2022 жылы Қазақстанның білім беру саласында не өзгереді?



Дата13.09.2022
өлшемі408,91 Kb.
#149402
Байланысты:
Бекмуханбетова Мадина, аннотация



Бекмуханбетова Мадина
2022 жылы Қазақстанның білім беру саласында не өзгереді?” мақаласына аннотация
Өзектілігі: Бұл мақалада 2022 жылы Қазақстанның білім беру саласында болатын өзгерістер, сонымен қатар 2025 жылға дейін жасалуы тиіс бірқатар іс-әрекеттер сипатталады. Мақалада ҚазАқпарат тілшісі Венера Жоламанқызының атап айтқан 5 міндеті жазылады.


Мәселенамасы: Мақаланы оқуға кеңес беремін, себебі бұл мақалада 2025 жылға дейін 5000 мектепті жаңарту, 15 өңірлік және 5 педагогикалық ЖОО ашу туралы, ЖОО-ға шет елден 200 сарапшыларды алып келіп, жетік дамыған техникалардың көмегімен оқушыларды оқытып, еліміздің білім саласын жақсарту жолдары жазылады.


Шешімі: Білім саласын жақсартудағы мәселенің шешімінің бірі ретінде мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған ұйымдардың жұмыс істеу нормативін арттыру көзделді.


Нәтижесі: Ұлттық жобада мектепке дейінгі тәрбие, орта білім, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жолдары атап көрсетіледі. Сондай-ақ, жобаны іске асыру мектептердің жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.


Қорытынды: Мақалада білім беру саласындағы басты міндеттер сипатталып, оның қалай жүзеге асатындығы суреттеледі. Сонымен қатар 2021-2022 жыл аралығындағы білім беру жүйесінің ерекшеліктері қорытындыланады.
Мақала 2022 жылы 4 қаңтар жарияланған.







Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет