2022-2023 ОҚу жылында қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында



Pdf көрінісі
бет59/181
Дата05.10.2023
өлшемі3,39 Mb.
#183834
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   181
Байланысты:
2022-2023-оқу-жылының-ӘНХ

 «Қазақ тілі» пәнінің оқу жүктемесі төмендетілген үлгілік оқу 
бағдарламасының ерекшеліктері 
Оқу жүктемесі төмендетілген үлгілік оқу жоспары негізінде 7-сыныпқа 
«Қазақ тілі» оқу пәнінен әзірленген негізгі Үлгілік оқу бағдарламасында
берілген бөлім тақырыптары толығымен сақталған. Айырмашылығы: ұзақ 
мерзімді жоспардағы жыл бойына бірнеше рет қайталанып келетін оқыту 
мақсаттары қысқартылған. Яғни, 7-сыныпта оқу мақсаттары жеңілдетіп 
берілген. Кейбір оқу мақсаттарына түсініктеме ретінде ұсынымдар беріліп, оқу 
мақсаттарына өзгерістер енгізілген. 
«Қазақ тілі» пәнінен оқу процесін ұйымдастырудағы әдістемелік 
ерекшеліктер: 
-
оқыту мақсаттары арқылы білім алушылардың тыңдалым және 
айтылым, оқылым, жазылым әрекеттері жүзеге асырыла отырып, олардың 
коммуникативтік қарым-қатынас дағдысы қалыптасады, сыныпты аяқтағанда 
күтілетін нәтижеге қол жеткізуге бағытталады; 
-
қысқа мерзімді жоспар құрылу барысында сөйлесім әрекетінің бір-екі 
түрі басшылыққа алынады, бір сабақта бірнеше сөйлесім әрекетін басшылыққа
алу сабақты мақсатына жеткізбейді; 
-
мұғалім бір сабақ барысында бірнеше оқу мақсаттарының ішінен 
тақырыпқа қатыстыларын таңдап алуға құқылы; 
-
үлгілік оқу бағдарламасы білім алушының жас ерекшелігіне сай 
функционалдық сауаттылығын арттыруға, сыни тұрғыдан ойлау дағдысын 
дамытуға бағытталған. Мысалы: оқылым әрекеті бойынша «Мәтіннің стильдік 
ерекшелігін тану» оқу мақсатын жүзеге асыру үшін 5-сынып оқушылары ауызекі 
сөйлеу және жазба стильдегі мәтіндердің айырмашылықтарын таныса, одан 
жоғары сыныптарда әртүрлі стильдегі мәтіндердің тілдік құралдарын 
анықтайды. Оқу мақсаттарын жүйелі түрде жүзеге асырудың нәтижесінде 
оқушылардың мәтінді талдау дағдысы қалыптасады; 
-
грамматика өмірмен байланыстырыла мәтін талдау барысында 
оқытылады; 
-
грамматикалық 
бірліктердің 
мәтін 
құруға 
қатысуда 
қандай 
функционалдық қызмет атқаратындығын білім алушы өзі жұмыс жасау 
барысында анықтап, меңгереді. 
Қазақстанның білім жүйесіне 2009 жылдан бастап үш жылда бір рет 
өткізіліп отыратын PISA халықаралық зерттеуі кірді. PISA-ның негізгі 
бағыттарының бірі – оқу сауаттылығын анықтау. Онда оқу техникасы мен мәтiн 
мазмұны ғана емес, оқу барысында меңгерген білімдері мен дағдыларын өмірде, 
практикада қолдана білу қабілеттері бағаланады.
Негізгі орта білім беру деңгейіне арналған «Қазақ тілі» пәнінің үлгілік оқу 
бағдарламасындағы білім мазмұны бойынша оқушы мен мұғалім арасындағы 
қарым-қатынас субъект-субъектілік қарым-қатынасқа құрылады. Мұғалім 
кеңесші, бағыт беруші, бағыттаушылық қызмет атқарса, оқушы ізденуші, 


102 
зерттеуші қызметін атқарады. Сол арқылы алған білімі тиянақты болады. Себебі, 
білім алушы өз қолымен, ізденуімен жасаған жұмысын ұмытпайды, өмірде 
қолдануға да, басқаға үйретуге де бейім болады. Бұл білім алушыны сыни 
тұрғыдан ойланып, әрекет етуіне, функционалдық сауаттылығының 
қалыптасуына зор ықпалын тигізеді. 
Оқу процесінде білім алушының ынтасын, қызығушылығын арттыруға 
бағыттайтын оқытудың түрлі формалары ұсынылады: 
Оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін дамыту үшін жүргізілетін 
жұмыс түрлері төмендегідей: 
• Сұрақ – жауап (мұғалім мен оқушылар) 
• Диалог (оқушы мен оқушы, мұғалім мен оқушы) 
• Қатысым (мұғалім мен оқушылар, оқушы мен оқушы, мұғалім мен 
оқушы) 
• Жазылым (тақырыпқа байланысты мәтінмен жұмыс) 
Коммуникативтік құзыреттілік жеке тұлғаның рухани өсуін, адамдардың 
бір-бірімен қарым-қатынас жасай білу мәдениетін қалыптастырады. 
Коммуникативтік құзыреттілігі қалыптасқан білім алушы алдына нақты мақсат 
қоятын, анық та дұрыс сөйлей білетін, өз ойын жарыққа еркін шығара алатын, 
өзгені қызығушылықпен тыңдай алатын жеке тұлға болып қалыптасады. 
Жоғарыда көрсетілген жұмыс түрлері коммуникативтік құзыреттілікті 
меңгертудің алғышарты болып табылады. Себебі, бұл жұмыс түрлерін 
мұғалім әр сабақта қолдана алады. Коммуникативтік құзыреттілікті дамыту 
үшін жүргізілетін жұмыстар білім алушының сөйлеу тілін дұрыс меңгеруіне, 
қатысым және жазылым қарым-қатынасын қалыптастыруға ерекше ықпал 
ететінін көруге болады. Коммуникативтік құзыреттілігі қалыптасқан білім 
алушы өз қатарларымен, өзге де жастағы адамдармен қарым-қатынаста белгілі 
бір ақпаратты жеткізіп қана қоймай, өз ойын түсіндіре, олардың пікірін ұға, 
түсіне білетін болады.
Диалогтік әдісті қолдану білім алушылардың сұрақтарды, өтінішті, 
таңдануды, бұйыруды қолданып, бір-бірімен әңгімелесе білуге, мәліметтерді 
нақтылауды сұрауға, келіспеушілік, толықтыру, тілдік материал көлемінде өзара 
пікір алыса білуге дағдыландырады. Топ арасында талқылау жүзеге асады. Әр 
топ өз пікірін айтып, дәлелдеме жасайды. Сыныпта талқылауға қатысу 
оқушының бәсекеге қабілетін арттырып, өз дәлелін қорғауға, мәселеге сыни 
тұрғыдан қарауға (1. Пікірталастық әңгіме; 2. Топтық әңгіме; 3. Зерттеушілік 
әңгіме.) үйренеді. Диалогтің өзі сабақ өту кезінде әр түрлі әдіс арқылы жүзеге 
асады. Мысалы: сұрақ-жауап, рөлдік, тапсырманы орындату, жұптық жұмыс,
диалогтік мәтінді оқу. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   181




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет