (техникалық ойыншықтарды, оның ішінде дәстүрлі емес материалдардан жасалған станок жабдықтары, әртүрлі техникалық объектілердің модельдері және эксперименттік модельдерді қоса алғанда);

- ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтары (тракторлар, комбайндар, сепкіштер, тиегіштер, іріктегіштер, шөмелегіштер, ауыл шаруашылығы кешендерінің модельдері, эксперименттік модельдер және т.б.);

- әскери техника (танктер, зеңбіректер, бронетранспортерлер, әуе шабуылына қарсы қорғаныс құралдарының модельдері, тапаншалар, автоматтар, мылтықтардан басқа және т.б. эксперименттік модельдер);

- су көлігі (әуе кемелерінің модельдері, кемелер, яхталар, гидропландар, катерлер, қайықтар, эксперименттік модельдер және т.б.);

- құрылыс (тұрғын үйлердің, әкімшілік ғимараттар, коттедждер, кешендер, спорт ғимараттары, вокзалдар, порттар, әуеайлақтары, сауда орталықтары және т.б. макеттері);

- жылу энергетикасы, электр энергетикасы, баламалы энергетика (ядролық энергетика және жылу физикасы; баламалы және көміртекті емес энергетика; энергия үнемдейтін технологиялар; отынды өндіру және қайта өңдеу; радиоактивті қалдықтарды жою және көму технологиясы және т.б.);

- авиация: авиация техникасын әзірлеу саласындағы жобалар мен модельдер (ұшақтар, тікұшақтар, ұшқышсыз ұшу аппараттары, экраноплан, гидроұшақ, амфибиялар және т.б.);

- космонавтика және аэроғарыш техникасы: ғарыш техникасын әзірлеу саласындағы жобалар мен модельдер (зымыран жүйелері, ғарыш станциялары, спутниктер, аппараттар және т.б.), ракета құрылысы (ғарыш кемелері, зымырандар және ілеспелі техника);



7) «Ақ шағала» хореографиялық фестиваль-байқауының номинациялары: халық биі және халықтық-стильденген би (әлем халықтарының биі; қазақ иі); заманауи би (эстрадалық би, аралас би);

8) «Қазақстан балалары шексіз әлемде!» балалар киносының фестивалі: деректі (ойын емес) кино; ойын киносы; stop-motion-видео; әлеуметтік тақырыптық бағыттағы бейнеролик; анимациялық кино; музыкалық бейнебаян; телевизиялық сюжет; киножурнал; операторлық жұмыс;

9) «Менің Отаным – Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтардың слеті: «Жас өлкетанушы» іздеу-зерттеу жобалары, «Туған өлке соқпақтары»; тарих, география зерттеулерінің тұсаукесері, «Ең керемет туристік өлке» туған өлкенің объектілері; экологиялық экспедиция есебі; экологиялық соқпақ - экологиялық карта; «Аралас туризм» туристік техника мен тактика, бағдарлау, топография, алғашқы медициналық көмек көрсету, құзға шығу және құтқару жұмыстары элементтерімен кросс-жорық;

10) техникалық шығармашылық және өнертапқыштардың (әуе, зымыран, көлік және кеме құрастыру) жарысы модельдер сыныптары бойынша: радиомен басқарылатын автомодельдер, автотрассалық моделизм, әуе модельдері, кеме модельдері, зымыран модельдері;

11)Балалар музыка мектептерінің және өнер мектептерінің білім алушылары – жас музыканттардың фестиваль-байқауы қазақ және орыс халық аспаптары (домбыра, қобыз, қыл қобыз, шертер, баян, аккордеон, домра, балалайка, гитара)бөлімдері солистері мен ансамбльдері арасында өткізіледі;

12) «Мамандықтар әлемін ашамыз»форумының номинациялары: «Осындай мамандық бар» Қазақстан экономикасы мен еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша презентациялар байқауы; «Мамандықты таңдау уақыты келді» бейнеблогтар сайысы (бейне ертегілер); «Мен – мамандықтар әлемінде» әдеби байқау (эссе); «Мамандық кеше, бүгін, ертең» вайнерлер байқауы – белгілі бір мамандық бойынша әлеуметтік желілерге арналған ойын-сауық бейне мазмұны;

13) «Менің Отаныма – менің бастамам» шығармашылық жобалар байқауы номинациялары:

- «Жылулығыңмен бөліс» қарт адамдарға көмек көрсету, халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларды бейімдеу, дүлей зілзалалардың салдарын еңсеру және жазатайым оқиғалардың алдын алу туралы;



- «Туған қалаңа – игі іс» – волонтерлік жасақтар құру және дамыту, салауатты өмір салты идеяларын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту;

- «Мен – Қазақстан азаматымын» – балаларды қазақстандық қоғамның жалпыұлттық рухани-мәдени құндылықтары мен дәстүрлеріне баулу, қазақ тілін дамыту, отбасының адамгершілік негіздерін, оның тәрбиелік рөлін нығайту;

- «Медиажоба» – балалардың ақпараттық кеңістігін дамыту, әлеуметтік бағдарланған сайттарды, интернет-ресурстарды құру, білім беру, кәсіби бағдарды жобалау және т.б.;

- «Менің кіші Отаным» – руханилықтың жандануы, адамгершілікті тұлғаны және өз елінің патриотын қалыптастыру, «кіші Отанның» өткені мен бүгінін зерттеу;

- «Қазақстанның жеті кереметі» – туған жердің табиғи, тарихи және мәдени игілігі – сәулет құрылыстары мен тарихи ескерткіштері;

- «Қазақстанның 100 жаңа есімі» – Қазақстанның дамуына елеулі үлес қосқан, өмір жолы мен табысы үлгі болатын нақты адамдардың мысалдарында қоғамда табыстылық идеяларын, бәсекеге қабілеттілік қағидаттарын, прагматизм мен білімге табынуды танымал ету және ақпараттық ілгерілету;

- «Жаңару полюсі» – мәдени мұраны сақтау және жаңғырту, әр түрлі өнер түрлері арқылы шығармашылық әлеуетті дамыту;

- «Киіз үй – әлемнің үлгісі» – балаларды қазақстандық қоғамның жалпыұлттық рухани-мәдени құндылықтары мен дәстүрлеріне баулу;

14) «Жас Ұлан» әскери-спорттық ойын финалының номинациялары:

- «Соғыс жаңғырығы!» қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысына қатысуы, олардың ерліктері туралы; «Тарихи мұра» заттай және құжаттық ескерткіштер бойынша қол жетімді туған өлке тарихы туралы тарихи-іздестіру зерттеу жобаларын қорғау;

- еліміздің және кіші Отанымыздың қалыптасу тарихына өз үлесін қосқан адамдар мен оқиғалар туралы «Жауынгерлік парақ» қабырға газеттерінің байқауы;

- «Соғыс жылдарындағы әндер!» патриоттық әндер байқауы;

- «Алғашқы медициналық көмек көрсету» квиз-викторина;

- белтемірге тартылу;

- арқада жатып денені көтеру;

- «әскери техника өз қолдарымен» сәндік-қолданбалы өнер байқауы.

15) «Бояулар құпиясы» жас суретшілер байқауыжас суретшілердің көрмесін өткізуді қарастырады, номинациялары: классикалық кескіндеме, авангардтық және эксперименттік кескіндеме, «Менің Отаным – Қазақстан» (еркін тақырып), сондай-ақ, жас суретшілер байқауының номинациялары: «Коллаж», «Бояулар құпиясы», «Сүйікті кітаптың иллюстрациясы».

Республикалық іс-шаралар қосымша білім берудің түрлері мен бағыттарын танымал етуге, қосымша білім беруге балаларды жаппай тартуға ықпал етеді.

Балаларға қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарды оқу-әдістемелік қамтамасыз ету мақсатында Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының www.ziyatker.orgсайты жұмыс істейді. Сайтта «Электронды кітапхана», педагогтерге арналған «Қосымша білім және тәрбие»республикалық оқу-әдістемелік журналы», «Әдістемелік вернисаж», «Экоәлем» и «Темірқазық» балалар танымдық журналдары», «Республикалық курстар», «Республикалық іс-шаралар» бөлімдері жұмыс істейді. «Электронды кітапхана» бөлімінде білім беру бағдарламалары, әдістемелік ұсынымдар, бейнесабақтар, «Әдістемелік вернисаж» – қосымша білім беру педагогтерінің тәжірибесі жинақталып орналастырылған.



Қосымша білім беруде балалардың қызметін бағалаудың классикалық жүйесі қарастырылмаған.

Балалардың шығармашылық бастамасының болуы және даму дәрежесі, түрлі байқауларға, фестивальдерге, көрмелер мен жарыстарға қатысуы және жетістіктері, балалардың ерте кәсіби бағдарлануы, танымдық белсенділік деңгейі, басталған істі соңына дейін жеткізе білуі білім алушы нәтижелілігінің көрсеткіштері болып табылады.

Тең түпнұсқалы бағалау нысаны ретінде жинақтаушы бағалау әдістемесі немесе білім алушылардың жеке білім жетістіктерін тиімді мониторингілеуді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін портфолио технологиясы ұсынылады.

Сабақтан тыс жұмыстарды пән педагогтері, сынып жетекшілері, тәрбиешілер, ұйымдастырушы-педагогтер, қосымша білім беру педагогтері, бейіні (инженер, эколог, музыкант, хореограф және т.б.) бойынша мамандар жүзеге асырады.

Үлкен ресурстық әлеуеті – кеңейтілген штаты бар мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарының педагогтері икемді кесте бойынша қызығушылықтар бойынша сабақтарды қашықтан, педагогтердің мектепке шығуы, балалардың мектептен тыс ұйымға шығуы арқылы өткізеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   159




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет