9 БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ ЖЕТІСТІГІН Бағалау жүйесі
2021-2022 оқу жылында критериалды бағалау жүйесі 2-11-сыныптарда жүзеге асырылады.
Критериалды бағалау білім алушылардың өз оқу іс-әрекетін бақылауға және кең ауқымдағы дағдыларды қалыптастыру бойынша оқыту процесінде туындайтын қиындықтардың себептерін белгілеуге және жоюға мүмкіндік береді.
Әрбір сабақта білім алушыларды уақытылы қолдау, оқудағы ілгерілеу мақсатында бағалау элементтерін пайдалану, ата-аналарды оқыту нәтижелері бойынша хабардар ету ұсынылады. Бағалау балаларды оқуға ынталандыруға, білімдегі олқылықтарды анықтауға және олардың оқу жетістіктерін көрсетуге бағытталған.
Критериалды бағалау білім алушылардың дадысының даму деңгейін бағалауға мүмкіндік береді. Әрбір сабақ оқу мақсатын және оларға қол жеткізу критерийлерін айтып/көрсетуден басталуы тиіс. Білім алушы қойылған оқу мақсатын ұғынуы керек және оған қалай жетуге болатынын түсінуі керек.
Критериалды бағалау технологиясы білім алушылардың жетістіктерін нақты анықталған, алдын ала белгілі өлшемдермен салыстыруға негізделген, оқу материалының қаншалықты табысты игерілгендігін, практикалық дағды қалыптасқанын анықтауға мүмкіндік береді.
Педагог, ата-аналар және білім алушыларға көмек ретінде әзірленген нормативтік құқықтық актілерге және әдістемелік материалдарға сәйкес бағалауды жүргізуі тиіс:
- «Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығы (2020 жылғы 28 тамыздағы өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес);
- Білім беру мазмұнын жаңарту аясында орта мектеп үшін критериалды бағалау және құжаттау процедуралары бойынша нұсқаулық;
- Бастауыш мектеп мұғалімдері үшін критериалды бағалау бойынша басшылық;
- Негізгі және жалпы орта мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша басшылық: оқу-әдістемелік құрал;
- сыныптар, пәндер және тілдер бойынша формативті бағалау бойынша тапсырмалар жинағы;
- сыныптар, пәндер және тілдер бойынша жиынтық бағалау бойынша тапсырмалар жинағы;
- сыныптар, пәндер және тілдер бойынша формативті бағалау бойынша тапсырмалар жинағы;
Әдістемелік әзірлемелерді мына сайттардан табуға болады: nao.kz, smk.edu.kz
Білім алушылардың жетістігін бақылау электрондық журналда, электрондық журнал болмаған жағдайда қағаз журналда жүргізілдеді.
|
«Білім алушылардың үлгерімін, аралық және қорытынды аттестаттаудың үлгілік ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына сәйкес бағалау өткізіледі. Бірінші тоқсанда педагогтер 2-11 сыныптарда бөлімге (бұдан әрі – БЖБ) 1 жиынтық жұмыс және тоқсанға (бұдан әрі – ТЖБ) 1 жиынтық жұмыс өткізеді.
БЖБ-ны 2-11-сыныптарда 2020 жылдың 5-15 қазан аралығында, ТЖБ-ны 2-11-сыныптарда 2020 жылдың 28 қазанынан бастап өткізу ұсынылады.
БЖБ және ТЖБ өткізілетін пәндер мектептің жұмыс оқу жоспарына сәйкес анықталады.
|
Әдістемелік ұсынымдарда 2-11-сыныптарда БЖБ мен ТЖБ өткізілетін пәндердің саны мен атауларын көрсететін кестелер бар (8-қосымша)
1-сыныпта бағалау жүргізілмейді.
Tабиғи және техногендік, әлеуметтік, карантиндік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде формативті бағалау үшін орташа балл есепке алынады, ол журналдың жеке бағанына қойылады. Формативті бағалау үшін ең жоғары балл 2-11-сыныптарда 10 балдан аспауы тиіс. Кері байланыс беру үшін электронды журналдың рубрикаторларын пайдаланады.
Мұғалімге қалыптастырушы бағалауды әр сабақта өткізу міндетті емес. Мұғалім орындалған жұмыс көлемін, оқу тапсырмаларын ескере отырып, білім алушылардың оқу жетістіктері үшін балл қою кезеңділігін дербес анықтайды.
1) «Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына сәйкес жиынтық бағалауды өткізу кезінде қойылатын талаптарды басшылыққа алады: 13, 14, 14.1-14.3, 14.5, 14.7, 14.8, 14-9, 15-18, 21-26, 29-тармақтар және тармақшалар;
2) «Өзін-өзі тану», «Көркем еңбек», «Музыка», «Дене шынықтыру», «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері», «Графика және жобалау», «Қоғам және дін» оқу пәндері бойынша жиынтық бағалауды өткізбейді;
3) жиынтық жұмыстың нақты берілген күнін көрсетеді.
Мұғалім оқу бағдарламасына сәйкес, бірінші тоқсанда өткен оқу материалының мазмұны бойынша жиынтық жұмыстардың (бұдан әрі – БЖБ, ТЖБ) тапсырмаларын әзірлейді.
Мұғалім БЖБ және ТЖБ тапсырмаларының техникалық спецификациясы негізінде 2-11-сыныптарға арналған жиынтық жұмыс тапсырмаларын құрастырады. БЖБ және ТЖБ жауаптарын есептен шығарудың алдын алу мақсатында мүмкіндігінше шығармашылық сипаттағы тапсырмалар, практикалық тапсырмалар, жобалар, эссе және т.б. беру ұсынылады.
Үйде оқитын, ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалар үшін мұғалім оқу жүктемесін және олар оқыған оқу материалдарын ескере отырып жеке тапсырмалар әзірлейді.
Достарыңызбен бөлісу: |