21. Пифагор теоремасын оқыту әдістері Теореманың қарапайым дәлелдеуі



бет3/3
Дата05.07.2023
өлшемі136,71 Kb.
#179334
1   2   3
Байланысты:
21-25

Математикалық олимпиадалар – сыныптан тыс жұмыстардың және оқушылардың жаппай бәсекесін туғызатын тиімді тәсілдердің бірі. Әдетте олимпиадалар математикалық үйірме жұмысының өзіндік қорытындысы да болып табылады. Мұнда оқушылар әр түрлі математикалық мәселелерді еркін талдай білуге машықтанып, алғырлығын танытады, өзінің математикалық дайындық деңгейін байқап көреді.
Математикалық кештер. Тәжірибе математикалық кештердің сабақ барысында алған білімді елеулі түрде тереңдетуге және кеңейтуге, сол пәнге қызығушылық қасиетін қалыптастырып, дамытуға барынша ықпал ететінін көрсетті.
Cыныптан тыс жұмыстардың маңызды түрлерінің бірі - математикалық апталық.Математикалық апта оқушыларды пәнмен қызықтыратын, сонымен қатар оқу бағдарламасын терең оқып игеруге , шығармашылық белсенділігін, ізденпаздығын дамытуға мүмкіндіктер туғызатын көптеген шаралар кешенін қамтиды. 
Ұйымдастырылған апталық және оны дұрыс өткізу маңызды оқу-тәрбие мәселелерін шешуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, оқу материалын толықтыру, тереңдету, түрлендіру, математиканыңпрактикада қолданысы, оқушыларға өзіндік жұмыстардың дағдыларын дамыту және олардың тәрбиелеу мүмкіндіктерінің пайда болуы сөзсіз. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет