23 мектебіні бойынша әдістемелік кеңес жұмысының есебі. 2016-2017 оқу жылы Мектебіміздің әдістемелік жұмысы


«Статистикалық мәліметтерді беру тәсілдері. Диаграмма» сабағына тоқталсам



бет8/10
Дата04.08.2017
өлшемі3,62 Mb.
#22890
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
«Статистикалық мәліметтерді беру тәсілдері. Диаграмма» сабағына тоқталсам:

Мұғалім сабағын жеті модулді басшылыққа алып жоспар жасаған. Себебі оқушыларға берілетін тапсырмаларға модулді енгізу арқылы оқу үдерісінің айырмашылығын және оқушының білім-білік дағдыларына, ойлау қабілеттеріне, мысалдарды қандай деңгейде меңгере алатындығын, сабаққа деген қызығушылығы қалай болады деп, яғни бұрынғы дәстүрлі сабақ пен оқудағы жаңа тиімді әдіс-тәсілдерді қолдануда жақсы жақтарын, жетістіктерін зерттеу,байқау мақсатында болды. Жұмысты орындауда сабақта жеті модульді кіріктіру, тапсырманы сыни тұрғыда ойлауға бағыт – бағдар беру , диалогтық оқыту , бағалау, АКТ-ны қолдануды және оны оқытуда рөлі басты назарында болды. Ол үшін мұғалімге іскерлік , ізденіс , шығармашылық , табандылық пен төзімділік қажет ететіндігін түсінді.Мұғалім сабақта қолданған әдіс-тәсілдерін тиімді қолданғаны, оқушының сабақта алған білімдерін өмірде де тиімді пайдалана алатындықтарын, оқушылардан алынған кері байланыстардан көрініп тұрды.

А.Ешекенованың 6 «а» сыныбына биология пәнінен өткізген «Саңырауқұлақтардың көп түрлілігі » тақырыбында өткізілген сабағы

Саңырауқұлақтардың түрлерімен таныстыра отырып,оқушыларды жеуге жарамды және улы,паразитті саңырауқұлақтарды ажыратуға және табиғатты қорғауға тәрбиелей отырып,

« Тыныс алуға зейін қою» психологиялық тренингпен бастады.

Түрлі- түсті саңырауқұлақтардың суреттері бойынша оқушыларды

1-топ: Жеуге жарамды

2-топ: Жеуге жарамсыз

3-топ: Паразит 3 топқа бөліп, топ басшыларын сайлады.

Өткен сабаққа байланысты сұрақтар қойып, кері байланыс жасады.

Мұғалім мен оқушы арасында диалог құру, сұрақ- жауап әдісі тиімді қолданылды.



Оқушылар сабақта «Не сезіндім?», «Не ұнады?» деген сұрақтар бойынша алдарындағы смайликтерге өз жауаптарын жазып корзинаға салды. Сабақ сәтті өтті.

Ш.Желтауованың 8«б» сыныбына геометрия пәнінен өткізген «Трапецияның ауданы» сабағы

Сабақ алдымен жаңа форматта жоспарланды. Іс-әрекетті бойынша зерттеуге үш оқушы таңдалған: А-оқушысы В-оқушысы С-оқушысы Бұл сабақта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру үшін мұғалім алдымен оқушыларға тренинг өткізді. р жасалған тапсырмалардың барлығы әр түрлі бағалау әдістерімен бағаланды. (баллдық жүйе арқылы бағалау,екі жұлдыз,бір тілек т.б) А-деңгейіндегі оқушы сабақ барысында белсенді, топпен жұмыс жасай алды,ойын нақты еркін жеткізді. В-деңгейіндегі оқушы өзін еркін сезінеді, өзіне-өзі сенімді, белсенділік танытып отырды С-деңгейіндегі оқушы ұяң, өз-өзіне сенімсіз, топпен жұмыс кезінде өзі белсенділік танытқан жоқ, бірақ постер қорғау кезінде өз ойын айтты. Оқушыларға соның ішінде әр деңгей бойынша өзін-өзі бағалау ұнады. Мұғалімге болашақта осы бағдарлама бойынша жұмысты жүйелі , тиімді жүргізу арқылы оқушылардың тереңде жатқан ойын дамыта , оларды сөйлеуге,сыни тұрғыдан ойлауға , өмірде де тиімді пайдалана алуға және дәлелдеуге үйрету үшін жұмыстана беру тапсырылды

М.Китуованың 3 «а» сыныбына дүниетану пәнінен өткізген «Өсімдіктер дүниесін қорғау» тақырыбында өткізілген сабағы.

Мұғалім сабағын оқушыларға психологиялық сергітумен бастады. Сабағындағы негізгі идея сабырлық, адамгершілік бағытына бағытталды. Күтілетін нәтижеде оқушыларды ауызбірлікпен топпен бірлесе жұмыс жасай отырып, тақырыпты меңгерту болды. Сабақта оқушылар өздерінің білу, түсіну стратегиясы бойынша пысықтап білімдерін ортаға салды.

Мұғалім сабақта оқушыларды Күн, Су, От болып үш топқа бөлді. Сабаққа сәйкес видеодан өсімдіктердің жетілуі, өсуі туралы көре отырып, естеріне түсірді.Топта отырып ұмытып қалған оқушыларға көмекке өз тобындағы достары көмектесті. Одан әрі қарай балалар «Мұқият тыңдап, досыңа түсіндір» әдісі бойынша видеодан тыңдап, тысқа шығып ойын жинақтап, түсінігін айтты.Айта алмағандардың құлағына достары сыбырлап естеріне түсірді. Ол әдіс өте қызықты өтті.Топ басшыларына өз топтарына сәйкес постер қорғау тапсырылды.Уақыт белгіленіп тез арада жарыса қорғады. Онда балалар бес жол өлең, өз өлеңдерін, суреттерін, мақал-мәтел тауып таңғалдырды. Келесі тапсырма тәжірибе жасау болды.



Балалар бұнда өздері өсінділер мен пияз не тамыры жоқ өсімдіктерді қалай көбейтуге болатындығын айтып көрсетті. Оқығаныңды есіңе түсір, өтілген тақырып бойынша түрлі әдістер арқылы жауап алынды. Мұнда кітаптағы материал мен байланысты мәтіннен керекті жауаптар оқылды.Тест сұрақтарына жауаптар да айтылды. Кептірілген өсімдіктерді де тауып көрсетті. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы өте жоғары болды. Бір-бірін тыңдап жанашырлықпен, адамгершілікпен сабақ қызықты жалғасты.Талдау,жинақтау әдісі бөліміне келгенімізде өздері ВЕНН диаграммасы арқылы адамдар мен өсімдіктерге тән ортақ іс-қимылды айтып берді. Сабақ барысында әрбір баланы мадақтап, бағалап, тақтаға топқа стикерлер жабыстыру арқылы ұпайлар берілді. Олар өздері жеке,жұптық,топтық жұмыстар түрлерін көрсетті.Соған сәйкес мен де оларды бағаладым. Сабақ соңында оқушылар қолдарына гүл шоқтарын алып, кері байланыс жасауға кірісті. Келген барлық қонақтарға сабақпен байланыстыра тілектерін айтып, жақсылық тіледі. Мұғалім сабағында жоспарлаған жұмыстарының барлығы сәтті өтті.



Мұғалім ретінде жүрекжарды тілегін оқушыларға да, келген қонақтарға да «Гүлжүрек» әдісімен аяқтады.

Ж.Ерманованың



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет