22 беттен басталатын материалдардан керек жерлерін алуға болат Нәрестелік және ерте сәбилік кезеңдегі баланың психикалық дамуы



бет3/6
Дата18.11.2016
өлшемі0,9 Mb.
#1983
1   2   3   4   5   6

Достық. Коллективтік топтық өмірдің маңызы артуымен қатар, балаң жас өспірімдік жеке интимдік достықты қажетсіну күрт өседі. Қамқорлықпен тәрбиеленген жас адамда пайда болатын алғашқы сезім махаббат емес, достық деп Руссоның өзі жазған болатын. Л.Н.Толстой өмірбаяндық трилогияның кейіпкерінің Дмитрий Нехлюдовпен достығын балаң жас өспірімдік жігіттіктен бөліп тұрған символдық меже деп есептейді.

Достықты барынша іздеу жеткіншектік шақта-ақ басталады. Алайда жас өспірімдердің достық жеткіншектердің достығына қарағанда анағұрлым тұрақты және ең бастысы неғұрлым терең. Кіші жастағы жеткіншекті досымен көбінесе басқалар үшін жабық ортақ мүдделер мен бірлескен іс-әрекет байланыстырады. Жас өспірімдердің достығы бірінші қатарға интимдікті, эмоциялық жылылықты, шыншылдықты қояды. өзіндік сананың дамуы мен оған тән қайшылықтар қалайда «сыр ашысу», өзінің күйініш-сүйінішінен ортаға салу қажеттігін туғызады. Осыдан келіп ол досын өз olter ego-сы (екінші бір «мен») деп түсінеді. Мұндай қажеттік тұңғыш рет нақ осы жас өспірімдік кезде шығады.

әрине, достық туралы жас өспірімдік ұғым мен оның интимділігінің нақты дәрежесі әр түрлі адамдардабірдей емес. Қыз балаларда олардың неғұрлым ерте толысатындығына байланысты интимдік достықты қажетсіну ер балалардан ерте басьалады. Егер жастары бір шамалас ер балалар мен қыз балалардың достық мұраттарын салыстырса, қыз балалар ер балаларға қарағанда достыққа неғұрлым жоғары талаптар қоятыны көрінеді.

Өзі дербес таңдап алған жеке өзінің ұнатуы болғандықтан жас өспірімдік достық басқадай қатнастарға, соның ішінде махаббатқа қайсыбір дәрежеде алғы шарт болады; достықтың өте эмоциялы болатыны осыдан. «Алғашқы махаббат туралы естеліктердің жас достық туралы естеліктерін біршама артық бағаланатыны неліктен екенін мен білмеймін,- деп жазды Герцен. Алғашқы махаббаттың хош иісті болатын себебінің өзі ол жыныс айырмасын ұмытады, ол нағыз құштар достық. Өз тарапынан жас өспірімдер арасындағы достықта махаббаттың барлық қызуы, барлық сипаты болады; өз сезімдерін сөзбен қозғауға ұялатын жасқаншақтық, өзіне сенбеушілік, сөзсіз берілгендік, бір-бірінен көрмесе тұра алмайтын сағыну, ерекше болсам деген тілек бәрі сол махаббатқа ұқсас».

Осы себептен де толғаныстарын, арман-мұраттарын салыстырғанда, өзі туралы айтуға мүмкіндік беретін интимдік достықтың маңызды мәні бар. Қазіргі жас өспірімдер биік сөздер мен мейірімділік көріністерінен қашқақтайды. Олардың достық қарым-қатнастары көбіне әдейі бүркемеленіп, дөрекілендірілген, бірақ мұны шынында осылай екен деп жаңылысуға болмайды. Адамдардың қарым-қатынасында коммуникацияның объективті мағыналық мазмұны мен оның эмоциялық маңыздылығы арасында тікелей байланыс бола бермейді.

Ересек адамдармен қоса жеткіншектік жастағы ұрпақтар үшін де достық – бұл өздерінің ойларын, сезімдерін, біреуге деген өкпесін, қамқорлығын және қауіпін жеткізе алатын сонымен қатар өздеріне қатысты құпияларын сақтауға сене алатын адамды айтамыз. Достықты сенімді интимділік қарым-қатнас деп те бөлуімізге болады. Достық қатнаста жауып тастайтын шекара болмайды. Достар арасында текқана қуаныш емес сонымен қатар қайғы сезімі де болады. Достық деп өзім – бұл екінші бір адамның өз досының бақытына ортақтаса қуаныш бөлісу деп ойлаймын. Себебі, досының қайғысына өтірік дос қуана ортақтаса алады ал, қуанышын көре алмайды. Достар арасында әр кезде тек қана ортақ қызығушылық пен тақырыптар болады.



Махаббат сезімі. Жеткіншек шақта бір-бірінен ұялып, қысылып жүретін ер балалар мен қыз балалардың арасандағы қарым-қатнас балаң жас өспірімдік шақта едәуір белсенді бола түседі. Жолдастық қарым-қатнастар аясы ұлғаяды: бір жынысты компаниялар мен қатар аралас топтар көбейеді. Әсіресе, қыздарда аралас достыққа қажеттілік күшейеді. Ұлдар мен қыздардың өзара қарым-қатнасы басты тәрбиелік проблемалардың біріне айналады. Бұл қарым-қатнастар көңілді аулау, әзіл-қалжың сипатында бола ма немесе біріне-бірі көңіл қою бұдан гөрі ауқымды жолдастық және дара қарым-қатнас ауқымында өрістей ме, бұл көбіне бұған дейінгі тәрбиеге және коллективтегі моральдық жағдайға байланысты болады.

Еркектер мен әйелдердің тең праволылығы принципіне негізделген

совет қоғамының рухани ахуалы, бірлесіп оқыту, еңбек пен қоғамдық жұмыс – осының бәрі әлеуметтік-адамгершілік бағдарлардың қалыптасуын жеңілдетеді. Алайда осындай қолайлы жағдайлардың өзінде жастардың балаң жас өспірімдік қарым-қатнасында біршама психологиялық қиыншылықтар болмай қоймайды. Алдымен жыныстық рольдердің балалық шақтан келе жатқан саралануы әсер етеді. Қай жастағы болсын ұлдар ман қыздар әр түрлі ойындарды жақсы көреді және серіктерін өз жынысынан іріктеп алады. Құрдас қыздары өзімен ойнамай қыз бала психолгиялық тұрғыдан алғанда ер балалардың арасында сыйлы бола алады. Ер балалар үшін бұл мүмкін емес: өз жынысының құрдастары ғана оның «ерлігін» тануы мүмкін.

Терең қарым-қатынас пен өзара түсіністік мүмкіндіктерін ұлдар мен қыздардың жалпы толысуының қарқыны мен психологиялық айырмашылықтар да қиындатады. Жеткіншектік кластарда қыздар ер балалардан дене жағынан ғана емес, ақыл-ой дамуы жағынан да біршама озық болады. Егер ұлдарда заттық және техникалық мүдделер басым болса, қыздар көбіне ішкі жан дүние мен адамдардың қарым-қатнасы проблемаларына ден қояды.



Ересектер психологиясы

Жоспары:

  1. Ересектік кезеңге сипаттама (30 – 60 – 70 жас)

  2. Ересектік жастың классификациясына акмеологиялық көз – қарас.

  3. Ересектік кезендегі танымдық эмоционалдық және мотивациялық сипаттамалар.(40 жас дағдарысы)

  4. Интеллектуалды даму және әлеуметтенуің психологиялық мәселелері



  1. Ересектік бұл адам өмірінің ең ұзақ кезеңі . Оның басталу және соңғы шегін көптеген авторлар әртүрлі сипатттайды: 25 жастан 65 -70 жасқа дейін. Әдетте бұл жасты зейнеткерлікке шығу мен байланыстырады және тұрақты жас шамалары жоқ.

Э.Эриксон бойынша ересектік кезең 25 жастан 65 жас аралығын қамтиды, яғни бұл кезең ұзақтығы 40 жылға созылады.

Ал біз бүгін ересектік кезеңді шамамен 30 жастан бастап, сонау зейнеткерлікке шығуға дейін қарастырамыз. Бұл шамамен 60-70 жасқа дейін. Бірақ ересектік кезеңнің соңғы шегі жеке тұлғаның жекелей және тұлғалық ерекшеліктеріне байланысты.

Кейбір адамдарда 40 жастан кейін дамуында бәсеңдеу процессі жүрсе, керісінше, екіншілерде 40 жастан кейін белсенді іс-әрекетпен айналысу басталады. Тіпті кейбір адамдарда шығармашылық дамуы өмірінің соңына дейін жүруі мүмкін.

Осы кезеңде бір- бірімен байланысты, бірақ бір-біріне сай келмейтін үш жас түрін ажыратуға болады:


  • Хроникалық жас (төлқұжатта көрсетілген жасы);

  • Биологиялық жасы;

  • Психологиялық жас.

Адамның биологиялық жасы төл құжатта көрсетілген жасына сай келмеуі мүмкін. Мысалы: адам 40 жаста организімінің жағдайына байланысты жас көрінуіе болады немесе , керісіншіе, осы жаста қартаюдың белгілеріі айқын көрінуі мүмкін.

Психологиялық жас дегеніміз- адам өзін қалай сезінетіндігі және қалай қабылдайтындығын сипаттайды.



  1. «Акмеология» ұғымы ХХ ғасырдың 20-шы жылдары пайда болды және ол «Үлкендерді танып- білуге бола ма ?»деген сұраққа жауап іздеумен байланысты болды. Оған жауап беру үшін адамның өмірлік кезеңдеріндегі психофизиологиялық, интелллдектуалдық және жекелей дамуның «нормаларын» талдау керек болды. Ең бірінші ересектер психологиясына назар аударғанН.А. Рыбников болды. Ол 1928 жылы ересектер психологиясын акмнология деп атауды ұсынды (акмэ грекше- өркендеу, шың дегенді білдіреді). Дәл осы кезеңде ересектікке қол жеткізеді (ақыл-ойы, азаматтығы, еңбек етуі жағынан), кәсіби іс-әрекетте өзін табады және шығармашылық қабілеттерінің өркендеу шыңында болады.

Ересектер психологиясының пәні- ересек адамның онтогенездегі конституциясының, нейродинамикасының, психофизиологиясының, интеллектуалдығының, жекелігінің, жастық-жыныстық ерекшелігінің эволюциясы.

Қазіргі кездегі зерттеулерде жастық кезеңдегі ересектіктің жоғарғы және төменгі сатылары біркелкі анықталмаған. Жастық шақтың шегін анықтайтын қалыптасқан пікір жоқ.



Жастық шектеулерді анықтаудағы әртүрлі пікірлер жас кезеңдері классификациясын құру принципімен түсіндіріледі:физиологиялық, антропологиялық, демографиялық және психологиялық ерекшеліктерді есепке ала отырып.

Б.Г. Ананьев ересектердің психофизиологиялық және интеллектуалдық дамуын микрожастық интервалдың негізінде құруды ұсынды.

18-46 жас аралығында естің, ойлаудың, зейіннің дамуы 3 макро кезеңнен тұрады.

1 макро кезең-18-25 жас аралығы;

2. 26-35 жас аралығы;

3. 36-46 жас аралығы.

Бұл жастық кезеңдер әртүрлі даму темпімен сипатталады.



Таблица 1


Кезеңдер


Жасы, жылы

Ерте ересектік

Орта ересектік 1 -ші кезең

Орта ересектік 2 -ші кезең

Макро кезең

18-25 жас

26-35 жас

36-46 жас

Микро кезең

18-21; 22-25.

26-29; 30-33; 34-35.

36-40; 41-46.

Бұл таблица бойынша естің, ойлаудың және зейіннің жақсы дамуы тек екі микро кезеңде- 22-25; 30-33 жастарда көрінеді, дамудың айрмашылығы тек бір микро кезеңде көрінеді, ол-34-35 жаста.

  1. 40-50 жасында адам бұрынғы кезеңдермен салыстырғанда, басқа психологиялық жағдайда болады. Осы уақытқа дейін үлкен өмірлік және кәсіби тәжірибе жинақталады, балалары өседі, олармен қарым-қатынас жаңа сипатқа ие, ата-аналары қартаяды және оларға көмек керек. Бұл кезеңде адам организімінде заңды физиологиялық өзгерістер болады, оларға бейімделу керек: көру нашарлайды, реакциялар бәсеңдейді, ер адамдарда сексуалды потенция әлсірейді, әйел адамдар климакс кезеңін уайымдайды. Осы аталғандарды ересектер физикалық және психикалық ауыр қабылдайды. Көбінде денсаулығына байланысты мәселелер туындайды.

Психофизикалық функциялар төмендегенімен,олар адамның когнитивтік сферасына еш әсерін тигізбейді- жұмысқа қабілетін төмендетпейді, еңбектік және шығармашылық белсенділігін сақтайды.

Бұл кезең адам үшін жанұялық, карьералық, шығармашылық қабілеттерінің дамуымен сипатталады. Бірақ, өлім мәселесі туралы, уақыттың өтіп жатқандағы жайлы жиі ойланады.

Еңбек- ересек адамның сезімдерінің көзіне айналады. Адамның эмоционалдық жағдайы, көңіл-күйі көбінесе еңбек іс-әрекетінің жемісті не жемісті еместігіне байланысты.

Осы кезеңде адам стресстік жағдайға жиі ұшырап, депрессия мен жалғыздық сезімін бастан кешіреді.

38-40 жаста орта жас кризисі болады. Осы кезеңде адамды мынандай сұрақтар мазалайды: ары қарай қалай өмір сүру қажет, не үшін өмір сүру керек, кіммен өмір сүру керек?

40 жасқа қарай ересектер армандары мен өмірлік жоспарларының қаншалықты іске асқандығына есеп береді. Отбасылық жағдайында өзгерістер болады: балалары ержетіп, өзбетінше өмір сүреді; жақын туысқандары мен ата-аналарының дүниеден өтуі мүмкін. Жақын адамдарынан айырылу, балаларының өміріне араласу, оларға қамқорлық көрсету ерлі-зайыптылар қарым-қатынасының мағынасын аша түседі. Егер оларды балалардан басқа ештеңе байланыстырмаса, ондаерлі-зайыптылар айырылысуы мүмкін.

40 жас кризисін басынан өткізген адам өмірін қайта құрып, мамандығын ауыстырып, тіпті жаңа отбасын да құруы мүмкін.

Кризистен шығудың жолдары әр түрлі: конфликтілі жағдайлар туғызу, жұмыс орынын ауыстыру, басқа қалаға көшу, барлығын қайта жасауға ұмтылу.

Ал кризистен шығудың деструктивті жолы- суицид және жеке тұлғаның ыдырауы.

4. Жеке тұлғаның қалыптасуы мен іс-әрекет құрылымы өмірлік жағдайларға байланысты. Мінез ерекшеліктері, қызығушылықтары, қабілеттері осы кезеңде де дами түседі. Ересек адамның индивидуалды қасиеттері балаларға қарағанда жекелік сипатқа ие.



Әлеуметтік ересектік- бұл адамның белсенді еңбек іс-әрекеті. Онда адам іс-әрекет субъектісі ретінде қалыптасады және өзінің шығармашылық мүмкіншіліктерін іске асырады. Әлеуметтік ержетуде (оны азаматтық деп те атауға болады) негізгі роль адамның өндірістік, қоғамдық және мәдени өмірге араласуында.

Оқыту әртүрлі жас кезеңдерінде түрліше болады. Мысалы: ересектік жаста адамдардың көбі еске сақтаудың төмендеп кеткеніне, жұмысқа қабілетінің нашарлағанына, тез шаршайтындығына шағым жасайды. Бірақ, Б.А. Греков деген ғалым 30-70-90 жастағы адамдардың есіне салыстыру жүргізіп, тек 90 жастағылардың ғана еске сақтау қабілеті төмендейтінін айтты. Ересектік кезеңдегі барлық басқа өзгерістерді жекелей ерекшеліктерімен түсіндіреді.



Ересектік кезеңде мазмұндық еске қарағанда, механикалық және бейнелі ес тез төмендейді. Ал мазмұндық ес 70 жастан асқанша тұрақты болып келеді.

Осы кезеңдегі адамдардың кәсіби дамуын қарастыратын болсақ, көптеген мамандықтағы адамдар өздерінің кәсіби шыңдалуы әртүрлі кезеңде болатындығын көрсетті. Мысалы: ұшқыштардың, кәсіби спортшылардың, балет артисттерінің және т.б. кәсіби шыңдалуы ересектіктің алғашқы сатысында басталады, одан кейін оларда тұрақтану кезеңі болады. Ал басқа мамандықтарда, мысалы, дәрігер-хирург, авиадиспетчер, т.б. мамандарда кәсіби шыңдалуы ересектіктің орташа немесе тіпті соңғы кезеңіне келуі мүмкін.

Барлық осындый жағдайларда кәсіби өнімділік шеберлікке, білімге, тәжірибеге және функционалды дайындыққа байланысты.
22 бет

6 Дәріс(2 сағат). «Ерте балалық шақ (1-3 жас)». Шетелдік периодизация теорияларына сынды талдау (А.Гезелл,С.Холл,К.Бюлер, Ш.Бюлер, А.Валлон, Ж.Пиаже).

Жоспары:


  1. 1-3 жас аралығындағы бала дамуының жалпы сипаты.

  2. Ерте балалық шақтағы заттық іс-әрекеттің мақсаты, оның даму сатылары.

  3. Ерте балалық шақтағы заттық іс-әрекеттің қалыптасу механизмі.

  4. Сөйлеудің қалыптасуы. Пассивті және активті сөйлеу.

Сәбиліктен кейін адамда жаңа кезең басталады - ерте жастық шақ ( 1 жастан 3 жасқа дейін). Сәбилік баланы есту мен көру қабілеттіліктерімен қаруландырады. Бала денесімен жұмыс істей бастайды, қол қозғалыстарын басқарады. Ерте жаста бала енді әлсіз емес, ол өзінің қимылдары мен үлкендермен қарым-қатынасқа ұмтылуда барынша активтілік көрсетеді. Алғашқы жылында сәбиде адамға тән психикалық әрекеттердің алғашқы формалары қалыптасады. Психикалық дамудың алғашқы тарихы енді шын тарихына орын берді. Келесі екі жыл - ерте жастық шақ кезеңі - балаға жаңа жетістіктер алып келеді.

Алғашқы үш жылда бала ұшыраған сапалы өзгерулер өте маңызды, сол себепті кейбір психологтар (мысалы, Р.Зазза) туылғанынан бастап ересек болуға дейінгі адамның психикалық даму жолының ортасы баланың үш жасы деп белгілейді.

Көптеген зерттеулер көрсеткендей, үш жасар бала үнемі заттар әлеміне кіреді, көптеген тұрмыстық заттарды қолдана алады және заттық әлемге бағалы қатынаста болады. Ол өз-өзіне қызмет ете алады, қоршаған адамдармен өзара қатынасқа түсе алады. Ол тіл арқылы үлкендермен және басқалармен қарым-қатынасқа түседі, мінез-құлықтың қарапайым формаларын ережелерін орындайды.

Үлкендермен қарым-қатынаста балада айқын еліктеу байқалады және бұл идентификацияның қарапайым формасы болып табылады. Баланың үлкенмен және үлкеннің баламен идентификациялы қарым-қатынасында сәбиді басқа адамға деген эмоционалды қатынасқа дайындайды. Баладағы идентификация фонында адамдарға деген сенім сезімі пайда болады (базалық сенім сезімі, Э.Эриксон), сонымен қатар материалды, психологиялық және рухани мәдениетті иеленуге дайындалады.

Бала психикасының дамуын анықтайтын ерте жастық шақтың негізгі жетістіктері болып саналатындар мыналар: денені игеру, тілді меңгеру, заттық іс-әрекеттің дамуы. Осы жетістіктер мынада байқалады: дене активтілігінде, қимыл мен қозғалыстардың үйлесімділігінде, түзу жүруде; арақатынасты және зеңбіректі қимылдардың дамуында, сөйлеудің қарқынды дамуында, орын басу мүмкіндіктерінің дамуында, символикалық әрекеттер мен белгілерді қолдануда; көрнекі-қимылдық, көрнекі-бейнелік және белгілік ойлау дамуында; елес пен ес дамуында; елес пен ерік көзі ретінде өзін сезінуде; өзіндік «Меннің» шығуы және тұлғалық сезімнің пайда болуында.

Жалпы сезімталдылық дамуға деген онтогенетикалық потенциалының тоқтатылмауынан болады, сонымен қатар жағымды эмоциялар қажеттіліктері мен танымды болу қажеттілігінің дамуы мен қалыптасуы жүретін адамдар қатынасының әлеуметтік кеңістігіне баланың психологиялық кіруі.

Қарым-қатынас ерекшеліктері. Ерте жаста, әсіресе оның бірінші жартысында, бала әлеуметтік қатынастар әлеміне енді кіре бастайды. Ол мама, папа және әжесімен қарым-қатынас арқылы нормативті мінез-құлықты игереді . Бірақ осы кезеңдегі мінез-құлық мотивтері саналы емес және маңыздылық дәрежесіне байланысты жүйеге реттелмеген. Тек бірте-бірте баланың ішкі дүниесі тұрақтылық пен анықтылыққа ие болады. Бұл дүние үлкендердің әсерінен қалыптасса да, бала бірден өзінен күткен адамдар мен заттарға деген қатынасты игере алмайды.

Үлкендермен қарым-қатынаста формалардың өзгеруі бала дамуының ерте жасында шешуші мәнге ие, бұл әдеттегі заттар әлеміне кірумен және заттық іс-әрекетті игерумен байланысты. Дәл осы заттық іс-әрекетте үлкендермен қарым-қатынас арқылы сөз мәндерін игеру және оларды заттар бейнелері мен қоршаған орта құбылыстарымен байланыстыру негізі құрылады. Басқарудың «саңылау» формалары (қимылдарды көрсету, қозғалыстармен басқару, растауды жест пен мимика арқылы білдіру) баланы затты қолдану ережелері мен әдістеріне үйретуге жеткіліксіз болып бара жатыр. Баланың заттарға, олардың қасиеттері мен әрекеттеріне қызығушылықтарының өсуі үлкендерден үнемі көмек сұрауды тудырады. Бірақ көмек сұрау да, сол көмекті алу да тілдік қарым-қатынасты игерген кезде ғана болады.

Мұнда көбісі үкендердің балалармен қарым-қатынасты қалай ұйымдастырғанына және осы қарым-қатынасқа қандай талаптар қойылуына байланысты. Егер балалармен аз араласып, оларға деген қамқорлықты шектесе, онда олар бірден сөйлеу дамуынан артта қалады. Басқа жағынан, егер үлкендер балалармен қарым-қатынаста олардың бірінші жестінен ақ әрбір тілегін орындаса, бала ұзақ уақыт бойы сөйлеу қабілетінсіз жүре береді. Ал егер үлкендер баланы анық сөйлетсе және мүмкіндігінше өз тілектерін сөзбен жеткізсе ғана оларды орындайды.

Сөйлеудің дамуы. Ерте жастық шақта сөйлеудің дамуы екі жолмен жүреді: үлкендердің сөйлеуді түсінуін жетілдіру және баланың өзінде белсенді сөйлеудің қалыптасуы.

Сөздерді көрсетілген заттарға және қимылдарға қатыстыра алу балаға бірден келмейді. Алдымен нақты зат пен құбылыс емес, жағдай түсіндіріледі. Бала үлкендермен қарым-қатынаста сөзбен анық қимылдар жасаса, басқа адаммен айтылған дәл осы сөздерге мүлдем жауап бермеуі мүмкін. Осылай, бір жастағы сәби анасымен қарым-қатынаста басына, мұрнына, көзіне, аяғына және басқа да дене мүшелеріне көрсете алады, бірақ адамдардың дене мүшелерін көрсету сұрауларына ол жауап бермеуі мүмкін. Бала мен ана өте тығыз интимді байланыста болады, мұнда тек сөздер ғана емес, сонымен қатар жесттер, мимика, дауыс ырғағы және қарым-қатынас жағдайы - бәрі бірге әрекетке сигнал болады.

Үлкенмен қарым-қатынаста бала оның сөздеріне дұрыс жауап береді, егер бұл сөздер көп рет анық жесттермен қайталанса. Мысалы, үлкен балаға айтады: «Қолыңды берші» - және соған сәйкес жест істейді. Бала өте тез жауапты әрекетке үйренеді. Сонда ол тек сөздерге ғана жауап бермейді, сонымен қатар толық жағдайға жауап береді.

Кейінірек жағдай мәні өтіледі, бала сөздерді түсіне бастайды, оларды нені айтып жатқанын түсінеді және ол сонымен бірге ере жүретін жесттерге тәуелсіз. Бірақ бұл жерде де сөздер мен көрсетілген заттар және құбылыстар арасындағы байланыс көп уақыт тұрақсыз болады. Бұл үлкеннің балаға берген сөздік нұсқаулар кіретін жағдайларға тәуелді.

Бір жарым жылдан кейін баланың қимылдық бағынулары үлкеннің сөздік нұсқауларына мықты бола бастайды, бірақ егер нұсқау мен орындау арасында уақыт аралығы енгізілсе немесе нұсқау дағдыланған әрекеттермен қарама-қайшы болса бұзылады. Баланың көзіншебалықты аударылған шынының ішіне салады. Содан кейін оған айтады: «балық шынының астында, алып берші балықты!», сонымен қатар баланың қолын 20-30 сек ұстап тұрады. Осы таңдаудан кейін бала басқа заттарға алаңдап, нұсқауды орындауға қиналады.

Басқа жағдайда баланың алдына екі затты қояды - шыны мен қасықты - сосын айтады: «шыныны берші, шыныны берші!» деп. Ол шыныға ұмтылады. Ал егер де осы нұсқауды бірнеше рет қайталап, кейін: «қасықты берші!» десе, онда бала шыныға қолын созуды жалғастырады, үлкеннің сөздік нұсқауларына бағынбай жатқанын өзі байқамайды.

Екі жастық балаға сөз өте ерте тежеушіден гөрі жіберуші мәнге ие болады: балаға сөздік нұсқау бойынша қандай да бір әрекет жасау оңайырақ, бастаған істі тоқтатқаннан гөрі. Мысалы балаға есікті жабуды ұсынса, ол оны көп рет жаба және аша бастайды.

Әрекетті тоқтату - басқаша. Алайда бала ерте жастан-ақ «болмайды!»сөзінің мәнін түсіне бастайды, тыйым үлкендер қарағандай магиялық түрде әсер етеді.

Тек үшінші жылда ғана үлкендердің сөздік нұсқаулары баланың мінез-құлқын әр түрлі шарттарда шын мәнінде тәртіпке сала алады, оның әрекеттерін шақырады және тоқтатады, тікелей, сонымен қатар уақыты өткенде әсер ете алады. Үлкендердің сөйлеуін түсіну осы кезеңде сапалы өзгереді. Бала бөлек сөздерді ғана түсінбей, үлкеннің нұсқауы бойынша заттық әрекеттер де істей алады. Ол үлкендердің әңгімелесулерін қызығушылықпен тыңдайды, олардың не туралы ойлап жатқанын түсінуге тырысады. Бұл кезде балалар белсенді түрде балалық ертегі, әңгімелер, өлеңдер мен мағынасы жағынан күрделілері де туындайды.

Тікелей қарым-қатынас шегінен шығатын ақпаратты тыңдау мен түсіну бала үшін өте маңызды алулар. Ол сөйлеуді іс-әрекеттің танудың негізгі құралы ретінде қолдануға мүмкіндік береді. Осыны есепке ала отырып, тәрбиелеуші баланың есту мен түсіну қабілеттіліктерінің дамуын бағытты басқаруы керек.

Баланың активті сөйлеуінің дамуы бір жарым жасқа дейін ақырын жүреді. Осы кезеңде ол 30-40 сөзден 100 сөзге дейін меңгереді және оларды сирек болса да қолданады.

Бір жарым жастан кейін бала ынталы бола бастайды. Ол үнемі заттардың атауын сұрап қана қоймай, сол заттарды білдіретін сөздерді деайтуға тырысады. Басында оған сөздік қабілеттіліктер жетіспейді. Бірақ кейін «Бұл не?» сұрағы үлкенге айтылған үнемі шарты бола бастайды. Сөйлеудің даму шапшаңдығы бірден артады. Екінші жылдың аяғына таман бала 300 сөзге дейін қолдана алады, үшінші жылдың аяғында 500-ден 1500 сөзге дейін.



Үлкен мен баладағы қарым-қатынас идентификациясы. Сәбилік кезеңнің аяғы мен ерте жастық шақтың басында балада паралингвистикалық белгілік жүйе қалыптасады (мимика, жест және т.б.). осындай қарым-қатынасқа маңызды қалыптасулар үлкенге еліктеу негізінде жүреді, ол идентификацияның алғашқы формасы болып табылады.

Бала меңгеретін қарапайым белгілік жүйе үлкеннің жауапты реакциясына стимулға айналады, ең алдымен ананың. Бала психологиялық идентификацияға бағытталған тікелей эмоционалды байланыс құралдарын қолданады және сонымен бірге идентификация деңгейін орнатады. Идентификациялық қатынасты орнатуда ана бейсаналы түрде денемен контакт әдістерін қолданады.

Баланың өзінің күйлеріне байланысты анасымен қарым-қатынас пен идентификациясын туғызады - балалық қуаныштан қайғыға дейін. Балаға өзінде терең эмоционалды қызығушылықты сезінген өте маңызды. Әрине, оның сезімдері эгоистті, бірақ олар арқылы адамдар өзара қатынас идентификациясының алғашқы этаптарын меңгереді. Идентификация мүмкіндіктерінің дамуында баланың сөйлеуді меңгеруі өте маңызды.Үлкен жағынан идентификацияға дайындық шарттарында баланың көңіл-күйі жоғарылайтыны анықталды және осымен баланың жалпы белсенділігі байланысты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет