Критериалдыбағалау- бұл білім берудің мақсаты мен мазмұнына негізделген оқушының оқу- танымдық құзырлығын қалыптастыруда алдын-ала белгіленген жетістіктермен салыстыру үдерісі .
Бағалау-одан арғы оқу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин. «Бағалау» термині «жақын отыру» латын тіліндегі мағынада-бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзін-өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін немесе тәртібін мұқият бақылауы болып табылады.
Критериалды оқытудың маңыздылығы: 1) Мұғалім үшін: Әрбір оқушының өзгешелігін ескере отыра жеке білім алу траекториясын құру.
2) Оқушы үшін: Берілген бағалау критерийлерін түсіну, қолдану, жұмысын бағалай білуі.
3) Ата-ана үшін: Баланың білім алуындағы өсу деңгейін қадағалауы.
Критериалды бағалау жүйесін қолдану Критериалды бағалау жүйесі бұрынғы бағалауға қарағанда қалыптастырушы және жиынтық бағалаумен ерекшеленеді. Қалыптастырушы бағалау оқытуды, әдістерді және осы мүмкіндіктерді іске асыру түрлерін жақсарту мүмкіндіктерін анықтауға бағытталған болса, жиынтық бағалау мақсатты баға қою және сертификаттау болады.
- Оқушының тұлғалық бағытын белсенді позициясына бағыттау;
- Тұлғаны өзіндік жауапкершілікке, тұғырлы нәтижеге, бағытқа жеткізуге қол жеткіземіз. Әртүрлі жұмыстардан алған бағаларды диференциалдауға болады (Өздік жұмысы, күнделікті баға, үй жұмысы т.б).
- Қалыптастырушы бағалау мен нақтылы бағалаулар арқылы оқушының еңбегін анықтау және ең соңғы оқушының бағалау жүйесіне толық қанағаттануын алу. Критериалдық жүйе қолданысында білім алушының оқудағы жетістіктерін тексеру үшін бағалаудың келесі түрлері мен формалары қарастырылған.
- Қалыптастырушы бағалау (күнделікті):
- Оқушының күнделікті білім алуының сапасы;
- Күнделікті жұмыс жасау;
- Білім алуда күнделікті олқылықтарды түзеу;
- Қорытынды бағалауда есепке алынбауы.