2.Әлеуметтік педагогтың жұмысын ұйымдастыру



бет1/3
Дата24.10.2019
өлшемі159,56 Kb.
#50623
  1   2   3
Байланысты:
Кужаттар

Мазмұны

 

1.Қазіргі заман жағдайында «әлеуметтік педагог» мамандығының енгізілуінің әлеуметтік тарих контексті .........................................................................................3



2.Әлеуметтік педагогтың жұмысын ұйымдастыру...................................................6

3.Әлеуметтік педагог жұмысының негізгі бағыттары............................................14

4.Білім беру мекемелері әлеуметтік педагогтарының құжаттары мен әдістемесі.....................................................................................................................17

 5. Әлеуметтік педагогтың отбасымен жұмысы......................................................18

6.Отбасын зерттеудің психологиялық-педагогикалық диагностика         түрлері:........................................................................................................................21

7.Оқушы тұлғасын әлеуметтендіру мектептің әлеуметтік педагогы мен педагог-психолгының бірлескен жұмыстары.......................................................................24

8.Әлеуметтік-педагогикалық диагностика..............................................................26

9. Әлеуметтік педагогтың тәртібінде ауытқушылығы бар оқушылармен жұмысы.......................................................................................................................37

Қосымша А Әлеуметтік педагогтың іс-құжаттарын жүргізу................................45

Қосымша Ә Әлеуметтік педагогтың жылдық жұмыс жоспары...........................56



Қосымша Б «Терминологиялық қобдиша».............................................................60

 

 

                     



Әлеуметтік педагог қызыметін реттейтін нормативтік-құқықтық құжаттар.

Әлеуметтік педагог өз жұмысында:Қ,Р Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын, Б.Ұ.Ұ «Бала құқығы туралы»Конвенциясын, Қ.Р «Бала құқығы туралы» Заңына, ҚР «Неке және Отбасы туралы»Заңын, ҚР «Даму мүмкіндігі шектеулі қолдау туралы»Заңын, «Әлеуметтік педагог» Ережесін және басқа да  білім беру мәселесі жөніндегі нормативтік-құқықтық актілерді білуі тиіс.

 Егеменді мемлекеттің басты проблемаларының бірі бала құқын қамтамасыз ету, себебі мемлекеттің өміршеңдігі болашағы балаларға байланысты. Бұл проблема көптеген мемлекеттерде қиын шешілетін мәселенің бірі болып саналады, сондықтан ол өркениетті, халықаралық сипат алып отыр.

Бүгінгі таңда халықаралық-құқықтың бала құқын қорғау юойынша құрылымы құрылып және жұмыс жасауда.

Халықаралық бала құқын қорғау деп-баланың үйлесімді және жан-жақты дамуы үшін және оны мемлекеттік заң шығару деңгейіне көтеруге дейін әсер ететін және нашар дамыған мемлекеттердің балаларыны көмек көрсететін мемлекет пен мемлекеттік емес халықаралық ұйымдастырылып өзара келісімге келген жүйені айтуға болады.

1989 ж БҰҰ Бас Ассамблеясына бала құқығының дүние жүзілік Конституциялық Бала құқы туралы Конвенция қабылданды.Өркениетті адамзат бұл құжатты қабылдауға дейін бірнеше құжаттар қабылдаған болатын. 1948 ж. БҰҰ  Бас Ассамблеясына бала құқы туралы Женева декларациясы, 1959 ж Бала құқы туралы Декларациясы БҰҰ Конвенциясы заңдық құжат ретінде Декларация Ережелерін одан әрі тереңдетеді. Оны қабылдаған мемлекеттерге балаға қатысты әрекеттері үшін құқықтық жауапкершілік артып, заңдық кепілдемелер мен нормалардың жетілген түрін ұсынады.

Конвенцияның мақсаты-бала мүддесін, қызығушылығын барынша қорғау.  Конвенция негізгі төрт талап қояды, ол бала құқын қорғауды қамтамасыз етуі тиіс. Өміршеңдңлік, өмір сүруі баланың дамуы, баланы қорғау және қоғам өміріне  белсенді қатысуды қамтамасыз ету.

  Конвенция-бұл жоғары әлеуметтік-адамгершілік қасиеттерді уағыздайтын құжат. Ол баланы бүкіл ажамзаттың бір бөлігі ретінде қабылдауға, баланың жалпы адамзатық құндылық пен тұлғалық дамуын қамтамасыз етуге, оның ешбір себептері мен мотивтеріне қарамастан дискриминайияламауға негізделген.

Конвенция бала мүдесін мемлекет мүдесінен жоғары қоюмен қатар, әлеуметтік депривацияланған (әлеуметтік әлсіз топ, қорғалмаған)балалар тобына айрықша қамқорлық жасауды талап етеді; жетім, мүгедек, босқындар,құқық бұзушылық балалар.

Конвенция-жоғарғы халықаралық стандарты, құқықтық құжат. Ол баланы өзіндік дербес субъект ретінде ариялап, Конвенцияны қабылдаған мемлекеттерге ұлттық заңдарын Конвенция негізінде қабылдауды талап етеді. Бала құқының әртүрлі аспектілері бойынша-анықтап, мемлекеттің құқықтық нормаларын белгілеп, арнайы бақылау механизмін-БҰҰ Бала құқын қорғау бойынша Комитеті құрылып, оған жоғары дербестік, өкілеттік берілген.

Конвенция-жоғары, биік педагогикалық мағынасы бар құжат. Балаға ересектер ата-аналар және педагог тарапынан авторитарлықпен қарау барлық мемлекеттерге бар. Конвенция балалар мен ересектерді қарыми-қатынасты өзгеше адамгершілік-құқықтық және педагогикалық негізде құруын уағыздайды. Баланың ойына, көзқарасына, тұлғасына силастықпен, түсінушілікпен қарау тек жалпы адамзаттық мәдениетнормасы емес, құқықтықнорма да болуы қажет дейді. Соған байланысты әлеуметтік педагогика талап етушілік педагогикасын-тұлғаралық педагогикасына құндылық бағдарды өзгертуге тиіс педагогика саласы.

Конвенция бала құқы туралы бүкіл мемлекеттерге қабылданған, ратификацияланған құжат. Қазақстан Республикасы бұл құжатты 1994 жылы қабылдады. Конвенция бала құқы мен мүдесіне байланысты базалық құжатқа айналады. Қ.Р.-ның Конституциясы (30 тамыз 1995 ж)ҚР «Неке және Отбасы»туралы

Заңы(17.12.1998 ж.)»Қазақстан Республикасының даму мүмкіншіліктері шектеулі балаларды әлеуметтік медика-педагогикалық, корекциялық қолдау (11.07.2002 ж) туралы Заңы, Қ.Р-ның «Бала құқы туралы» (8.08.200 ж)ҚР Заңы және т.б. заңдары Конвенция негізінде қабылданды.

Отандық тәжірибеде алғаш рет бала арнайы қамқорлықты қажет ететін субъект ретінде ғана емес, адамға қажет барлық  құқықтары бар субъект ретінде қарастырылады.

Әлеуметтік педагогтың лауазымдық міндеттері:

Оқушылардың жеке психо-медициналық және педагогикалық ерекшеліктерін зерттейді.

Баланы әлеуметтік ортаға бейідеу, жеке тұлға ретінде дамыту.

Оқушының микроорталығын, өмір сүру жағдайларыны зеріттейді.

Оқушының қажеттігі мен қызығушылығын байқайды, баланың жеке және әлеуметтік қиыншылығын анықтау және өз құзырлығы бойынша шешу.

Оқушының қиындығы мен проблемаларына, тәртібіндегі ауытқулары кезеңінде тез арада әлеуметтік көмек және қолдау көрсетеді, құқық бұзушылығы бойнша алдын - алу  жұмыстарын жүргізеді;

әлекметтік –педагогикалық диогностика, әдістемесін анықтайды;

Патронот бойнша тұрғын үй, зейнет ақы беру, жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған баланың мүліктік және мүліктік емес құқы бойынша жұмыс жүргізеді;

Сабақтан тыс уақытта оқушының физикалық және дарындылық талантын дамытуға жағдайлар жасайды;

Баланың мемлекетпен, қоғаммен, ұжыммен және әлеуметтік қызыметкермен байланысын ұйымдастыру;

Мұғалімдермен, ата-аналар мен немесе  оларды ауыстыратын адамдармен бірлесіп, тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасайды;

Білім беру ұйымдарынаң білім бағдарламаларын құрастыруға, бекітуге, оны жүзеге асыруға қатысады және өзінің құзіреттілігі бойынша олардың орындалуына жауап береді;

ІІІ. Әлеуметтік - педагог жұмысының негізгі бағыттары

Мектепттің әлеуметтік-педагогикалық қызыметі төмендегідей бағыттардан тұрады:

Ұйымдастыру шаралары:

Қажетті құжаттар мен жұмыс (жылдық жоспар, әртүрлі катигориядағы балалар мен отбасы туралы мәліметтер банкін құру, ата-анаға кеңес беру және үйіне баруын тіркеу туралы журнал арнау);

Мектептің әлеуметтік паспортын жасақтау;

Ата-аналар, мұғалімдер және оқушылар үшін кеңес беру және лектория ұйымдастыру;

әлеуметтік-педагогикалық тәрбие мен әлеуметтік-педагогикалық қорғау міндетін шешуші мекемелермен өзара байланыс жасау (денсаулық сақтау СПИД орталықтары, мәдениет, спорт, әлеуметтік қорғау, ішкі істер және т.б.мекемелері мен мамандары және т.б.);

құқықбұзушылықтың алдын алу Кеңесін құру;

Зерттеу шаралары:

Әлеуметтік қорғаламаған оқушылар катигориясын анықтау (қамқорлықтағы балалар, мүгедек балалар, жетім балалар, көп балалы және аз қамтамасыз етілген отбасылардың балалары, девиянтық мінез- құлықты оқушылар );

Бірінші сынып оқушыларының бейімделу деңгейін анықтау мақсатында әлеуметтік психологиялық зерттеу;

Бесінші сынып оқушыларының бейімделу дейгейін анықтау;

Мүгедек балалардың денсаулығына мониторинг жүргізу;

Балалардың әлеуметтену деңгейін анықтау (сыртқы орта кіріге алуы, жоғары сынып оқушгыларының құндылық бағдары мен өмірлік маңызы бар жоспарларын мектептің іске асыру дәрежесі);

Мектептегі әлеуметтік-психологиялық ахуалын бағалау (педагогтардың  тұлғааралық және кәсіптік дейгейдегі қарым-қатынасы, мұғалімдер мен оқушылар арасындағы қарым-қатынас, оқушылар мен оқушылар, мектеп пен отбасы арасындағы қарым-қатынас, біртұтас  ұжымның қалыптасу деңгейі (ұйымшылдығы, бір-біріне көмекке келуге дайындығы));

Мектептің әлеуметтік-мәдени жағдайын бағалау (оқушыны жалпымәдени дүниетанымын дамыту және оқытушының бос уақытын ұйымдастыру бойынша мектеп қызыметін бағалау);

Білім беру қызыметі деңгейінің ата-ана сұранысына сәйкес келуі;

Мектеп қызыметін бағалау мақсатында педагогтар арасында сауалнама жүргізу;

Түрлі балалыр категорияларымен жүмыс:

Мүгедек балалрмен жұмыс (мәліметтер банкін құру, оларды жеке оқұытуды ұйымдастыру, әлеуметтік –тұрмыстық жағдайын анықтау мақсатында олардың үйіне бару, оларды оқулықпен қамтамасыз ету, бос уақытын ұйымдастыру, халықаралық мүгедектер күнін өткізу, әлеуметтік-педагогикалық көмек көрсету, санаториялық –курорттық жолдамалармен қамтамасыз ету );

Қамқорлықтағы балалар және жетім балалармен жұмыс (мәліметтер банкін құру, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын анықтау мақсатында олардың үйіне бару, жалпыға білім беру қорынан материялдық көмек көрсету, қамқорлық бойынша инспектормен кездесу, әлеуметтік көмек көрсету, саноториялық –курорттық жолдамалармен қамтамасыз ету, мектепте тегін тамақты ұйымдастыру);

Девиенттық мінез-құлқы бар балалармен жұмыс (мәліметтер банкін құру, баланың үйіне бару, олардың қызығушылығына қарай үйірмелеріне тарту, балалар мен олардың ата-анадары мен әңгіме жүргізу, қиын балаларды диагностикалау (қызығушылығы, проблемалары, дау-дамай жағдайлары) сынып жетекшілеріне қиын балалармен жұмысына психологиялық-педагогикалық көмек көрсету, балалар мен олардың ата-аналарына психологиялық-педагогикалық кеңес беру, ата-аналар үшінпедагогикалық консилиум өткізу, олардың жазғы демалысы туралы мәлімет жинау, жазғы демалысын ұйымдастыру, КТІЖБ-мен бірлесіп профилактикалық жұмыстарын ұйымдастыру);

Аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасылармен жұмыс (мәліметтер банкін құру, олардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайына акт құру мақсатында иелеріне бару, мектепте тегін тамақпен қамтамасыз ету, материялдық және әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету ).

Отбасымен жұмыс:

Қазіргі қиын жағдайда отбасыға мектеп тарапынан жүйелі білікті көмек қажет. әлеуметтік педагогтың отбасымен жұмысының негізгі бағыттары:

Диагностикалық (отбасы ерекшелігін және кіші ортаның әсер ету дәрежесін зеріттеу);

Болжамдаушылық (диагностика нәтижесін ескере отырып, тәрбие жағдайын модельдеу);

Ұйымдастырушылық-коммуникативтік (ата-аналарды психологиялық-педагогикалық ағарту, олармен қарым-қатынас орнату);

Құқыққорғаушылық (құқық қорғау, бостандығы, әлеуметтік гарантия бойынша отбасын қолдай);

Ескерту-профилактикалық (девианттық мінез-құлықтың алдын-алу);

әлеуметтік-тұрмыстық (материялдық көмекке зәру отбасыны көмек көрсету);

әлеуметтік-психологиялық (шұғыл, кідіртуге болмайтын психологиялық көмекті іске асыру);

ұйымдастырушылық (мәдени-сауықтыру, сорттық, техникалық және шығармашылық іс-шарамен қамтамасыз ету);

Әлеуметтік педагогтың кәсіптік білім деңгейі төмендегі біліктіліктермен өлшенеді:

Қызыметінің нормативтік-құқықтық базасы (әлеуметтік педагог, балаға көмек беруші мекеме жүйесі қызыметінің әлеуметтік –құқықтық және әлеуметтік-эканомикалық негіздерін реттейтін заңдар, заңдылық актілер,үкімдер, шешімдер, нұсқаулдар).

Әлеуметтік педагогтың теориясы мен тарихы.

Баланың тұлғалық қасиеттерін зеріттейтін, оның физикалық, рухани және әлеуметтік дамуын, мінез-құлқын қалыпты және ауытқушылығын зерттейтін жас ерекшеліктері психологиясы.

Адамдардың бірлестіктерін және топтарын (отбасы, шығын тән, мектеп ұжымы, құрбы-құрдас ұжымы) зерттейтін социология.

Әлеуметтік басқарудың әдістемесі және кәсіптік зерттеу қызыметін жоспарлау.

IV.Білім беру мекемелері әлеуметтік педагогтарының құжаттары мен әдістемесі:

Әлеуметтік педагог қызыметін реттейтін негізгі нормативтік-құқықтық құжаттар: Бала  құқығы  туралы Конвенция, бала құқығы бойынша заңдық актілер.

 Жеке қолдану папкасы.

Сыныптың әлеуметтік паспорты.

Әлеуметтік педагогтың картотекасы.

Оқушының әлеуметтік паспорты.

Оқушының тұрмыстық жағдайын тексеру актісі.

Оқушының отбасына мінездеме.

Оқушының педагогикалық-психологиялық мінездемесі.

Әлеуметтік педагогтың есеп беру журналы.

 Әлеуметтік педагогтың қабырға бұрышы.

Білім беру мекемесінің КТІЖБ-мен бірлескен жұмыс жоспары.

Әдістемеулік нұсқаулар, ата-аналар үшін жадынамалар.

Сынып жетекшілерге баланың өміріндегі әлеуметтік проблемаларды, тұлғааралық қатынастағы кикілжінді шешуге арналған әдістемелік нұсқаулар.

Ата-аналар мен балаларға арналған олардың проблемасын шешуге құзырды қалалық және аудандық мекемелер мен ұйымдар бойынша анықтамалық ақпарат.

Кіріс және шығыс құжаттарды тіркеу журналы.

Атқарылған жұмыстың есебі.

Жеке қолдану папкасы

Әлеуметтік педагог өз жұмысын  ұйымдастыруда жеке қолдану папкасы жүргізіп отыру керек.

Жеке қолдану папкасына төмендегі құжаттар енгізіледі:

Мектептің негізгі құжаттары (жарғы көшірмесі, лицензия көшірмесі т.б.).

Әлеуметтік педагогтың қызыметтік және лауазымдық міндеттері;

Мектептің жұмыс жоспары мектептің өндірістік жоспары немесе бөлігі, даму бағдарламасы, тәрбие жұмыс жоспары, сабақ және ұйымдастыру кестесі т.б.

Мектептің педагогикалық тізімі (сынып жетекшілер, пән мұғалімі және әкімшілік, үйінің телефоны көрсетілген).

Әлеуметтік педагогтың кәсіптік қызыметімен байланысты мекемелер тізімі.(қамқорлық және қорғаушылық бөлімі), ішкі істер органдары, емханалар, әлеуметтік қорғау органдары, (мекен-жайы, телефон, мекеме қызыметкерлерінің аты-жөні, жұмыс кестемі көрсетілуі тиіс).

                             V. Әлеуметтік педагогтың отбасымен жұмысы

    Жасөспірімдерді бақылаусыздығы  мен  қараусыз қалуы – мектеп және әлеуметтік педагогтың өзекті проблемеларын бірі болып табылады. Аталған жағдайдың себебінің бірі ата-ана мен балалар арасындағы қарым-қатынасқа  байланысты. Отбасы мен мектептің арасындағы ынтымақтастық – бұл ортақ мақсатқа негізделген  және ұзақ нәтижесі болып табылады. Бұл жұмыс ең алдымен отбасын жүйелі, әрі жан-жақты зерттеуден, отбасы тәрбиесін ерекшеліктері мен жағдайын ескеруден ьасталады. Бүгінгі таңда отбасылық тәрбие жүйесі үлкен өзгеріске ұшырауда. Отбасылық дәстүрлі құрылымының өзгеруі төмендегі мәселелерге байланысты:

Отбасындағы балалардың аз болуы;

Жас отбасылардың көбіне ата-аналарынан бөлек тұруы;

Халықтық педагогика дәстүрін жоғалтып алу;

Отбасының әлеуметтік – эканомикалық қиыншылықтарды;

Ата-аналардың балаға қарауына уақытының  жетіспеуі;

Бұл өз кезегінде баланың проблемаларымен жалңыз қалуына әкеліп соғады. Бұл проблемаларды шешу жолының бірі ретінде жасөспірім құқықбұзушылық пен қаңғырушылықты  таңдау мүмкін.

Ата- аналардың баланаң білім алуы мен тәрбиесінің жауапкершілігін сезінуіне қарай отбасын бірнеше түрге жіктеуге болады:

Қолайлы сәтті отбасы ;

Поблемалық отбасы;

Қолайсыз отбасы;

Отбасылардың түріне қарай мектеп ұжымына оқушы мен оның отбасымен жұмыс жүргізген кезде түрліше әдіс-тәсілдерді қолдануға тура келеді.

    Проблемалық отбасынан шыққан балаларды екі топқа бөлуге болады:

Баланың өз отбасының теріс ықпалынан қорғау керек (бейморалды, қылмысты отбасы)

Бақылаусыз және қараусыз қалған  балалар, мұнда керісінше ол балардың  отбасымен мектепке деген үзіліп қалған байланысын қалпына келтіру керек.

 Балалардың бақылаусыз қалуына әсер ететін факторлар:

отбасылық факторлар ( бала мен ата-анасы арасындағы қарым-қатынастар, отбасындағы дағдарыс, күйзеліс, отбасының тәрбиелік мүмкіндігінің төмендеуі, т.б.)

әлеуметтік-эканомикалық;

әлеуметтік-психологиялық (отбасындағы қатігездік, ата-анасының ажырасуы )

мектеп ( мұғалімдердің авторитарлық стильде жұмыс істеуі, т.б. )

психикалық ( психологиялық ауытулары бар балалардың  көбеюі );

психологиялық (баланың жеке мінезі ).

Мектепте осы факторлары ескере отырып, бақылаусыздықтың алдан-алу бойынша төмендегі жұмыс баңыттарын көрсетуге болады:

отбасымен жұмыс ( бала мен ата-анасының  қарым-қатынасын, отбасы түрін диагностикалау, отбасына көмек  пен қолдау көрсету, отбасымен үздіксіз байланыста болу, т.б. )

оқушымен жұмыс ( баланың жеке ерекшіліктерін зерттеу педагогикалық  көмек пен қолдау көрсету, оқу жүктемесін  азайту, т.б. )

білім беру мекемелерінің  педагогикалық ұжымымен жұмыс;

білім беру мекемелерінде  тұлғаны әлеуметтік – педагогикалық және психологиялық тұрғыдан сүйемелеу;

баланың  әлеуметтік – педагогикалық босаңсуының  алдын алу және психологиялық тұрғыдан мәдениетін көрсету;

Бақылаусыздықтан  алдын – алудың тиімді болуы келесі жағдайлардың орындалуына байланысты;

баланың білім алуға оң көзқарасының болуы;

баланың ата-анасымен, мұғалімдермен, құрбы құрдастарымен жағымды қарым-қатынас жасауы;

психологиялық  қорған,андық; 

әлеуметтік жағынан қорғалуы ( оқушының құқы мен міндетін білуі, мектептегі барлық оқушыоардың психологиялық  және әлеуметтік  жағынан кемсітпеу ) ;

баланың білімі мен тәрбиесіне байланысты ата-аналарға кеңес беру;

баланың үйіне бару;

ата-аналармен әлеуметтік – психологиялық триеингтер жүргізу; Ата – аналармен топтық жұмыс жүргізу;

ата-аналар жиналысын жүргізу;

ата-аналармен топтық тренингтер жүргізу;

 

                                  Оьтбасы типтері



Құрылымы бойынша:

   Толық отбасылар:

Толық емес отбасы:

1 баласы бар

Ері мен әйелі

2 балалары бар ( бір жынысты)

Жалғыз анасы

2 балалары бар ( екі жынысты )

Ата-анасы ажырасқан

3 баласы және одан көп

Жалғыз әкесі тәрбиелейді

Көп балалы ( 4 балалы және одан көп)

Қамқаршысы тәрбиелейді

Отбасының үлкен адамдарымен бірге тұратын отбасылар(әжесі, атасы және т.б.)

 

өгей балалар

 

Асырап алған балалары бар

 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет