3 1-Бөлім. Алқабилердің қатысуымен істер бойынша іс-жүргізу


Алқабилер қатысқан соттың заңды күшіне енген үкімдері мен қаулыларын қадағалау тәртібімен қайта қарау



бет23/26
Дата13.05.2020
өлшемі224,5 Kb.
#67900
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
Байланысты:
Алқабилердің қатысуымен істер бойынша іс-жүргізу
Лекция №5 Ампер күші. Электроқозғалтқыштың әрекет принципі. Магнит өрісінің қозғалыстағы зарядқа әсері., Лекция №4 Ампер күші. Электроқозғалтқыштың әрекет принципі. Магнит өрісінің қозғалыстағы зарядқа әсері.
Алқабилер қатысқан соттың заңды күшіне енген үкімдері мен қаулыларын қадағалау тәртібімен қайта қарау (ҚР ҚІЖК 576- бап). Алқабилер қатысқан соттың занды күшіне енген үкімдері мен қаулыларын қайта қарауға сот тергеуі немесе сот талқылауы кезінде жіберілген конституциялық құқық бұзушылықтар мен азаматтардың бостандығы немесе дұрыс қолданылмаған заңдар негіз бола алады:

- кінәсіз соттауға;



  • орташа немесе аса ауыр қылмыс жасады деп айыпталған адамға қатысты ақтау үкімін негізсіз шығаруға немесе істі негізсіз қысқартуға;

  • жәбірленушінінің сот арқылы қорғалу құқығынан айыру;

  • сот тағайындаған жазаның қылмыстың ауырлығы мен сотталған адамның жек басына сай келмеуі.

Соттың заң күшіне енген актілері қайта қаралуға жатады, егер:

сот актісі мемлекеттік немесе қоғамдық мүдделерді, мемлекет қауіпсіздігін қозғаса не адамдардың өмірі, денсаулығы үшін орны толмас салдарларға әкеп соқтыруы мүмкін болса;



  • адам өлім жазасына сотталған үкім апелляциялық қарау нысанасы болмаса, қайта қаралады.

өлім жазасы туралы заңды күшіне енген үкімдер де өлім жазасын орындауға мораторийдің күші жойылғаннан кейін қайта қаралуы мүмкін.

Айыптау үкімі мен қаулыны қадағалау тәртібімен қайта қарауға мынадай жағдайларда жол берілмейді;



  • немесе сотталған адамның жағдайын нашарлатуға соқтыратын жағдайлар;

  • соттың ақтау үкімін не қылмыстық істі қысқарту (ҚР ҚІЖК 577-бап).

Жоғарыда сөз болған жағдайлар алқабилер қатысқан сот шешімін қайта қарауға негіз болады.

Алқабилердің қатысуымен қаралатын сот Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізудің жаңа системасы болып табылады, онда қоғамның қажет және талап еткені демократизм принципі негізінде жүзеге асырылады.

Сот алкабилердің қызметке кіріскеніне аз уақыт болғанына қарамастан сот тәжірибесінің алқабилермен қарастыруына, істі тәртіп бойынша жүргізуге әртүрлі қиыншылыктар мен жаңа заңда орнықпаған зандар өсер етеді.

Д. Кисикованың Құқықтық газеттің 2007 жылғы 3 мамырында жарық көрген «Алқабилердің қатысуымен болатын сот жүргізу процесінің мәселелері» атты мақаласында автор алкабилердің қатысуымен болатын соттағы мәселелер жөнінде өз пікірін нақты көрсеткен. Автордың пікірімен келісуге болады және оқырманның назарын төменде көрсетілетін, заң рұқсатымен тез арада шешуі керек.



  1. Әрекет етіп отырған ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексіне байланысты алқабиге кандидат орташа айлық алатын адамдар тізіміне кіргізілмеген. Занда тек алқабилерге сотта болғаны үшін мемлекет атынан төленетін жұмыс жалақысы жөнінде ғана айтылған. Бұл жер тек болашақта занда алқабиге кандидаттарға соттың талабы бойынша таңдауға кедергі болады. Барлық кан- дидаттар өз қаражатына (барып қайту жолы, күндік жататын орны) соттың шақыруы бойынша алқабиге кандидаттарды таңдау рәсімдеріне келуге келісім бермейді.

  2. Сот алқабилері құрамына заң бойынша екінші соттөрешісі кіреді, ол сот сұрақтарының құрылуы мен занды талқылауда ғана қатысады, және басқа занды өкілеттілікке ие емес. Сот процесінде оның қызметі шектеулі. Негізінде екінші сотты қызметінен мүлдем босату керек, немесе оны қосалқы сот ретінде қойып, алқабилер санын он екі адамға жеткізу керек. Сонымен алқабилердің құрамын құраудың баска да түрі, онда төрағалык етуші және екі қосалқымен қосқанда сегіз немесе тоғыз алкабиден тұруы керек.

  3. Алқабилерге қарасты төрағаның сөзі сот отырысы залында емес төрағалық етушінің қайта қарауын түсіндіруі үшін біздің ойымызша кеңесу бөлмесінде айтуы керек.

  4. Қылмыстық заң мазмұны сотталушының айыпталып отырған әрекеті бойынша жауаптылықты қарастыратынын, кеңесу тәртібін түсіндіруі, негізгі және жалпы сұрақтар бойынша үкім шығару бюллетендерін толтыру сиякты мәселелерді хабарламауы керек, себебі айыптау мазмұны сот ісін жүргізу принциптеріне және бәсекелестікке және тараптардың тендіктеріне карсы.

  5. Қылмыстық заң мазмұндағы хабарлама да сот алқабилерінің қатысуымен болатын іске қарсы.

  6. Кеңесуді және дауыс беруді сот отырысы залында емес кеңесу бөлмесінде алқабилерден сол іс бойынша түсінік алуы арқылы жүргізуі керек.

  7. Заң сот жарыссөзін екі бөлімге бөледі. Бірінші болып мемлекеттік айыптаушы, жәбірленуші және сотталушы алкабилердің алдында өздерінің дәлелденген немесе дөлелденбеген айыптауға өздерінің таным түсініктерін береді. Екіншісі, мемлекеттік айыптаушы, жәбірленуші және азаматтық талапкер мен азаматтық жауапкер, олардың өкілдерінің, қорғаушы және сотталушының сөздерінен тұрады, онда олар сотталушының іс-әрекетін, жаза тағайындауды алқабилердің жоқ кезінде шешіледі.

Сот жарыссөзін екіге бөлудің керегі жоқ. Бірінші бөлімде мемлекеттік айыптаушы, жәбірленуші, сотталушы, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер және олардың өкілдері сөйлеуі керек, бірақ сотталушының кінәлілігі дәлелденген немесе дәлелденбегені туралы сұрактар қозғалмауы тиіс. Бұл сұрақтарды сот төрешісі алқабилермен бірге кеңесу бөлмесінде айыпты немесе айыпсыз деп танып шешім шығаруы керек.

Сонымен, жоғарыда айтылғандардан алқабилердің қатысуымен болатын сот процесінің мәселелері құқықтанушылар мен тәжірибелік жұмыс жасайтындардың занды негізде мұқият жұмыс жасауын талап етеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет