Виет теоремасы ax2+bx+c=0 теңдеуінің шешімдері x1 пен x2 болса онда мына формулалар орынды: x1·x2=с/а x1+x2=-b/a Мысалы x1=1, x1=3 ал теңдеуіміз белгісіз болсын, Виет теоремасы бойынша:
x1·x2=1·3=3 x1+x2=1+3=4 x2-4x+3 Яғни x2-4x+3=0.
25. Математикадан сыныптан тыс жұмыстардың мақсаты, мазмұныжәне негізгі түрлері Математикадан өткізілетін сыныптан тыс жұмыстар– жалпы білім беретін мектептердегі оқу-тәрбиепроцесінің маңызды құрамдас бөлігі.Математика пәнінен ұйымдастырылатын сыныптан тыс жұмыстырдың түрлері:
➢ Математикалық газет;
➢ Математикалық үйірме;
➢ Математикалық викториналар;
➢ Математикалық олимпиадалар;
➢ Математикалық кештер;
➢ Математикалық экскурия;
➢ Математикалық әдебиеттер оқу;
➢ Математикалық апталық және т.б
Математикалық газет. Бұл газеттердің беттерінен математикалық терминдер мен таңбалардың шығу тарихы, әр түрлі халықтар ғалымдарының оны дамытудағы еңбегі көрініс беруі мүмкін.
Математикалық үйірме – математика пәні бойынша ұйымдастырылатын сыныптан тыс жұмыстардың мейлінше кеңінен тараған және негізгі түрі.Математикалық үйірме оқушылардың білімін тереңдетуде, олардың математикалық таным мәдениетін және пәнге қызығушылығын арттыратын маңызды құрал болып саналады.
Математикалық викториналар – сыныптан тыс жұмыстың қызықты, еліктіргіш әрі жаппай сипаттағы түріне жатады. Оның оқу-тәрбие ісіндегі орны ерекше және оны әр түрлі кештерде дербес шара ретінде өткізуге болады.