- Әкімшілік-құқықтық нормалардың түсінігі мен ерекшеліктері.
- Әкімшілік-құқықтық нормалардың түрлері, олардың функциялары мен құрылымы.
- Әкімшілік-құқықтық нормаларды іске асыру
Дәріс мақсаты: - әкімшілік-құқықтық нормалар мен қатынастардың мәні, ерекшеліктері мен түрлері туралы жалпы түсінік қалыптастыру.
Әкімшілік-құқықтық нормалары: - мемлекеттік органдардың басқару-атқару жұмыстары процесінде пайда болатын, атқару билігі аясында қоғамдық қатынастарды реттеуші, мемлекеттік органдардың актілерінде көрсетілген, мемлекеттік заң шығару және атқару билігінің органдары тағайындаған жалпыға міндетті мінез-құлық ережелері.
Әкімшілік-құқықтық норма реттейді:
мемлекеттік басқару саласындағы қатынастарды,
мемлекеттік қызметті жүзеге асыру процесінде туындайтын басқарушылық сипаттағы қатынастарды
Әкімшілік құқықтық нормалардың алдына қойған міндеттері: - -мемлекеттік басқару жүйесінің әр түрлі бөлімдерінің өзара қатынасын реттеу;
- -басқару функцияларына ие субъектілер мен оларға бағынышты объектілердің заңды талаптарын орындауға қатысты ғылыми тұрғыдан негізделген және мақсатқа сәйкес келетін орынды өзара қатынасын баянды ету;
- -басқару қызметінің әр түрлі салаларының байланысын және мемлекеттік органдардың басқа да құқық субъектілерімен өзара әрекеттестігінің тәртібін белгілеу
- Әкімшілік құқық нормалары жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік басқару саласындағы құқықтық жағдайын да айқындайды.
Әкімшілік құқықтық норманың ішкі құрылысы: - - гипотеза;
- - диспозиция;
- - санкция;
Әкімшілік-құқықтық нормалар әр түрлі критерийлер бойынша бөлінеді: - 1)мазмұны;
- субъектілердің мінез-құлқына әсер ететін әдістері бойынша ;
- 3)мақсаты (тағайындалуы);
- 4)қолдану өрісі;
- 5)заң күші;
- 6)кеңістік, уақыт, субъектілер бойынша ықпал етудің шектері бойынша
Мазмұны бойынша нормаларды:
материалдық
процессуалдық
субъектілердің мінез-құлқына әсер ететін әдістері бойынша: - 1. міндеттеуші;
- 2. тыйым салушы;
- 3. уәкілдік беруші
Мақсаты (тағайындалуы)бойынша:
реттеуші
қорғаушы
нормалар реттеуші мен қорғаушыларға бөлінеді: - реттеуші норма – бұл белгілі мемлекеттік басқару өрісінде субъектілерге құқық беруші немесе міндеттерді жүктеуші нормалар.
- Қоргаушы нормалар – бұл құқықбұзушылықтың құқықтық зардаптарын (жаза шараларын) белгілеуші нормалар.
Заң күші бойынша: - Заңшығару
- Заңдарды жүзеге асырушы
Қолдану өрісі бойынша нормалар: - атқару билік органдарының,
- мемлекеттік кәсіпорындар
- мемлекеттік мекемелерінің,
- қоғамдық бірлестіктерінің,
- мемлекеттік қызметкерлердің,
- азаматтардың ұйымдастыру мен іс-әрекеттерін белгілейтін .
Кеңістік, уақыт, субъектілерге ықпал етудің шектері бойынша: - жалпы міндеттілерге
- жүйе ішіндегілерге (тек бағынышты субъектілер ушін ғана міндетті).
Әкімшілік-құқықтық қатынастар: әкімшілік құқықтық қатынастардың элементтері: - 1 Субъект
- 2.Объект
- 3. Заңды фактілер
Әкімшілік құқықтық қатынас субъектілері: - ҚР азаматы,
- шетел азаматы,
- азаматтығы жоқ тұлғалар;
- мемлекеттік органдар,
- қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер,
- мемлекеттік қызметшілер
- қоғамдық ұйымдар қызметшілері.
Әкімшілік құқықтық қатынас объектісі: азаматтың атқарушы билік органдарымен өзара қарым-қатынасындағы әкімшілік-құқықтық мәртебесін құрайтын құқықтар, бостандықтар мен міндеттердің барлық жиынтығы.
Әкімшілік-құқықтық қатынастардың пайда болуына, өзгеруіне және олардың жойылуына негіз болып
заңды фактілер
тұрады.
Заңды фактілер 2 түрге бөлінеді:
оқиға
Іс-әрекет
әкімшілік құқықтық қатынастардың элементтері: - 1 Субъект
- 2.Объект
- 3. Заңды фактілер
Әкімшілік құқықтық қатынастардың түрлері:
ТІКЕ ЖӘНЕ КӨЛБЕУ
МАТЕРИАЛДЫҚ ЖӘНЕ ПРОЦЕСУАЛДЫҚ
РЕТТЕЙТІН ЖӘНЕ ҚОРҒАЙТЫН
ЗАҢДЫ ЖӘНЕ ЗАҢСЫЗ
ӘКІМШІЛІК ЖӘНЕ СОТ ТӘРТІППЕН ҚОРҒАЛАТЫН
Достарыңызбен бөлісу: |