Математикалық сауаттылықты сипаттайтын аспектiлердiң бiрi - математикалық құзырлықтар – математикалық ойлауды, жазбаша және ауызша математикалық дәлелдемелердi, математикалық проблемалардың қойылымын және шешiмiн, математикалық моделдеудi, математикалық тiлдi пайдалануды, коммуникативтік біліктерді (ауызша және жазбаша математикалық тілге қатысты), қазiргi техникалық құралдарды (түрлі аспаптарды, компьютерді және т.б. ақпараттық технологияларға қатысты басқа да техникалық құралдарды) пайдалануды қамтитын барынша жалпы математикалық қабiлеттiлiктер мен бiлiктер. Осы анықтаманың мазмұнына үңілсек, математикалық құзырлылық «Информатика» оқу пәнінің де, математикалық тіл ерекше байқалатын «Математика» оқу пәнінің де объектілерін қамтитынын көруге болады. Біздің пікірімізше, мәселенің осылайша қойылуы математика мен информатика оқу пәндеріні қарастыратын объектілерін жақындастыратын сияқты. Мұндай жақындастыру мектепте математиканы оқытуға бөлінетін сағат санының азаюына алып келді.
Қазақстанның мектеп оқушылары тұрақты негізде PISA (Programme for International Student Assessment) оқушыларының білім алу жетістіктерін бағалау бойынша халықаралық бағдарламаға қатысады. PISA халықаралық зерттеу мақсаты – жалпы орта, техникалық және кәсіптік, сонымен қатар орта білімнен кейінгі білімді ұйымдастыруда 15-16 жастағы оқушылардың математикалық сауаттылығын және мәнерлеп оқу мен жаратылыстану саласында сауаттылығын бағалау. Осы оқушыларды таңдау, көптеген елдерде осы жасқа қарай мектептегі міндетті білім беру аяқталатынымен түсіндіріледі және түрлі елдердің білім беру бағдарламасында ортақтық көп. Нақ осы білім беру кезеңінде оқушыларға болашақта пайдалы болуы мүмкін білім мен машықтардың жағдайын анықтау, сонымен қатар оқушылардың жаңа әлемге лайықты бейімделуге қажетті өз бетінше білім алу қабілеттерін бағалау маңызды.