«2021-2022 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы»



бет42/159
Дата30.01.2022
өлшемі1,13 Mb.
#116355
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   159
Байланысты:
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ ХАТ 2021-2022 (1)

Сыныптар

Тілдік деңгейлер

1-сынып

А1 working towards (А1 деңгейі бағытындағы жұмыс)

2-сынып

А1 low (төмен)

3-сынып

А1 mid (орташа)

4-сынып

А1 high (жоғары)

Оқу бағдарламасының мазмұны жалпы тақырыптар аясында қарым-қатынас жасау үшін білім алушылардың бойында базалық коммуникативтік дағдыларды қалыптастыру мен дамытуды көздейді. Бағдарламаның лексика-грамматикалық мазмұндалуы қарапайымнан күрделіге қарай қағидаты бойынша жүргізілген; сызықтық принцип «шиыршық» принципіне ауысқан – білім мен біліктің бірте-бірте тігінен де, көлденеңінен де ұлғаюы (дағдылардың тақырыптар және сыныптар бойынша күрделенуі).

Бастауыш білім беру деңгейінің 1-4-сыныптарына арналған «Ағылшын тілі» пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы ұзақ мерзімді жоспарға сәйкес жүзеге асырылады. Ұзақ мерзімді жоспардың негізгі құрылымдық бірліктері:


  1. тақырыптық бөлімдер;

  2. оқу мақсаттары.

Ұзақ мерзімді жоспарда білім беруді дамытудың жалпы қағидаттары (дамыту тұжырымдамасы), басты бағыты мен бағдарламалары, алға қойылған білім беру мақсаттарына қол жеткізуді қамтамасыз ететін маңызды іс-әрекеттерді жүзеге асырудың мазмұны және орындалу реті көрсетіледі.

Ұзақ мерзімді жоспар бір оқу жылына арналған оқу мақсаттарын қамтиды. ҰМЖ-да бөлімдерді және тақырыптарды меңгеруге жұмсалатын сағат сандары көрсетілмеген. Бөлімшелердің арасында сағат санын бөлуді, ұзақ мерзімді жоспарға сәйкес күнтізбелік-тақырыптық жоспарды педагог дербес түрде немесе педагогтер ұжымы бірлесіп әзірлейді. Әзірленген күнтізбелік-тақырыптық жоспар мектептің пән бойынша әдістемелік бірлестік отырысында қарастырылып, бекітіледі.

Жаңартылған оқу бағдарламаларының ерекшеліктерінің бірі – олардың икемділігі және әмбебаптығы болып табылады. Ұзақ мерзімді жоспар ағылшын тілі мұғалімдеріне:


  1. тоқсан және тиісті бөлім шеңберінде тақырыптарды немесе оқу мақсаттарын зерделеу тәртібін өздері дербес түрде айқындауға;

  2. білім алушылардың жеке басының ерекшеліктерін және үлгерім деңгейлерін ескере отырып, тапсырмалардың түрлерін өзгерте және оларды түрлендіре алуына;

  3. бірнеше оқу мақсатына жетуге бағытталған тапсырмаларды әзірлеуге мүмкіндік береді.

Осыған байланысты ағылшын тілі мұғаліміне оқу бағдарламасының мазмұнын құруға негіз болған оқу материалын спираль (шиыршық) тәрізді орналастыру принципін, сонымен қатар сыныптар және тоқсандар бойынша ұсынылған пәнаралық ортақ тақырыптарды зерттеу арқылы пән мазмұнын құрылымдауды ескеру қажет. Мысалы, бірінші сыныптың білім алушысы «family» ұғымының мағынасын өзі түсініп, оны түсіндіре алып, отбасының басқа мүшелеріне қатысты туыстық қатынастар жүйесіндегі орнын анықтауы керек. Ал екінші сыныпта ол отбасылық мұрағат материалдарының негізінде отбасы мүшелерінің ауызша портретін жасайды.

Бастауыш мектептің оқу бағдарламаларының мазмұны нақты өмірмен тығыз байланысты, тәжірибе және бақылау негізінде білім алушылардың тілді меңгеруге деген қызығушылығын тудыруға бағытталған, олардың бойында ақпаратпен жұмыс істеу және өз көзқарасын білдіру сияқты қасиеттерді дамытуға ықпал етеді.

1-2-сынып білім алушылары үшін «Патриотизм», «Құндылықтар жүйесі» сияқты ұғымдар абстрактілі сипатқа ие, салыстырмалы түрде «Менің отбасым және достарым», «Қоршаған орта», «Саяхат», «Салт-дәстүр және фольклор» тақырыптары оларға жақын және түсінікті болып келеді. Білім алушылардың өз отбасы, үйі, ата-анаға деген махаббаты, достық туралы әңгімелері; кезкелген қадам туған үйден басталатынын түсінуі оның отбасы, қоғам мүшесі ретінде өзін-өзі тануына ықпал етеді.

Сондықтан да, жаңартылған үлгілік оқу бағдарламаларында ортақ тақырыптар қарастырылады (13-кесте).


13-кесте. «Қазақ тілі» (Т2), «Орыс тілі» (Я2), «Ағылшын тілі»,«Неміс тілі», «Француз тілі» оқу пәндері бойынша ортақ тақырыптар (1-сынып)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   159




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет