2021ж «Пиза халықаралық зерттеуіне математика пәнінен дайындық жоспары»



бет6/11
Дата14.09.2022
өлшемі0,81 Mb.
#149480
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
PISA математика

Бағалау шкаласы:
«5» - 17 - 20 балл (100%-89%)
«4» - 14 - 16 балл (75%-88%)
«3» - 12 - 13 балл (61%-74%)
«2» - 0 - 11 балл (60%-дан төмен)
Критериалды бағалаудың пайдасы: нақтылық, әділдік, ынталандыру, белсенділік, жеке тұлға ретінде қалыптастыруға маңыздылығы зор. Бұндай бағалаудан мынадай нәтиже күтуге болады.
Күтілетін нәтижелер ;
- бағдарлама мен оқулықтағы білім негіздерін оқытып, үйрету;
- оқу қорытындысын, білім бағытын және мазмұнын жетілдіру;
- оқушының білімін обьективті түрде айқындау, бағалау; оқушылардың оқудағы жетістіктерін - объективті бағалау; әр оқушының қабілетін ескере отырып даму траекториясын анықтау;
- оқытудағы күтілетін нәтижеге қол жеткізу үшін оқушылардың білік дағдыларын дамытуға ынталандыру;
- оқыту сапасын жақсарту;
- оқу үдерісін ұйымдастырудағы ерекшеліктер мен оқу материалын сапалы меңгеруін
анықтау үшін мұғалімнің, оқушы мен ата-ананың арасындағы кері байланысты
қамтамасыз ету жүйесін әзірлеу.
Критериалды бағалау бүгінгі білім беру жүйесінде зор маңызға ие. Өйткені қазір оқушылардың білімділігі ғана басты рөлде емес, басты рөлде оқушының құзіреттілігін, оның жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту, қоршаған ортамен дұрыс қарым-қатынасу, өзін-өзі дамыту, өзіндік білімін көтеру сияқты мақсаттар қойылған. Критериалды бағалау бұл мақсаттар мен міндеттердің барлық талаптарына сай орайластырылған.
МЕКТЕПКЕ МАТЕМАТИКА ПӘНІНЕН PISA ТАПСЫРМАЛАРЫ
Интернетпен байланыс
Марк (Австралиядағы Сиднейден) және Ганс (Германияның Берленинен) бір-бірімен Интернет арқылы хабарласып тұрады. Олар интернет арқылы дұрыстап сөйлесу үшін екеуі бірдей уақытта шығуы тиіс.Сөйлесуге тиімді уақытты анықтау үшін, жер шарының әр түрлі бөліктеріндегі уақыттар көрсетілген кестені Марк көріп, Марк мынандай хабарлама тапты:


Гринвич 24.00 (түн ортасы) Берлин 1.00 Сидней 10.00




1- сұрақ
Сиднейде 19.00 болғанда Берлинде қандай уақыт болады?
Жауабы: Азанғы 10 немесе 10.00


2-сұрақ
Марк пен Ганс жергілікті 9.00 ден 16.30 аралығында мектепте болғандықтан бір-бірімен хабарласа алмайды. Сонымен бірге олар 23.00 мен 7.00 аралығында хабаласа алмайды себебі бұл кезде ұйқыда болады. Олар асықпай сөйлесу үшін қандай уақыт тиімді болады?
Кестеде әрбір қаланың жергілікті уақытын көрсетіңдер.



Қала


уақыт


Сидней





Берлин









Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет