Шара Жиенқұлованың 110 жылдығы Шара Баймолдақызы Жиенқұлова – 1912 жылы 18 шілдеде Алматы қаласында туған биші, педагог. Өнер жолын Қазақ драма театрынан бастаған. Тұңғыш ойнаған рөлі – Бейімбет Майлиннің "Майдан" пьесасындағы Пүліш образы. Содан кейін Мұхтар Әуезовтің "Еңлік-Кебек", "Қарагөзінде" басты рөлді сомдады.
1934 жылы қазіргі Қазақ опера және балет театрына ауысты. Мұнда Мұхтар Әуезовтің "Айман-Шолпан" музыкалық драмасында, Евгений Брусиловскийдің "Қыз Жібек", "Жалбыр" және "Ер Тарғын" операларында ұлттық билерді орындады.
1938 жылы Мәскеуде өкен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігінде қазақтың тұңғыш ұлттық балеті "Қалқаман – Мамырда" Мамырдың партиясын орындады.
1938 жылы "Амангелді" фильмінде Балымның рөлін сомдады.
Шара Жиенқұлова 1968 жылы Қазақстан мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды. Биші 1991 жылы 21 мамырда Алматыда 78 жасында өмірден өтті.