2.Әлеуметтік педагогтың жұмысын ұйымдастыру


Отбасының тәрбиелік белсенділігін анықтауға



бет16/52
Дата26.01.2022
өлшемі192,53 Kb.
#115003
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   52
Байланысты:
ДИПЛОМ

Отбасының тәрбиелік белсенділігін анықтауға

 төмендегі анкета көмектеседі:

Сауалнама № 1 (ата-аналар үшін)


  • Қанша уақыт (шамамен) сіз балаңызбен бірге боласыз (күні бойы, апта бойы, бірлескен жұмыста, сұхбаттасқанда, кинода, театрда, кітапханада, серуендегенде, т.б. )

  • Бұдан басқа қарым-қатынас түрлеріңіз бар ма? Атап көрсетіңіз.

  • Осы уақытты балаңызды тәрбиелеуге жеткілікті деп ойлайсыз ба?

  • Өз балаңыздың даму ерекшеліктігін дұрыс білетіндігіңізге сенімдісіз бе?

  • Бала тәрбиесінде қиыншылықтарды кездестіресіз бе, атап көрсетіңіз? Оны қалай шешесіз?

                                  Сауалнама № 2 ( сынып жетекшілері үшін)

Сыныбыңызда жалпы қанша бала бар? Қанша қыз баласы? Қанша ұл баласы? Ата-аналардың қызметінің негізгі  түрлерін атаңыз.

Мектептен бос уақытта балаға жеткілікті бақылау мен қадағалауды қанша отьасы қамтамасыз етеді; әркезде, күнделікті емес, қадағаламайды.

Қанша ата-ана мектеппен үнемі байланыста болып тұрады? Қанша әке? Қанша ана?

Девианттық мінез-құлқы бар балалар сыныбыңызда қанша?

Толығырақ ақпаратты алу үшін кейбір жағдайда ата-анадан да, баладан да сауалнама алу қажеттігі туындайды.

                                      Ата-анаға арналған сауалнама.


  • Бірлескен жұмыстың қай түрін сіз тиімдірек деп ойлайсыз: ата-аналар жиналысын, ашық сабақтар, мұғалімдердің бала үйіне баруы, ата-анамен әңгімелесуі, балалармен отбасының ұжымын бірлескен жұмыстары, педагогикалық конференция, жұмыстың басты түрлері.

  • Жұмыстың қай түрі сізге қиынға соғады?

  • Бірлескен іс-әрекеттің қай түрі сіздің мектебіңізде жоқ?

  • Бірлескен іс- әрекеттің қай түрін сіз тәжірибеге ендірер едіңіз?

  • Бала тәрбиесінде қиыншылықтарды кездестіресіз бе  және қандай?

  • Оны шешу жолдары қандай деп ойлайсыз?

  • Қиыншылықтарды шешуде бірлескен жұмыстарға дайынсыз ба?

Мұғалімге едәір көмекті аяқталмаған сөйлем әдісі береді. Ата-аналарға төмендегі сөйлемдіаяқтау ұсынылады:

Менің балам оқитын мектепте маған ұнайтыны.....

                  Менің балам оқитын мектепте маған ұнамайтыны.....

                 Бала тәрбиесіне байланысты шешімдер қабылдауға қиналғанымда,            

                 мен....

                Мұғаліммен....... жайлы сөйлескім келер еді.

                Менің баламда мені алаңдататыны.....

                Мен мұғалім орнында болсам.......

           Осы сұрақтардың жауабын салыстыру отбасы тәрбиесінің  жағдайын жақсырақ түсінуге, оларға нұсқау, көмек беруге жүйелі түрде дайындауға көмектеседі.

             Төмендегі тестілерді пайдаланса ата-аналар белсендірек болады:

           Тест 1. «Баланы ата-ана тәрбиелейді. Ата-ананы кім тәрбиелейді?»

Ұсынылған сұрақтарды мұқият оқып шығыңыз. Оларға ашық жауап беруге тырысыңыз. Тест бала тәрбиесіне байланысты белгілі бір қорытынды шығаруға көмектеседі.

Сіз:


  • Кез келген уақытта жұмысыңызды тастап баламен айналыса аласыз ба?

  • Жасына қарамастан онымен ақылдаса аласыз ба?

  • Балаға  жіберілген қателіктеріңізді оның алдында мойындай аласыз ба?

  • Қателіктеріңіз үшін одан кешірім сұрай аласыз ба?

  • Балааңыздың әрекеті сізге қынжылтқанымен өзіңізді игере аласыз ба, салқынқандық сақтай  білесіз  бе?

  • Балаңыздың орнына өзіңізді қоя білесіз бе?

  • Еш болмаса 1 минутқа өзіңізді мейірімді перизат ретінде сезіне аласыз ба?

  • Балаңызды жаралатындай сөздерді пайдаланудан өзіңізді үнемі аулақ ұстай білесіз бе?

  • Жақсы  қылығы үшін балаңызды оның тілегін орындайтыныңызға уәде бере аласыз ба?

  • Балаңызға не істегісі келсе және өзін қалай ұстағысы келсе әрекеттеріне еркіндік беретін, араласапйтын бір күн бере аласыз ба?

  • Басқа баланы сіздің балаңыз ұрса, негізсіз ренжітсе оны елемей қоя аласыз ба?

  • Балаңыздың өтініші мен жылауына егер ол еркелік немесе қырсықтық болса қарсы тұра аласыз ба?

               Жауаптарды мына төмендегі  әріптермен белгілейді:

«Мен мұны істей аламын және әрқашан осылай істеймін » А-3

«Ия, бірақ барлық кезде емес» Ә-2 балл

«Жоқ, бұлай сітей алмаймын» Б-1 балл

       Егер сіз 30 балдан-39 балға дейін жинасаңыз, бала-сіздің өміріңіздегі ең құнды адам. Сіз оны тек түсініп қана қоймай, оған құрметпен қарайсыз. Сіз тәрбиеде прогрессивті принсипті қолданасыз. Сіз жақсы нәтижелерге қол жеткізесіз.

  Егер сіз 16-30 балға деін жинасаңыз, балаға қамқорлық жасау сіз үшін бірінші маңызды жұмыс.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   52




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет