Ханшайым: Менің қолшатырыма не болды, мен қайда тап болдым. Мынау әдепсіздер орманы емес пе? Саңырауқұлақтар жұлынған, гүлдер тапталған. Әдепсіз, тентек аңдар тұратын болды ғой. Осылай жалғаса беретін болса, онда ормандағы бүкіл өсімдік: ағаш, саңырауқұлақ, гүлдер құрып кетеді.
Балалар, сендер де бақылап отырсыңдар ма? Сіздермен танысайын.
Сәлеметсіңдер ме балалар! (балалар жауабы: «Сәлеметсіз бе, Ханшайым»).
Атың кім? (1-2 балаладан сұрайды).
Тәрбиеші: Ханшайым, балалар аттарының қандай дыбыстан басталатынын және дыбысты айыра алады.
(Балалар жауабы: Менің атым Ернар - Е дыбысынан басталады т.с.с.
Н-а-а-зерке- балалар а дыбысын айырады.
3-4 мысал келтіру, сұрау.
Ханшайым: Балалар, мына әдепсіздіктен не істесем екен? (ойланады) Сиқырлы таяғыммен сыпайылық елінен достарымды шақырайын (кетеді).
Тәрбиеші: Сыпайылық елінде Бақтияр деген бала болыпты. Оның достары көп екен. Бәрінен қоян мен кірпіні жақсы көреді екен. Бір күні Бақтияр далаға шықса, екеуі ренжісіп отыр екен. (Қоян мен Кірпі отырады).
Бақтияр: Екеуіңе не болған, ренжісіп қалдыңдар ма?
Қоян : Мен кірпімен дос болмаймын. Ол әдепсіз. Мен оған сәлем, достым десем, жауап бермейді.
Кірпі:Сол сөзді жүз рет айтасың, сені кеше ғана көрдім ғой.
Бақтияр: Кірпі, оның не, қоян досым ауырып қалсын дейсің бе?
Кірпі: Жоқ, мен ауырып қалғанын қалаламаймын.
Бақтияр: Сәлеметсіз бе, деген сөз денің сау ма, ауырып қалма деген сөз емес пе?
Қоян:Сен өзің ғой, мені қыли деп мазақтай бересің.
Кірпі: Сен өзің менің атымды атамай, әй, сен деп айқайлайсың.
Бақтияр: Ой, жайларың белгілі болды достар бір-біріңді сыйлап, құрметтеу керек.
Қоян: Кірпі, кешір досым.
Кірпі: Сен де мені кешір. Татуласайық қоян досым, екеуміз балаларға тақпақ айтып берейік.
Е.Өтетілеуов «Қос қорқақ».
Абдырап сұр Көжек Аяғым астында
Қалтырап тұр Көжек, Құп-құрғақ жапырақ
«Бұл не шу, сыбдыр ?-деп, бір адым бастым ба-
Маңайда жүр кім?-деп, Кетеді саудырлап,
Әлде аңшы Қаудырлап
Мылтығын кезеген, Сол кезде
Не қасқыр Өзім де
Олжасын көздеген Дір ете қаламын,
Әлде аю Лезде
Әлдене іздеген!» Көзімді
-Қорықпа қылиым, Тарс жұмып аламын-
Бұл, мен ғой- Қос қорқақ күрсінді
Кірпімін. Бір –бірін түсінді.
-Әй, осы қылығың!...
Алмайсың бір тыным
Құрттай боп,
Орманды
Көшіріп келесің
Елегізіп тұрғанда
Қорқыта бересің!-
деп Көжек
Ұрысып тастады
Кірпі де
Ақтала бастады
-Қайтейін Қылиым,
Жоқ басқа амалым
Қанше еппен жылжиын,
Бүлдіріп аламын
Тәрбиеші: Біз де егер ренжіскен жағдай болса, «Татуласу» тақпағын айтып достасамыз.
(Балалар екі-екіден бір-біріне қарап, қолдарын шапалақтай отырып айтады)
Татуласу.
Әкел, досым қолыңды
Татуласқан орынды
Өкпелесіп не таптық
Көрсет, кәне соныңды
Баққа бірге кірейік
Қол ұстасып жүрейік
Татулықтың белгісі
Кел, қосылып күлейік.
Тәрбиеші: (Аңдарға қарап)-Міне, қараңдаршы әдептілік елінде қандай ақылды балалар тұрады. Кәне сендер орманды тәртіпке келтіріп, саңырауқұлақ, гүлдерді жинаңдар. (Аңдар жинайды).
Ойын «Кім қандай сиқырлы сөздер біледі».
Ойын тәртібі: Бастаушы балаға доп лақтырады, бала мыс: сәлеметсіз бе, болама, сау болыңыз, өтінемін, беріңізші т.б. сөзді айтып кері лақтырады.
Ойын «Ұзын, қысқа сөздер»
Балалар алақандарын бір-біріне тигізе отырып сөздің ұзыны, қысқасын айырады.
Мысалы: сәлем - қысқа, сәлеметсіз бе - ұзын, бер - қысқа, беріңізші – ұзын (4-5 баладан сұрау).
Дәптермен жұмыс:Тәрбиеші тақтаға (магнитті) суретті іледі.
1 – жағдай. Анасы қызына алма сатып әкеледі. Анасы қызына түскі тамақтан соң жерсің деді. Алма сондай қызыл, дәмді еді. Қыз: Анашым, маған алма жеуге рұқсат беріңізші. Түскі тамақты тауысып ішіп қоюға уәде беремін,-деп сұрады.
Анасы қызына рұқсат берді ме? (Рұқсат берді, себебі қызы анасына беріңізші деп сиқырлы сөзді қолданып сұрады).
Біраздан соң ағасы мектептен келіп, алманы көрді де, екі алманы жеп қойды. Қалай ойлайсыңдар, ағасы дұрыс жасады ма? Неге? Сен не істер едің?
Сергіту сәті. Қазақша ай аттарын білесіңдер ме?
Қыс айы: желтоқсан мен (саусақтарын бүгеді)
Қаңтар, ақпан
Ағаштар ақ мамықтан (қолдарын жоғарыдан төмен
Алқа таққан бұлғалайды н/е шайқалған ағаштар)
Көктем айы: сәуір мен (саусақ бүгу)
Наурыз, мамыр
Құстар да қайта (құсша қанат қағу)
Оралып келіп жатыр
Жаз айы: маусым, саусақ бүгу
Шілде және тамыз
Таза ауа, көк майсада кеудені кере дем алып, шығару
Дем аламыз
Күз айлары тамаша саусақ бүгу
Қыркүйек, қазан, қараша
Сары кілем бейне бір қолды кең жайып, жинау
Жердің беті қараса
2 – жағдай. 2 бала жасырынбақ ойнап жүрді. Бірі ағаш артына тығылмақ болып жүгіргенде құлап, аяғын жарақаттап алды. Екіншісі оған тұруына көмектесіп, былай деді: Сен жылама, үлкенсің ғой, қазір сенің аяғыңды байлап береміз т.б. жұбату сөздері.
Сұрақ: Мысалы, Арсен дұрыс жасады ма? Сен қалай ойлайсың? Неге? т.б.
Балалар бір-біріне жұбату сөздерін айтады. Мысалы, Дана қолын есікке қыстырып алды, сен қалай жұбатасың, Назерке көйлегін жыртып алды. Қалай жұбатар едің? т.с.с.
Достарыңызбен бөлісу: |