21(574) Қ. Е. Сагиндыкова, Б. А. Досжанова


Ғылыми жұмыстың өзектілігі



Pdf көрінісі
бет2/7
Дата08.02.2022
өлшемі1,11 Mb.
#117918
1   2   3   4   5   6   7
Ғылыми жұмыстың өзектілігі.
Қазіргі уақытта көз ауыруларымен ауыратын адамдардың саны артуда. 
Офтальмологиялық аурулардың жас талғамайтындығы соншалық, көз аурулары кішкентай бүлдіршіндерде де 
кездеседі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтеріне сәйкес бүкіл әлем бойынша шамамен 200 млн.
адамдар көрудің нашарлауымен және 40 млн. адам көздің соқырлығынан зардап шегеді [1]. 
Көз аурулары
– көздің көруінің нашарлауынан, оның сәуле сындыру күшінің ақауларынан пайда болатын немесе 
іштен туа біткен аурулар. Қазіргі кезде көп кездесетін аурулар: глаукома (көздің ішкі қысымының жоғары 
көтерілуінен болатын созылмалы көз ауруы), бленнорея (іріңді коньюктивит), катаракта (көз бұршағының 
бұлдырап, қарауытып, ағаруымен сипатталатын көз ауруы.), пресбиопия (көз аккомодациясының кәріліктен 
әлсіреуі ), көз нұрлы қабатының дистрофиясы (көз алма тіндерінің өлуімен сипатталатын ауру), коньюктивит 
(көздің дәнекер қабығының қабынуы), көзге ақ түсу (лейкома) және т.б . 
Қазақстанда көп кездесетін аурулар:оқушыларда-коньюктивит, жасы үлкен адамдарда-катаракта, 40 жастан өткен 
адамдарда-физиологиялық пресбиопия, 60 жастан өткен адамдарда-глаукома, молекулярлы жастық дистрофия. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет