2022 жылғы атаулы күндер мен мерейтойлар Қаз дауысты Қазыбек бидің туғанына 355 жыл


Әзілхан Нұршайықовтың туғанына 100 жыл



бет8/8
Дата04.02.2022
өлшемі37,27 Kb.
#130690
1   2   3   4   5   6   7   8
Әзілхан Нұршайықовтың туғанына 100 жыл
Әзілхан Нұршайықов 1922 жылы 15 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Ақбұзау ауылында туған. Жазушы 1941-1945 жылдары Қызыл әскер қатарында соғысқа қатысты. Өлеңдері мен әңгіме, очерктері майдан кезінде республикалық, облыстық газеттерде басылды. Соғыстан кейін Қазақ мемлекеттік университетін 1949 жылы бітірді.
1953-1979 жылдары қазіргі "Ұлан" газетінің бөлім меңгерушісі, қазіргі "Егемен Қазақстан" газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары болған.
Журналистік қызметпен қатар әдеби жұмыспен айналысты. Жазушының шығармашылық стилі біртіндеп қалыптасып, көзі тірісінде 40-тан астам кітап шығарды. Оның ішінде "Алыстағы ауданда" (1956 жылы), "Тың астығы" (1958 жылы), "Ертіс жағасында" (1959 жылы), "Жомарт өлке" (1960 жылы), "Махаббат жыры" (1964 жылы), "Махаббат қызық мол жылдар" (1970 жылы), "Ақиқат пен аңыз" (1976 жылы), "Екі естелік" (1985 жылы), "Өмір өрнектері", "Қаламгер және оның достары" (2000 жылы), "Мәңгілік махаббат жыры" (2005 жылы) еңбектері бар.
Әзілхан Нұршайықов шығармашылықтағы көп жылғы жемісті еңбегі үшін ІІІ дәрежелі Даңқ ордені, ІІ дәрежелі "Отан соғысы" ордені (1944 жылы), "Құрмет белгісі" (1956 жылы), "Халықтар" (1984 жылы), "Парасат" (2005 жылы), "Отан" (2010 жылы) ордендерімен, "Ерен Еңбегі үшін" (1943 жылы), секілді медальдармен марапатталды.
1980 жылы Абай атындағы мемлекеттік сыйлық, 1990 жылы Қазақ КСР халық жазушысы атағы берілді.
Өмірінің соңына дейін Әзілхан Нұршайықов қоғамдық өмірге, шығармашылық кештерге, оқырмандармен кездесуге белсене қатысты. Ол 88 жасында Семейде өткен Азиада алауының эстафетасына қатысып, жолдың бір бөлігін алау ұстап жүгіріп өтті.
Әзілхан Нұршайықов 2011 жылы 12 ақпанда қайтыс болды.
Роза Бағланованың 100 жылдығы
Күміскөмей әнші, Халық Қаһарманы, "Тарлан" сыйлығының иегері, шетелдіктердің өзі қазақтың қызғалдақ гүліне теңеген ерекше жаратылыстағы сұлу Роза Бағланова 1922 жылдың 1 қаңтарында Қызылорда облысы Қазалы қаласында дүниеге келген.
Мектеп бітірген соң, 1939 жылы Роза Қызылорда педагогика институтына түседі, бірақ кенеттен әкесі қайтыс болып, туыстарды жағалап, тұрмыстық жағдайға байланысты сол жылы Ташкент тоқыма институтына ауысады. Әншінің бойжеткен шағы ашаршылық пен аласапыран жылдарға дөп келеді. Ташкентте жүргенде оның ерекше дауысы бірден көзге түседі.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет