3 1-Бөлім. Алқабилердің қатысуымен істер бойынша іс-жүргізу


Кеңесу бөлмесінде кеңесу мен дауыс беруді жүргізу тәртібі



бет18/26
Дата13.05.2020
өлшемі224,5 Kb.
#67900
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   26
Байланысты:
Алқабилердің қатысуымен істер бойынша іс-жүргізу
Лекция №5 Ампер күші. Электроқозғалтқыштың әрекет принципі. Магнит өрісінің қозғалыстағы зарядқа әсері., Лекция №4 Ампер күші. Электроқозғалтқыштың әрекет принципі. Магнит өрісінің қозғалыстағы зарядқа әсері.
Кеңесу бөлмесінде кеңесу мен дауыс беруді жүргізу тәртібі (ҚР ҚІЖК 569-бап). Төрағалық етуші сот төрешісі мен алқабилер кеңесіне басшылық етеді, шешілуге жататын мәселелерді рет-ретімен талқылауға қояды, жауаптар бойынша дауыс беруді және дауыстардың есебін жүргізеді.

Кеңесу бөлмесінде алқабилер қойылған мәселелерге байланысты өздерінде туындаған түсінбеушіліктер бойынша төрағалық етушіден түсініктер алуға құқылы.

ҚР ҚІЖК-нің 569-бабының 3-бөлігіне сәйкес негізгі мәселелер бойынша дауыс беру жазбаша жүргізіледі. Сот төрешісі мен алқабилердің дауыс беру кезінде қалыс қалуға құқықтары жоқ. Сот төрешілері мен алқабилердің дауыстары тең.

Сот төрешілері мен алқабилер үкім шығаруға дауыс беру тәртібі былайша жүреді. Сот төрешілері мен алқабилер сотталушылардың саны бойынша соттың мөртабаны басылып, дауыс беруге арналған: «Өзімнің ар-намысым, ар-ожданым бойынша және ішкі нанымым бойынша менің қорытындым...» деген сөздер жазылған, таза бюллетенді алады. Олардың әрқайсысы құпияны қамтамасыз ете отырып, бюллетенге сұрақ парағында қойылған және шешілуге жататын сұрақтардың әрқайсысына жауап жазады.

Сұрақ парағында қойылған сұрақтардың реті бойынша жауап мақұлдаған «иә» немесе құптамаған «жоқ» деген немесе жауаптың мәнін ашатын («иә, дәлелденді», «жоқ, дәлелденген жоқ», «иә, кінәлі», «жоқ, кінәсіз») міндетті түсіндірме сөзден немесе сөз тіркестерінен тұруға тиіс.

Содан соң сот төрешілері мен алқабилер өздерінің бюллетендерін дауыс беруге арналған жәшікке салады.

Дауыс беру аяқталғаннан кейін төрағалық етуші алқабилердің қатысуымен жәшікті ашады және әрбір бюллетендегі дауыстарды санайды, дауыстарды санау нәтижесін сұрақ парағында көрсетілген негізгі үш сұрақтың әрқайсысының тұсына дереу жазады.

Алқабилер мен сот төрешілерінің жауаптары бар бюллетендер кылмыстық істе сақталатын конвертке салынып желімделеді.

Егер алдыңғы сұраққа берілген жауап кейінгі сұраққа жауап берудің қажеттілігін жойса, төрағалық етуші сот төрешісі алқабилердің көпшілігінің келісімімен сол кейінгі сұрақтың тұсына «жауап берілмейді» деген сөздерді жазады.

Егер ҚР ҚІЖК-нің 566-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген үш сұрақтың әрқайсысына мақұлдаған жауаптарға дауыс берушілердің көпшілігі дауыс берсе, айыптау шешімі қабылданған болып есептеледі.

Егер қойылған негізгі сұрақтардың кез келгеніне берілген құпталмаған жауапқа дауыс берушілердің алтауы және одан көбі дауыс берсе, ақтау шешімі қабылданған болып есептеледі.

Егер сотталушының кінәлілігі туралы мәселе оң шешілсе, онда сот төрешілері бұл әрекет қылмыс болып табыла ма деген және оның нақ қандай қылмыстық занда көзделгені (бабы, бөлігі, тармағы) туралы мәселені шешеді, сондай-ақ осы әрекеттер үшін қандай жазалау шарасы көзделгенін алқабилерге түсіндіреді.

Сот төрешілері алқабилердін қатысуымен соттың ашық дауыс беру арқылы қабылданатын мәселелер үзіліс жасалмай шешіледі:


  • оның жауаптылығы мен айыбын жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жайлар бар ма;

  • сотталушыға қаңдай жаза қолданылуы мүмкін;

  • ол жасаған қылмыс жазалауға жата ма;

  • жаза тағайындамай үкім шығару үшін немесе жазадан босатуға негіз бар ма;

  • сот сотталушының құрметті әскери, арнайы немесе өзге атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан, мемлекеттік наградаларынан айыруға, егер оған дауыс берушілердің көпшілігі жақтап дауыс берсе, шешім қабылданған деп есептеледі.

Он бес жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза, егер қандай шешімге дауыс берушілердің сегізі және одан да көбі дауыс берсе, тағайындалуы мүмкін.

Айрықша жазалау шарасы - өлім жазасы сот төрешілері мен алқабилер бірауыздан шешім шығарған кезде ғана тағайындалуы мүмкін.

Сот төрешілері мен алқабилердің жауаптары бар сұрақ парағына сот төрешілері мен алқабилер қол қояды.

Алқабилердің қатысуымен сотта қылмыстық істі талқылау мына шешімдердің біреуі қабылданады:



    1. ҚР ҚІЖК-нің 324-бабында көзделген жағдайларда, істі қысқарту туралы қаулы;

    2. Алқабилердің Катысуымен КР ҚІЖК-нің 566-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген негізгі үш сұрақтың кем дегенде біреуіне теріс жауап берген жағдайларда, актау үкімін;

    3. ҚР ҚІЖК-нің 375-бабының екінші бөлігіне сәйкес айыптау үкімін қабылдаумен аяқталады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет