Оңтүстік Қазақстан облысы
Шардара ауданы, «Қоссейіт» ауылы
«Сырдария» жалпы орта мектебі
Биология пән мұғалімі
Алмешова Айгүл Алдабергенқызы
Тақырыбы: Мәдени өсімдіктер
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға мәдени өсімдіктер бөлімі жөніндегі теориялық білімдерді толық жеткізу, өсімдіктердің ерекшеліктері мен қолдану аясы туралы мағлұмат беру;
Дамытушылық: алуан түрлі дәстүрлі емес сабақтың әдіс – тәсілдерін пайдалана отырып, оқушылардың жеке, топпен жұмыс істеу, өз көз қарастарын дәлелдеп қорғай білу біліктіліктерін дамыту;
Тәрбиелік: оқушылардың ғылыми дүниетанымдылығын қалыптастырып, тірі табиғатпен ізгілікті қарым – қатынаста болуға, экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу.
Сабақтың міндеті:
Органикалық дүниенің ерекше бір тобы - өсімдіктер, олардың мүшелерінің сыртқы, ішкі құрылысы, түрлері, ерекшеліктері табиғаттағы маңызы жөніндегі теориялық білімін практикада пайдалануды іске асыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдіс – тәсілдері: түсіндіру, сипаттау, топтық жұмыстар, шығармашылық жұмыстар.
Көрнекіліктері: кесте, бағалау шкаласы (себетке алма ілу), «Не артық?» ойыны.
Пәнаралық байланыстар: химия, биология, экология, тарих.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесу, оларды топқа бөлу кезінде жетон астында үш түрлі жеміс түрі жасырылған, сол бойынша топқа бөлінеді. Сайысқа келіп отырған топтар өздерін таныстырады.
Табиғат, сен – тіршілік тұнып тұрған,
Сен – күнсің көтерілген күшін қырдан.
Сен – көлсің, сен – ормансың, сен – бұлбұлсың
Адамға сұлулықты шын ұқтырған.
Құрметті оқушылар. Қазақстанның кең байтақ жерінде қай дақылдардың өсуіне мүмкіндік көбірек бар екендігін дәлелдеу үшін сайысқа түскелі отырсыздар. Өйткені біздің сабағымыздың мақсаты – мәдени өсімдіктер бөлімі жөніндегі теориялық білімдерді толық игеру, өсімдіктердің ерекшеліктері мен қолдану аясы туралы мағлұмат алу, дәстүрлі емес сабақтың әдіс – тәсілдерін пайдалана отырып, жеке, топпен жұмыс істеу, өз көзқарасымызды дәлелдеп, қорғай білу, біліктіліктерімізді дамыту, тірі табиғатпен ізгілікті қарым – қатынаста болу керектігін түсіну.
1 топ «Дәнді дақылдар» тобы.
2 топ «Техникалық дақылдар» тобы
3 топ «Бау-бақша өсімдіктері» тобы.
Топтарымызбен танысып болғандықтан бірінші сайысымызды үй жұмысынан бастасақ қалай болады? Олай болса мен қазір сіздерге плакаттарды таратып берейін, әр қайсысында үй жұмысы бойынша дәрілік өсімдік түрлері берілген, сол кестені толықтырып, нақты дәлелдермен сипаттап берсеңіздер дейміз. Әр бір дұрыс жауап сайын мына көріп отырған бағалау шкаласына, мына менің қолымдағы себеттерге алма ілу арқылы өз ұпайларыңызды көріп отырасыздар. Сабақтың соңында қай топтың себетіндегі алма көп болып шықса, яғни ең жоғарғы сатыға жетсе, сол топтың өсімдіктері еліміздің жерінде өсуге құқығы бар және ең сұранысқа ие өсімдіктер болып есептелетін болады.
ІІ. Үй жұмысын тексеру кезеңі
Үй жұмысын нақты әрі толық жасау үшін халқымыздың белгілі ақыны Ілияс Жансүгіровтің «Жетісу суреттеріндегі» «Жер түгі» деп аталатын өлеңіне назар аударайық:
Тауқонақ, шәйшөп, маңқа, құлынембес,
Сүттіген, еңлік мүйіз, киізкиік,
Ақшалғын, көкемарал, бетеге, раң,
Жапырақтеңге, бұйра, қисық, иық,
Балдырған, у қорғасын, атқұлақты,
Елік жүр сонысында соны қиып.
Мыңтамыр, жуа, рауғаш, жаужапырақ,
Балауса, сорғыш, селдір, ермен, бақбақ.
Сыбызғы жалғыз, құлмақ, қарақияқ,
Шоңайна, меңдуана, сора, шақпақ.
Ішінде сол қурайдың сұлу болар
Шырмауық, кендір, қылша, жыланқияқ.
Қанжыға, қоға, сасық, аққой болып
Бөлінеді жуалар мен таусарымсақ.
Қымыздық, қызсаумалдық дейтіндерге
Ат қойған тау елінде сүйіп шын – ақ.
Ақынның небәрі 54 жолдық өлеңінде
30 түрлі ағаш, 60 – қа жуық шөп пен қурай, барлығы 90 түрлі өсімдік атаулары кездеседі. Енді сендердің де дәрілік өсімдіктер туралы не білетіндеріңді байқап көрейік.
«Дәнді-дақылдар» тобы
Өсімдік атауы
|
Сипаты
|
Жиналатын аймағы
|
Қандай ауруға қолданылады
|
Жантақ
|
|
|
|
Мыңжапырақ
|
|
|
|
«Техникалық дақылдар» тобы
Өсімдік атауы
|
Сипаты
|
Жиналатын аймағы
|
Қандай ауруға қолданылады
|
Дермене жусан
|
|
|
|
Итмұрын
|
|
|
|
«Бау-бақша өсімдіктері» тобы
Өсімдік атауы
|
Сипаты
|
Жиналатын аймағы
|
Қандай ауруға қолданылады
|
Адраспан
|
|
|
|
Долана
|
|
|
|
ІІІ. Сергіту сәті.
Ал енді жұмбақтарды шешіп көрейік. Әр жауап берген топқа қошемет көрсетіп отырайық.
Бұл не деген көп киім,
Жетпіс қабат көк киім.
Түймелеуге жетпейді,
Жаңбыр одан өтпейді. (Қырыққабат)
Көкпеңбек еді көктемде
Қызарды күзге жеткенде. (Қызанақ)
Жер бетінде шашы бар,
Жер астында басы бар. (Сәбіз)
Қалпағы бар дөңгелек,
Біледі оны барша адам.
Қараған соң күнге көп,
Мойны талып шаршаған. (Күнбағыс)
Түскенде салқын күз,
Жинадық алтын тіс. (Жүгері)
Табаны суды сүйеді,
Қабағы күнге күйеді. (Күріш)
Жеуге ұқсас сабағы,
Дәні халық тағамы. (Бидай)
Аспай піскен,
Қайнамай түскен. (Жеміс)
ІV. Жаңа материалды игеру.
Ондай болса бүгінгі біздің тақырыбымыз: «§49 Еліміздегі мәдени өсімдіктер». Біздің еліміз Қазақстан Республикасы өсімдіктердің түр – түріне бай екенін сендер білесіңдер. Шамамен алғанда елімізде 6000 астам өсімдік түрі бар. Олардың әрқайсысы Қазақстанда өз орнын тапқан. өсімдік – тіршілік тірегі. Өсімдіктер жылына ауа қабатына 400 млн тонна оттегін бөліп шығарса, оның 173 мыңын өздері қабылдайды. Өсімдіктер ауада ауру тудыратын бактерияларды жоятын ерекше зат бөліп шығарады. Сонымен бірге олар жануарлар үшін қорек, баспана да болады. Ал адам оларды тағам, үй, жиһаз, ауырғанда ем ретінде пайдаланады. Республикамызда мәдени өсімдіктер көп түрлі және әр түрлі. Олардың арасында астық тұқымдастар – бидай, сұлы, жүгері; бұршақ тұқымдастар – түйебұршақ, соя, жасымық; бақша өсімдіктері – асқабақ, қарбыз; жеміс-жидек түрлерінен – алма, алмұрт, шабдалы т.б. қазақстанның белгілі бір жерлерінде өсіріледі. Сонымен келесі кезекте сендер мәдени өсімдіктердің қай түрін кең байтақ жерімізде өсіруге қолайлы екенін, қай аймақта өсірілетінін, ол өсімдіктің маңызын нақтылап дәлелдеп берулерің керек (оқушылар тақтадағы слайдпен өз дақылын түсіндіріп, таныстырады).
1 топ «Дәнді дақылдар» тобы:
Жүгері Қарабидай
Сұлы Арпа
Қарақұмық Тары
Бидай Күріш
2 топ «Техникалық дақылдар» тобы:
Мақта Мақсары
Соя Рапс
Қызылша Картоп
Қантқызылшасы Күнбағыс
3 топ «Бау-бақша өсімдіктері» тобы
Бау-бақша Қызанақ
Қауын Алма
Қияр Қарбыз
Өрік Алмұрт
V. Жаңа сабақты бекіту
1 кезең «Не артық?» ойыны (тақтадан артық дақылды сызып тастау керек)
АЛМА АРПА ЖҮЗІМ
СҰЛЫ ЖҮГЕРІ АСБҰРШАҚ
КАРТОП МАҚТА ҚАНТ ҚЫЗЫЛШАСЫ
АЛМҰРТ ШИЕ СОЯ
ҚАРАҚАТ БИДАЙ ТАРЫ
РАПС МАҚСАРЫ ҚАРАҚҰМЫҚ
|
2 кезең Ситуациялық сұрақ:
Қазақстанның кейбір аймақтарында экологиялық жағдайлар сипатталған мәдени өсімдіктердің қайсысына кедергі болады? Қай өсімдікке керісінше жағымды әсер береді? Қарсылас топтағы өсімдіктердің қайсысына дауыс берер едіңдер? Неліктен?
3 кезең Сөзжұмбақ шешу
VI. Қорытынды.
Себеттердегі алмаларды санау арқылы топтың жеңісін бағалау және оқушыларды жеке бағалау.
VII. Үйге тапсырма беру.
«§49 Еліміздегі мәдени өсімдіктер».
Мәдени өсімдіктердің жаңа сорттарын шығаруда соңғы жылдардағы селекционерлер ғалымдардың жұмыстары туралы мәлімет тауып келу.
VIII. Рефлексия.
Сонымен сабақтан қандай маңызды жаңалықтар үйрендік?
Сабақтың кезеңдері қандай қызықты сәтімен есте қалды?
Балалар, осы туралы өз ойларыңды алдарыңдағы стикерге жазып, даналық ағашына іліңдер.
Ондай болса біз бар жүрегімізбен, ниетімізбен отанымызды – Жерді сүйе білейік. Болашақ ұрпақты ұмытпайық, ел болып Жер – Анамызды қорғайық! Елімізге шынымен де керекті, пайдалы мәдени өсімдіктерді өсіре берейік және табиғатты аялайық!
Достарыңызбен бөлісу: |