3 1-Бөлім. Алқабилердің қатысуымен істер бойынша іс-жүргізу


«Алқабилерге ықпал ете алады»



бет25/26
Дата13.05.2020
өлшемі224,5 Kb.
#67900
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
Байланысты:
Алқабилердің қатысуымен істер бойынша іс-жүргізу
Лекция №5 Ампер күші. Электроқозғалтқыштың әрекет принципі. Магнит өрісінің қозғалыстағы зарядқа әсері., Лекция №4 Ампер күші. Электроқозғалтқыштың әрекет принципі. Магнит өрісінің қозғалыстағы зарядқа әсері.
«Алқабилерге ықпал ете алады». «Алқабилердің тәуелсіздігі, бейтараптығы заңда толық қамтамасыз етілді деп айтуға болмайды». Іс жүзінде сотқа қатысатын алқабилер психологиялық тұрғыдан сот төрағасына жұмыс беруші деп қарайды. Алқабилер сотын енгізудің басты мақсаты - тәуелсіз үкім шығару. «Бірақ Қазақстан таңдап алған алқабилер сотының моделі сотқа төрағалық етуші судьяның алқабилерге ықпал ете алатын, оларды айыптайтын үкім шығаруға көндіре алатын мүмкіндік береді».
«Алқабилерге ешкім ықпал ете алмайды». Қазақстан Жоғарғы сотының судьясы, алқабилер сотын құру жөніндегі концепцияны жасауға қатысқан Әділ Құрықбаев «сотқа төрағалық етуші судья алқабилерге ықпал ете алады» деген пікірмен келіспейді.

- Қазірге дейін қаралған істердің ішінен 91 кісіге ақтау үкімінің шығуы оған дәлел болатын шығар деп ойлаймын. Сотқа төрағалық етуші судьяның алқабиге ықпал ете алмайтыны қолданыстағы заңда көрсетілген, – Себебі, судьяның айтуынша, «алқабилер кеңесі бөлмесінде сотқа төрағалық етуші судья бірге отырғанымен, алқабилер үкім шығарарда жасырын дауыс береді . Ал жасырын дауыс берушіге төрағаның ықпал етуі мүмкін емес». Елімізде біраз жылдан бері алқабилердің қатысуымен сот мәжі­лістері өтіп келеді. 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде аса ауыр қылмыс жасаған адамдарға қатысты қыл­мыс­тық істерді алқабилердің қаты­суы­мен қарау енгізілген. Мұндай істер алқа­би­лердің қатысуымен тек қана сот­талушының өтініші бойынша қаралады деп заңда нақты бекі­тілген. Ол одан бас тартса, қыл­мыс­тық іс кәсіптік судьялардың қа­рауы­на жатады. 2010 жылдың қаңтарынан бастап алқабилердің қатысуымен
қаралатын істер жаңа құрылған мамандандырылған кылмыстық істер жөніндегі сот құзырына жататын болды.

Алқабилердің ең басты мақсаты қылмыстық істі қарағанда әділдік пен бейтараптықты сақтап, заң талабы­на сай шешім қабылдау екендігі бел­гілі. Өкінішке қарай, кей кезде олар бейтараптықты сақтамай, сотталу­шы­ның кінәлілігіне айғақтардың жет­кіліктілігіне қарамастан, керісінше шешім қабылдауы да орын алып тұ­рады.

Алқабилермен қаралатын істердің тағы бір ерекшелігі, ол еліміздің 25 жасқа толған азаматтарының сот би­лігіне қатысуына жағдай жасайтын­ды­ғында десек, артық айтқандық болмас. Осындай істерді қарау барысын­да алқабилерге шешім шығаруға тек қана сотталушының айыпталу фак­тісі ғана ортаға салынады, олар сотта­лу­шының бұрын сотталғаны туралы, есірт­кіқұмарлығы, араққұмарлығы сияқты жаман мінездемесі туралы және өзге де қолайсыз жағдайлары жө­нінде мәліметтерді, алдын ала сот­талушы туралы теріс пікір туғызбау үшін білмеуі тиіс. Сондықтан, сот оты­рысында аталған жағдайлар қатаң бақылауда ұсталуы шарт, тараптар жағынан, басқа да қатысушылардан осындай заңбұзушылыққа баруына жол берілмеуі қажет.

Жақтардың жарыссөзі екі бөлімнен тұрады. Біріншісі алқабилердің қаты­суы­мен өтсе, екінші бөлігі оларсыз өтеді. Тағы бір ерекшелігі, кеңесу бөлмесінде 10 адамнан құралатын алқабилермен кәсіби судья сотталушының кінәлі не кінәлі еместігі туралы шешімді құпия, жазбаша түрде бюллетень арқылы негізгі үш сұраққа дауыс беру жолымен шешеді. Өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын тағайындау үшін алқа­билер мен судья бірауыздан дауыс берулері қажет. Он бес жылдан артық мерзімге бас бостандығынан айырып, жаза тағайындауға ең кемінде алқа­билер алқасының 8 мүшесі қолдап дауыс беруі шарт.


Алқабилермен шығарылған үкім процессуалдық заңнаманы сақтай отырып шығарылса, жаза мөлшері өзгертілуге, үкім бұзылуға жатпайды.

Алқабилердің қатысуымен өтетін соттарда негізінен алқабилердің сали­қалы ұстанымы, рақымшылдығы, ар-ұяты сияқты «адами факторының» әсері үлкен болады. Мемлекеттік айыптаушы да өз ұстанымын дәл осыған сүйене отырып жасауы шарт. Осыған орай, ол айыптау сөзін қарапайым да ұғынықты тілмен, алқабилердің көзін жеткізетіндей, осындай шешім қабылдау арқылы азаматтық, конституциялық міндетін адал орындап, арына дақ тү­сірмейтіндігін дәлелдейтіндей тұжы­рымдап айтып бере білуі керек.


Осы орайда, мемлекеттік айып­таушылардың біліктілігін арттыру ба­ғытында мақсатты жұмыстар жүргі­зіліп келеді. Облыстық прокуратурада осы тақырыпқа арналған арнайы семинарлар өткізіліп тұрады. Сот тәжірибелері негізінде әдістемелер мен пайдалы ұсыныстар дайындалады. Сот шеші­мінің әділ және заңға сай болуы кө­біне мемлекеттік айыптаушылардың сот мәжілістерінде өз ұстанымдарын қалай және қай қырынан жеткізе алуына байланысты болмақ. Сондықтан да, прокуратура қызметкерлері өздеріне жүктелген осындай үлкен міндет биігінен көріну үшін кәсіби біліктіліктерін көтеріп, жұмыстарын уақыт талабына сай құруға жете көңіл бөледі.

– Заң бойынша алқабилер алқасына мүше болған азаматтың құқығы тұрақты судьяның құқығымен тең болып табылады. Ол дегеніміз, судьяның қандай құқығы болса, ол да сондай құқыққа ие деген сөз. Сондықтан, шешім қа­былдау мәселесі қаралған кезде әр алқаби бейтарап, құпия тұрде бюллетень арқылы қойылған сұрақтарға жауап беру жолымен өз құқығын іс­ке асырады. Шешім қабылдауда ал­қабиге ешкім ықпал етуге тиіс емес, заң бойынша оған тыйым салынған. Сондықтан, оларға жүктелген сот атқару жұмысы өте ауыр да жауапты мәселе, оны атқаруға немқұрайды қарауға болмайды. Бұл осы күннің өзекті мәселесі деуге толық негіз бар. Ал, кеңесу бөлмесінде болған жайт­тар заң талабына сай жария етуге жат­пайды, ол – құпия. Дегенмен де, сот болғасын, адамның тағдырын шешу оңай шаруа еместігі баршамызға мә­лім, соған қарамастан, алқабилер ше­шім қабылдаудан тыс қалмауы тиіс. Осы­ған орай, түсінбеушіліктер, пікір қай­шылықтары болуы мүмкін, олай болуы керек те, өйткені, пікір қайшылығы арқылы ақиқат, объективтік, заңдылық мәселесі шешіледі.

Әрине бұл шағын курсыстық жұмысымда қылмыстық құқықтың барлық жүйелерін қамту мүмкін емес. Өйткені біздің өмірімізде қылмыстық құқық мәселерінен тұрады. Алқабиге кандидатты істі қарауға қатысудан босатуға байланысты барлық мәселелерді сондай – ақ өздігінен бас тартуларды және алқабиге кандидаттарға мәлімделген қарсылық білдірулерді төрағалық етуші кеңесу бөлмесіне кетпей жеке – дара шешеді.

Меніңше жалпы құқық дегеніміз кең ұғым. Қылмыстық құқықта алқабилердің қатысуымен ңстер бойынша іс жүргізу тықырыбы ең негізгілердің бірі болып табылады. Себебі қазір барлығы заң аясында атқарылуы тиіс. Мен осы курстық жұмысымда осыған азды – көпті тоқталған болдым.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет