21 ғасырдың білікті оқытушы тұлғасы



Дата21.09.2022
өлшемі21,12 Mb.
#150184
Байланысты:
21 ғасырдың білікті оқытушы тұлғасы

21 ғасырдың білікті оқытушы тұлғасы

Жибек Алиакын


Қашан да білімді ұрпақ – болашағымыздың кепілі. Егеменді еліміздің тағдыры – жас ұрпақтың тағдыры – бүгінгі ұстаздардың қолында. Сондықтан қазіргі ақпаратқа толы алмағайып заманда өз елінің адал ұлы болып қалу, ұлтының ұлылығын өзгелерге таныта білу – күрделі де қиын шаруа. «ХХІ ғасыр ұстазы қандай болу керек?» деген сұрақ тереңнен ойланып, толғануды қажет етеді. Өйткені, ұстаз алдынан тәлім-тәрбие алған бүгінгі балауса жас ұл мен қыз ертеңгі қазақ ұлтының атынан сөз сөйлеп, елімізді танытар, елдігімізді сақтар, айбынымызды асқақтатар, үлгі болар азаматтар болуға тиіс.
Қазіргі мектепке шығармашылық ізденіс қабілеті дамыған, жаңа педагогикалық технологияларды жете меңгерген мамандық шеберлігі қалыптасқан мұғалім қажет. Ол бір мезгілде әрі педагог, әрі психолог және оқу үрдісін ұйымдастырушы технолог бола білуі тиіс. Сонымен қатар, оқушының шектеусіз қабілетін дамыта алатындай білім берудің әлемдік кеңістігін құруға қабілеті болуы шарт. Бұдан мұғалімнің мамандық шеберлігі анықталады. Білім беруді ақпараттандыру үрдісі мұғалімнің дайындық деңгейі мен мамандық сапасына үлкен талап қояды. Ол мұғалімнің өзін-өзі дамуына, өзіндік білім алуына және шығармашылық түрде өзіндік қызметтерін іске асыруға мүмкіндік береді
Педагог - шығармашылықпен өзін - өзі дамытушы тұлға. Педагог – зиялы тұлға және мәдениет адамы. Қазіргі заман талабына сай мұғалім болу ең жауапты, ең күрделі, ең зиялы мамандық болып табылады. Себебі, ол адамды қалыптастыруға, дамытуға бағытталған зор жауапкершілікті қажет ететін мамандық. Қазіргі мектептің міндеттері:
- Алдыңғы ұрпақтың соңғы ұрпаққа жинаған, қалыптастырған мәдени құндылықтарын жеткізу;
- Баланың тұлғасын дамыту;
- Баланың, мектептің әлеуметтік бейімделуі.
Қандай да бір әдістермен педагогикалық технологияны пайдаланбасын, баланың рухани жан дүниесіне әсер етуде мұғалімнің өз тұлғасының әсері ерекше. Оқушылардың мұғалім бойындағы ең бағалы деп есептейтін қасиеттері: баланы жақсы көруі, мейірімділік, сезімталдық, әділеттілік, талап қойғыштық, әзіл айта білуі, келешекке сенімділік, іске шығармашылықпен қарау болып табылады. Ал, мұндай қасиеттерге ие болу үшін мұғалім рухани бай, зиялы және шығармашыл тұлға болуы қажет. 
К. Д. Ушинский: «Оқу орнының талабына көп нәрсе байланысты, ең бастысы тәрбиешінің тұлғасының рөлі ерекше, жас ұрпаққа беретін әсерін оқулықпен, жазалау және мадақтаумен алмастыруға болмайды», - деп жазған. Әрқайсымыз, студент не жас мұғалім болайық «мұғалім» деген сөзді естігенде өзінің ең сүйікті мұғалімдерін кәсіби шеберліктермен қоса, тұтастай тұлға ретінде есіне алады.
Педагог – зиялы тұлға. Өзін жинақы, сүйкімді ұстайды. Прогрессивті көзқарастарды алға тартады. Сыни көзқарасы қалыптасқан, ұстамды, өзгелердің пікіріне сыйластықпен қарайды. Жүйелі түрде өзіне - өзі баға беріп, рефлекция жасап отырады: мәдениеті, эрудициясы жоғары, эстетикалық, көркемдік талғамы бар. Саясатқа, білімге, өнердегі жаңалықтарға қызығушылық танытады. Шығармашылықпен өзін - өзі үздіксіз дамытып отырады.
Педагог – рухани бай тұлға. Оның рухани байлығы балаға деген махаббатынан, жоғары адамгершілік және ұят сезімінен көрінеді. Ол өзінің оқушылары және әріптестерінің пікірімен санасады. Тұлғаның рухани байлығы өмірдің мәнін және өмір сүру мақсатын, өзінің кәсіби шеберлігін айқындауына ұмтылуында болып табылады.
Педагог адамдардың қарым - қатынасына, әлем сұлулығына ерекше мән береді. Онда эмпатия мен рефлексия жоғары дамыған. Ол жаңа өсіп келе жатқан баланың рухани әлемінің байлығын түсінуге тырысады, сондықтан да өзінің планетарлық, тіпті космостық ойлау үрдісін дамытады.
Педагог – шығармашыл тұлға. Ол бірсарындылықты ұнатпайды, сондықтан үздіксіз ізденіс үстінде, жаңашыл. Ойлап шығару, жүзеге асыру – оның қалыпты кәсіби үлгісі. Мұғалім – еркін тұлға. Оның еркіндігі өмірде және кәсіби қызметте мәдениет әлемінде өз орнын табуынан көрінеді. Оның еркін ой - пікірі және кәсіби жауапкершілікті сезінуімен тұтастықта. Өзін - өзі бағалай алады, алайда менмендікке жол бермейді. Ол материалдық және рухани құндылықтар әлемінде өз бағытын еркін айыра алады, педагогикалық догмалардан аулақ. Ол батыл шешім қабылдайды, өзінің өмірлік позициясы бар, яғни айналадағы ортаға, адамдарға, өзіне деген қарым - қатынастың берік жүйесі бар.
Педагог – адамгершілігі мол, мейірімді тұлға. Бүкіл тіршілік атаулыға, әсіресе балаға үлкен сүйіспеншілікпен қарайды. Өзімен көз қарасы сәйкес келмейтін адамдарға төзімділік танытады. Әр ұлт өкілдеріне және халықтың салт - дәстүрлеріне сыйластықпен қарайды. Педагог – бәсекелестікті тұлға. Жоғары кәсіби шеберлікті меңгеру үшін рынок жағдайында өзінің жетістіктері мен кемшіліктерін біліп, мықты жақтарына сүйене отырып, әлсіз жақтарын жетілдіріп отыру керек. Озық педогогикалық тәжірибелерді оқып, танып өз ой елегінен өткізе отырып, шығармашылықпен қолдана білу керек. Кәсіби мәні бар басылымдарды қадағалап, үздіксіз білім жетілдіру курстарынан өтіп отырған жөн. Бәсекелестікті тұлға болу үшін тек өз елімізде емес, білім кеңістігінде болып жатқан жаңалықтардан хабардар болады, жоғары еңбек нәтижесіне жетуге ұмтылады.
«Ең әуелі мектепке керегі - білімді педагогикадан, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім» - деген А.Байтұрсынов. Демек білім сапасын көтерудің негізгі тетігі ұстаз , сондай-ақ оның теориялық білімі мен кәсіби шеберлігі, шығармашылық қызметі деуге болады. Жаңа ғасырдағы мектептің жаңа тұрпатты мұғалімнің алдындағы міндеті - егеменді еліміздің жас ұрпағын жан-жақты дамыта отырып тәрбиелеу. Қазақстанның бүгіні мен ертеңі жас ұрпақтың еншісінде. Бұл мұғалімнен өз ісіне үлкен жауапкершілікпен қарауды талап етеді. Педагогикалық кәсіптің құпиясы тек оқыту ғана емес, не үшін және қалай оқыту. Бұл ретте мұғалімнің біліктілігі, әдіскерлігі үлкен рөл атқарады. Ал кәсіби шеберліктің жоғарғы шегі шығармашылық еңбек, оқу-тәрбие үрдісін жаңашылдықпен, өзгеріспен құра білу, яғни инновациялық қызметті жүзеге асыру. Оның негізгі көрінісі оқыту мен тәрбиелеудің, дамытудың технологияларын, әдіс- тәсілдерін ендіре отырып, жұмысты ұйымдастыру.

Назарларыңызға рахмет !!!



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет