24«Жаралы гингивит» диагнозына тән рентгенологиялық зерттеу қорытындысы


Науқас А., 26 жаста. Диагноз: Жоғарғы еріннің туа пайда болған толық жырығы. Хирургиялық емдеу әдісін таңдаңыз



бет327/922
Дата22.04.2022
өлшемі1,24 Mb.
#140525
1   ...   323   324   325   326   327   328   329   330   ...   922
Байланысты:
24«Жаралы гингивит» диагнозына т н рентгенологиялы зерттеу оры

Науқас А., 26 жаста. Диагноз: Жоғарғы еріннің туа пайда болған толық жырығы. Хирургиялық емдеу әдісін таңдаңыз:


+Хейлопластика
Уранопластика
Вестибулопластика
Френуллопластика
Стафилопластика
***

Науқас А., 28 жаста. Анамнезінен: 25 тістің ауырғанына 2 тәулік болды. Объективті: сол жақ жоғарғы жақ аймағы жұмсақ тіндерінің ісінуі есебінен бет асимметриялы. Пальпациясы ауырсынады. Ауыз ашылуы ауырсынады. 25 тістің сауыты 2/3 бұзылған, перкуссия ауырсынады. Тістің айнала шырышты қабаты қызарған, ісінген, пальпациясы ауырсынады. 25 тісті жұлу үшін құралды таңданыз:


Тіке қысқаш
Тіке элеватор
Құстұмсық қосылатын қысқаш
Құстұмсық қосылмайтын қысқаш
+S-тәрізді иілген қысқаш
***
Науқас А., 34 жаста, ерін құрғауына, тартуы сезіміне, қабыршақтануына шағымданады. Нақты аурудың дамуы: аллергологиялық анамнезі теріс, науқастың мамандығы ұзақ уақыт суық ауада болуына байланысты. Объективті: төменгі еріннің қызыл жиегі гиперемияланған және инфильтрленген, ұсақ қабыршақтармен жабылған. Ерін маңының шырышты қабаты және терісі патологиялық өзгеріссіз. Көптеген тісжегі қуысы, борпылдақ тіс шөгінділері анықталады. Берілген клиникалық жағдайда қандай болжамды диагноз?
Эксфолиативті хейлит, құрғақ түрі
+Метеорологиялық хейлит
Гландулярлы хейлит
Контактты аллергиялық хейлит
Актиникалық хейлит
***
Науқас А., 40 жаста. 2.6 – шы тісін жұлғаннан 3 күннен кейін аузын шайғанда
сұйықтықтың мұрын қуысына өтуін байқаған. Болжамалы диагноз:
Жедел іріңді гайморит
Жедел токсикалық гайморит
+Гаймор қуысының жедел перфорация
Гаймор қуысының созылмалы перфорация
Мұрын түбінің жедел перфорация
***
Науқас алынған жарақаттан соң жақтарды түйістіру кезіндегі ауырсынуға шағымданады. Қарау кезінде мұрын-ерін қатпарлары тегістелген, беті ұзарған, ауыз қуысы кіреберісінің шырышты қабатында қан құйылыстар байқалады, окклюзиялық өзара қатынас бұзылған (ашық тістем), пальпация кезінде мұрын және бет сүйектерінің қатысынсыз жоғарғы жақ қозғалысы анықталды. Рентген суреттегі көрініс қандай?
Бас ми сүйектерінен бет және мұрын сүйектерінің ажырауы байқалады.
Сынық сызығы кеңсіріктен көз түбіне өтіп, бетжақ тігісінен қанат тәрізді өсіндіге өтеді.
+Альвеолярлы және таңдай өсінділерінің бөлінуі.
Сынық сызығы кеңсіріктен көз түбіне және негізгі сүйекке қарай өтеді.
Бас қаңқасынан таңдай және бет өсінділерінен бөлінуі.
***
Науқас ауыз қуысының құрғақтығына, тағам қабылдағанда, сөйлегенде ауру сезім болатына, күйдіру және дәмнін бұзылуына шағымданады. Қай ауруда осы симптомдар байқалады?
лейкоплакия (жазық және веррукозды түрі)
қызыл жалпақ теміреткі (әдеттегі түрі)
+жедел атрофиялық кандидоз
актиниялық хейлит
аллергиялық стоматит
***


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   323   324   325   326   327   328   329   330   ...   922




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет