№25 жалпы білім беру мектебінің
1 «б» сыныбының оқушысы
Садық Райанаға
Оқушыға мінездеме
№25 жалпы білім беру мектебінің 1 «б» сыныбының оқушысы Садық Райана жылы дүниеге келген.Райана 2020 жылы 1 қыркүйекте мектепке қабылданды.Әлеуметтік жағдайы жақсы.Мектеп талабына сай киінеді, сырт бейнесі тартымды, таза жүреді. Сынып ішінде, оқушылар арасында беделді және сабаққа белсенді қатысатын жан-жақты оқушылардың бірі.Райана сабақ үстінде өз ойын жүйелі түрде айтып жеткізе алады,оқу материалын тез қабылдайды,есте сақтау қабілеті жақсы,оқуға деген талпынысы жоғары.Қызыға оқитын пәндері:ана тілі, жаратылыстану, дүниетану.Сыныпта мұғалімнің айтқанын мұқият тыңдайды, өзіне берілген тапсырмаларды тиянақты орындайды, мектепте өтетін іс – шараларға белсене араласады, сыныптан тыс « шаһмат» үйірмесіне барады.Сабаққа кешігіп келмейді, сабақты себепсіз босатпайды.Мектепте қойылған талаптарды сақтайды, тәртібі мектеп ережесіне сай.Мұғалімдермен де жақсы қарым-қатынас орната біледі, мұғалімдерді сыйлайды, үлкенге құрмет, кішіге ізеттілік көрсетіп жүреді. Сабақ үстінде шуласу, дауласу, орнынан тұрып жүру сияқты жат мінез қылықтарды көрсетпейді,өзің жақсы ұстайды. Мінезі ашық, ақкөңіл,үнемі күліп, қөңілді жүреді.Оның ашуланған сәттері сирек байқалады. Оның бойынан көшбасшылық, жауапкершілік, шыдамдылық сияқты жақсы қасиеттерді көруге болады. Сынып ішінде барлық оқушылармен қарым-қатынасы жақсы,достарының арасында сыйлы, әрқашан достарыңа көмектесіп жүреді.