Жауабы:-Жатыр жыртылуының қаупі
Жедел жәрдем көмегімен босану үйіне 20мин бұрын мерзімі жетілген әйел қыз босанған. 25 жастағы әйел ауырып келді, қабылдау бөліміне әкелді. Ұрық жолдары өздігінен ажырады және бөлшектері жеткіліксіз бөлінді. Көмек көрсету әрекетінің көрсетіңіз:
Жауабы:-Жатыр қуысын қолмен тексеру
Әйелдер кеңесіне 25 жастағы әйел жыныс еріндері маңына отырғанда, жүргенде ауырлық, әлсіздікке, дене қызуы 39,00гр көтерілгеніне шағымданып келді. Сыртқы жыныс мүшелерін қарағанда жыныс еріндері ісік тәрізді анықталды. Сіздің тактикаңыз:
Жауабы:-Бартолинит, хирургиялық ем
Әйелдер кеңес үйіне 24 жастағы әйел сыртқы жыныс мүшелері маңында ашығанды, ауырғанды, қышығанды, жүргенде зәр шығарғанда күшейетіндігіне шағымданып келді. Қарағанда сыртқы жыныс мүшелері маңында жаралар анықталған, лейкоциттер, ашытқы саңырауқұлақтар анықталған. Сіздің диагнозыңыз?
Жауабы: Вульвовагинит
34 жастағы әйел гинеголог дәрігерге жыныс жолдарынан жағымсыз иіс бар екеніне шағымданып келді. Анамнезінде жыныстық серігін жиі ауыстыратыны анықталды. Қынаптық айна көмегімен қарау барысында қынаптық шырышты қабатының қызарып ісінгендігін бөртпе жаралардың болуы анықталды жасыл түсті көпіргіш қолайсыз иісті. Қандай ауру туралы ойлайсыз? Қандай тексеру жүргізіледі?
Жауабы: Трихоманадты кольпит
15 жастағы бой жеткен қыз жыныс жолдарынан қан кетіп, жедел жәрдемнің көмегімен аурухананың гинекологиялық бөліміне түсті. Анамнезінде алғашқы етеккір 14 жаста келді. 2ай ішінде етеккір қалыптасты. Сондай ақ етеккір 3ай көлемде кешігіп келеді. Қандай бұзылыстардан кейін қан кетті? Осы аралықта анасының өмірден өтуінен орын алған. Қан тоқтату маңызды қандай ем тағайындайсыз?
Жауабы: Гормональды гемостаз
17 жастағы бой жеткен қыз алғашқы етеккірінің 16 жастан бір көрініп әрі қарай келмей қалуына шағымданып апасы мен гинеколог дәрігерге көрінуге келді. Анамнезінен балалар инфекциясының бар екен, тұмаумен жиі ауырады. Сіздің болжам диагнозыңыз?
Жауабы: Аменорея
Достарыңызбен бөлісу: |