2023ж. «Терапия» кафедрасы


Аудиториялық сабақтың жоспары №15



бет3/4
Дата17.12.2023
өлшемі28,39 Kb.
#197437
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
ашық сабақ Жания

Аудиториялық сабақтың жоспары №15


Ұйымдастыру кезеңі 5 минут
Сәлемдесу. Аудиторияның және білім алушылардың сабаққа дайындығын тексеру.


Үй тапсырамасын тексеру кезеңі 20 минут
Үй тапсырмасы бойынша берілген тақырыптың конспектісін тексеру, үй тапсырмасын «Сандар сөйлейді» әдісі арқылы тексеру.
1 билет: Иісті газдармен улану кезінде алғашқы көмек көрсету.
2 билет: Иісті газдармен улану белгілері.
3 билет: Фосфорорганикалық қосылыстармен улану дәрежелері.
4 билет: Қышқылдармен улану кезінде алғашқы көмек көрсету.
5 билет: Сілтілермен улану кезіндегі жедел көмек көрсету.
6 билет: Сілтілермен улану асқынулары.
7 билет: Улы газдардың пайда болу себептері.


Жаңа материалды түсіндіру кезеңі 30 минут

  • Эпилепсия- әр түрлі себептерден пайда болып, ара-тұра бәсеңдейтін, нейрондардың қозуы әсерінен қайталана беретін мидың құрыспалы ұстамалы созылмалы ауруы. Ми негізі майда майда клеткалардан, яғни нейрондардан тұрады. Нейрондар ынталандырушы, тежегіш болады. Бір нейрон ынталандырса, бір нейрон ынталанған нейронды тежеп отырады, осы эпилепсия кезінде ынталандырушы нейронның жұмысы артады, ал тежегіш нейрон жұмысы әлсіз болады. Сондықтан эпилепсия ұстамасы кезінде бүткіл ағзада тырысу немесе ауыздан көбік шығуы, аяқ-қолдарында әр түрлі селкілдеу сияқты белгілер, естен тану болады. Осы белгілер эпи ошақтан пайда болады.

  • Эпилепсия ұстамасы негізі 4себептен пайда болады:

- генетикалық (ата-анасында, туысқандарында эпилепсия болса міндетті түрде берілу қауіпі жоғары болады, яғни кинетикалық тұрғыдан балаға беріледі.)
- мида қандайда бір процесс пайда болса ( ол ісік болуы мүмкін, қандайда бір ошақ болуы мүмкін сол жерден мида активті клеткалар пайда болып эпилепсия ұстамасы пайда болады.)
- травма (травма болған кезде миға қандайда бір зақым келеді жәнеде мида қан ұю пайда болады, осы қан ұю ошағында және оның айналасындағы тіндер активтеліп тырысу ұстамаларын туғызады.)
- инфекциялық (көбінесе менингит, энцефалит немесе басқада мидың қабыну процесстері кезінде пайда болуы мүмкін.)

  • Эпилепсияның негізгі екі түрі бар:

- жалпылаған эпилепсия - ол кезде бүткіл аяқ-қолдарында тырысулар болады, аузынан көбік кетеді және кіші дәретке жіберіп қояды, есін жоғалтады.
- ошықты эпилепсия - мидың қай бөлігінде ошақ болады сол бөліктерде ғана ұстама болады, мысалы бір қол немесе бір аяқ, бір қол бір аяқпен бірге болуы мүмкін.

  • Ең негізгі диагностикалық әдіс электроэнцефалография. Ол баланың басына шапка сияқты кигізіледі сол жерден электродтар арқылы мида эпилепсиялық активті ошақтар бар ма, жоқ па жәнеде мидың қай бөлігінде орналасқандығын қисық сызықтар арқылы анықтайды. Бұл әдіс бала ұйықтаған қалпынды, ояу қалпында және ұстама уақытында тексеріледі, ұстаманы дәрігерлер қолдан тудырады.

МРТ- бұл әдіс баланың миының структурасын анықтауға көмектеседі. Егерде баланың миында қандайда бір процесс болса анықтап оны алып тастау кезінде қолданылады. Жәнеде ең маңыздысы эпилептолог консультациясы керек.

  • Емі: Үлкен және психомоторлы ұстамаларда қолданылатын дәрілер: фенобарбитал, бензонал, гексамидин, дифенин (фенитоин), карбамазепин (финлепсин, тегретол), хлоракон; Кіші ұстамаларда қолданылатын дәрілер: этосуксимид (суксилеп), триметин (триметадион); Әр түрлі ұстамаларда қолданылатын дәрілер (көбінесе эпилепсияның аралас түрлерінде): натрий вальпроаты (конвулекс, депакин, ацедипрол), кальций вальпроаты (конвульсофин), клоназепам (антелепсин). Эпилепсиялық препараттар қозған нейрондардың жұмысын бәсеңдетіп тежегіш нейрондардың жұмысын күшейтеді. Бұл препараттарды уақытылы қабылдайтын және режимді бұзбайтын болса толық емделеді. Егерде уақытылы қабылдамаса резистентті эпилепсияның түріне айналады. Бұл кезде кетогенді диета және оперативті ем тағайындалады. Қазіргі таңда VSN операциясы кеңінен қолданылып жатыр.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет