Пациент 17 жаста қызыл иектің қанауына және ауырсынуына шағымданады. Бұл шағымдар 14 жастан бері анда-санда мазалайды. Дәрігер-стоматологқа бармаған. Кейінгі уақытта қызыл иектің қанауы күшейген. Жалпы аурулары: созылмалы тонзиллит. Қарап тексергенде: бет пішіні өзгермеген. Жақ асты лимфа түйіндері ұлғаймаған. Ауыз қуысының шырышты қабағы ақшыл-қызыл түсті. 1.6, 1.3, 2.3, 2.7, 3.5, 4.3 доғаның сыртында. Тістері емделген, 1.5, 2.4, 3.4, 4.5 тістердің жанасу бетіндегі пломбалары тіс арасын жауып тұр. Қызыл иек емізікшелерінің өсуі байқалады. Қызыл иек емізікшелері мен жиегі қызарған, домбыққан, шұқып тексергенде қанайды. Тістер бетінде жұмсақ тіс қағы көп. Диагноз қойыңыз:
жедел катаральды гингивит
созылмалы катаральды гингивит
+созылмалы гипертрофиялық гингивит
жедел гипертрофиялық гингивит
жедел жайылған пародонтит жеңіл түрі
***
Достарыңызбен бөлісу: |