№21 жалпы орта білім беретін мектеп
«Бекітілді» «Келісілді» «Қаралды»
Мектеп директоры Оқу ісінің меңгерушісі ӘБ жетекшісі
Шаркубенова Л.С. Мажитова А.Х. Жаксыгулова Р.Х.
_________________ __________________ _______________
«19» тамыз 2020 ж. «18»тамыз 2020 ж. Хаттама № 1 «17» тамыз 2020ж.
2020-2021 оқу жылына арналған қазақ әдебиеті пәнінен
күнтізбелік – тақырыптық жоспар
Сынып: 5 «А», «Ә»
Мұғалімі : Мұхамбеткереева Г.І.
Жылдық сағат саны - 68 , аптасына -2 сағат.
Тақырыптық-күнтізбелік жоспар ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сəйкес əзірленді. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген негізгі және орта жалпы білім беретін пәндердің үлгілік оқу жоспарлары (2018 жылғы 4 қыркүйектегі №441 бұйрықпен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген.Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2013 жылғы 2 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген негізгі орта білім берудің жалпы білім беретін пәндердің үлгілік оқу бағдарламалары (2017 жылғы 25 қазандағы №545 бұйрықпен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген).Қазақстан Республикасы Білім және ғылым минстрінің 04.09.2018 жылғы №441 бұйрығына сәйкес бұйрық 75 қосымшасымен толықтырылды.
Түсінік хат
Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-сыныбына арналған қазақ әдебиеті пәнінің орта мерзімді жоспары. Қазақ әдебиеті пәні бағдарламасына негізделіп құрастырылды. Оқу жоспары 5-сынып оқушыларының қазақ әдебиеті пәні бойынша білімі мен түсіну, жауап беру, анализ және интерпретациялау, бағалау, салыстыру дағдыларын қалыптастыруға және дамытуға бағытталған. Оқу жоспарының мазмұнында қазақ әдебиеті пәнін оқыту барысында қалыптастырылатын коммуникативтік дағдыларға сілтеме, оқыту мақсаттары, оқытуда ұсынылатын әдіс-тәсілдер жүйесі, мұғалімге ескертулер мен оқыту ресурстары бөлімдері қамтылды.
5-сыныпта қазақ әдебиеті пәнін оқытудың жылдық жүктемесі - 68 сағат, аптасына – 2 сағат.
Оқу мақсаттарымен жұмыс. Оқушылар «Түсіну және жауап беру» дағдысы бойынша әдеби шығарманың жанрын, тақырыбы мен идеялық мазмұнын анықтайды. Көркем шығармадағы кейіпкердің портреті мен іс-әрекеті арқылы танылатын образын ашады. Көлемі шағын үзінділерді жаттау арқылы есте сақтау қабілеті дамиды.
Көркем мәтіндерді оқу арқылы оқушыда мәтіннің мәнін түсіну, мәнерлеп оқу дағдылары қалыптасады. Көркем мәтінді оқу оқушылардың тұлғасы дамып-жетілуін, оның интеллектісі, сөйлеу әрекетінің төрт негізгі түрі (тыңдау, сөйлеу, оқу және жазу) қалыптасуын, оқырмандық әрекеті мен қызығушылығы дамуын, осылар арқылы оқу әрекеттері компоненттері мен жан-жақты машық-дағдылар қалыптасуын қамтамасыз етеді. Оқушының көркем мәтінді ажырата тани алуы үшін, әрқайсысының маңыздылығын түсінуі, оны өмірлік жағдаяттарда саналылықпен қолдана алуы үшін оқудың саналы оқу, дұрыс оқу, жүгіртіп оқу, мәнерлеп оқу т.б. түрлері қолданылады. Оқушылар әдеби шығарманың құрылысын, композиция жасалу тәсілдерін, екі нәрсені, құбылысты (оқиғалар желісін, кейіпкерлерді т.б.) салыстыра суреттеу мен қарама-қарсы суреттеу тәсілдерін меңгере отырып, «Анализ жасау және интерпретациялау» дағдыларын қалыптастырады. Эпикалық шығармадағы жазушының авторлық тұлғасының көріну қалпын, суреткерлік шеберлігін анықтайды. Көркем шығармаға түрлі деңгейдегі талдау жұмыстарын жүргізу арқылы оқушылардың ойлау қабілеттері (шығармашылық және сыни тұрғыдан ойлау т.б.) дамиды. Мәтінмен жан-жақты жұмыс жасау үдерісінде қаламгердің тілдік көркемдегіш құралдарды қолдану лабораториясына талдау жасайды. Шығармадан алған әсерін сипаттайды, авторға арналған хат, өлең жазады.
Көркем шығарманың бейнелі-мәнерлі тілдік құралдарын қабылдай алу, автор жасап шығарған өмір картинасын санасында орналастыру, көркем мәтіндегі себеп пен салдардың байланысын анықтау, көркем шығармадағы автордың көзқарасын түсіну, мәтіннің негізгі ойын, идеясын анықтау (мұғалімнің көмегімен) т.б. талдау әдістерін қолдануды меңгереді. Оқушылар орындайтын ауызша және жазбаша жұмыстар арқылы «Бағалау және салыстыру» дағдылары қалыптасады. Салыстыру тәсілінің мынадай түрлерін меңгереді: салыстырылатын нысандардың тек ұқсастығын табуды мақсат ететін салыстыру; салыстырылатын нысандардың тек айырмашылығын табуды мақсат ететін салыстыру; салыстырылатын нысандардың ұқсастығы мен айырмашылығын қатар табуды мақсат ететін салыстыру. Оқушылар көркем шығармадағы жекелеген эпизодтар арқылы тарихи құндылықтар мен кейіпкерлерді талдап танып, ол құндылықтарды шынайы өмірмен байланыстыра отырып бағалайды. Шығарма кейіпкерін өзіндік құндылық болмысы тұрғысынан талдап, нәтижесінде әдеби эссе, оқырман ретінде өзінің рухани дүниесіне берген әсерін бағалайтын сыни хабарлама жазады. Көркем шығармаларға түрлі мақсаттағы салыстырмалы талдау жасау дағдысын дамыту үшін сыныптан тыс оқитын қосымша әдебиеттер тізімі ұсынылады және жергілікті ақын-жазушылардың шығармашылығымен байланыстыру мүмкіндігі беріледі.
Қазақ әдебиеті пәні бойынша бір сабақта бір немесе бірнеше оқу мақсатын алуға болады. Мұғалім оқу мақсаттарының комбинациясын шебер пайдалана білуі керек.
Пәнаралық байланыс. Әдебиет пәні мектепте оқылатын басқа тіл пәндерімен, тарих, жаратылыстану, бейнелеу өнері, музыка және басқа да пәндермен тығыз байланыста үйлесім табады. Пәнаралық байланыс – оқытудың ерекше категориясы болғандықтан, оқушылардың әдебиеттен жүйелі білім алуын күшейтіп, оқу әдістерін белсендіреді. Әдебиет сабағындағы пәнаралық байланыс оқушылардың эстетикалық талғамын және сурет, музыка, кино өнерлеріне ұмтылысын қалыптастырады. Шығармадағы тарихи шындық пен көркемдік шешім көрінісін, топонимикалық, ономастикалық атаулардың маңыздылығын түсіне отырып, оқылған шығарманы бейнелеу және музыка өнерімен ұштастыра отырып, пәнаралық байланысты кеңінен қолдану оқушының дүниетанымын қалыптастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |