2021ж «Пиза халықаралық зерттеуіне математика пәнінен дайындық жоспары»



бет1/11
Дата14.09.2022
өлшемі0,81 Mb.
#149480
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
PISA математика
ПРАКТИЧЕСКАЯ РАБОТА10, 150, Ашық сабақ Рационал көрсеткішті дәреже (10сынып)

«Бекітемін»
Мектеп директоры: .................................С.Сансызбаев
« » ........................ 2021ж


«Пиза халықаралық зерттеуіне математика пәнінен дайындық жоспары»


Пән мұғалімі: Өмірзақова Қ.Ж

2021 – 2022 оқу жылы

PISA зерттеуінде математика бойынша жеке ойлау қабілеттеріне бағытталған тест тапсырмаларының мазмұнына ерекше көңіл бөлінеді. Ол математикалық ойлаудан және құбылыстарды сипаттауға, түсіндіруге және болжау үшін математикалық тұжырымдамаларды, рәсімдерді, айғақтарды және құбылысты қолданудан тұрады. PISA тестісіндегі математикалық тапсырмалар сонымен бірге, оқушыларға математиканың олардың өмiрiнде қандай рөл атқаратынын түсінуге көмектеседi. PISA тестісіндегі математикалық тапсырмалар оқушыларға сандық, кеңістік, ықтимал болатын және басқада математикалық тұжырымдамалары бар математикалық мәселелерді талдауға, ойластыруға, шешуге және түсінік беруге мүмкіндік туғызады. Сонымен, PISA зерттеуінде 15-жастағы оқушылардың күнделiктi өмiрде туындайтын көптеген мәселелердi шешу үшiн алған білім және біліктілік қабілеттерін анықтау және бұл қабiлеттiлiктiң даму тенденцияларын айқындау басым сипатта болып табылады. 15- жастағы оқушылардың математикалық дайындықтарын тексеру мазмұны математикалық сауаттылық түсінігіне негізделген, ол «адамның өмір сүретін әлемде математиканың рөлін анықтау және түсіну қабілеті, жақсы қисынды математикалық пікірлерді айту, қазір және келешекте мүдделi, саналы азамат жасайтын қажеттiлігін қанағаттандыру үшін математиканы қолдана білу» деген түсінікті береді.


Математикалық сауаттылық деген ұғымға оқушылардың келесі қабiлеттiлiктері жатады:
• қоршаған ақиқат ортада пайда болатын және математика арқылы шешiле алатын мәселелерді тани білу;
• бұл мәселелерді математика тiлiнде құрастыру;
• бұл мәселелердi математикалық айғақтар мен әдiстерді қолдана отырып шешу;
• шешiмдерде қолданылған әдiстерді талдау;
• қойылған мәселелерді есепке ала отырып нәтижелерді түсiндiру;
• шешiмдердің нәтижелерiн құрастырып жазу.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет