Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері
|
|
1 Ұйымдастыру кезеңі:
5 минут
|
Сәлемдесу. Аудиторияның және білім алушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
|
2. Үй тапсырамасын тексеру кезеңі
20 минут
|
Үй тапсырмасы бойынша берілген тақырыптың конспектісін тексеру, үй тапсырмасын «Сандар сөйлейді» әдісі арқылы тексеру.
1 билет: Иісті газдармен улану кезінде алғашқы көмек көрсету.
2 билет: Иісті газдармен улану белгілері.
3 билет: Фосфорорганикалық қосылыстармен улану дәрежелері.
4 билет: Қышқылдармен улану кезінде алғашқы көмек көрсету.
5 билет: Сілтілермен улану кезіндегі жедел көмек көрсету.
6 билет: Сілтілермен улану асқынулары.
7 билет: Улы газдардың пайда болу себептері.
|
3. Жаңа материалды түсіндіруге дайындық кезеңі
(жаңа тақырыпты болжау)
5 минут
|
Эпилептикалық талмаға анықтама беру, интерактивті тақтаны қолдана отырып, студенттерге жаңа сабақты түсіндіру.
|
4. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі
30 минут
|
Эпилептикалық талмаға алып келетін себептер, жіктелуін, клиникалық белгілерін, диагностика, емі және эпилепсиялық ұстама кезінде алғашқы көмек көрсетуді түсіндіру.
|
5. Жаңа материалды бекіту кезеңі
20 минут
|
«Wordwall» программалық ойыны арқылы студенттердің эпилептикалық талмаға қатысты сөздерді (кроссворд) құрастыру.
«Миға шабуыл» ойыны арқылы эпилептикалық талма туралы түсінігін қалыптастыру.
|
6. Сабақты қорытындылау және рефлексия
8 минут
|
«Educaplay» ойындық программасы арқылы қызықты тест тапсыру.
|
7. Үй тапсырмасы туралы ақпараттандыру кезеңі
2 минут
|
Эпилептикалық талманың Қазақстанда таралу жиілігі, қазіргі таңдағы заманауи емдеу әдістері.
|