Қорытынды
Бұл курстық жұмысымда қылмыстық құқық қатынстарының әртүрлі салаларының қылмыстық құқықтық жағдайларының ең өзекті қырлары қарастырылды. Қазақстандағы заңгерлердің бірі «алқабилер үкім шығаратын сот жүйесін енгізу – үлкен демократиялық қадам» деп есептесе, кейбірі «қазіргі құқықтық-сот жүйесі елді құрдымға жетелейді, сол себепті оған билер сотының элементтерін қосу керек» дейді. Қазақстан 2007 жылы қаңтардың 1-інде алқабилер сотының аралас моделін – екі судья мен тоғыз алқаби қатысатын түрін таңдап алып, «Алқабилер соты туралы»дербес заң қабылданды. Алқабилердің қатысуымен қылмыстық іс қаралған тұңғыш сот 2007 жылдың ақпанында Солтүстік Қазақстан облысында өтті. «Бірақ алқабилер сотының бес жылдық тәжірибесі оның артықшылықтарымен бірге бірқатар кемшілігін де аңғартты» дейді заңгерлер.
Төрағалық етуші алқабилер алқасының құрылуын жарамсыз немесе ол құрылған жоқ деп жариялайды және алқабиге кандидаттарға толық көлемінде қайта іріктеу жүргізеді. Сол тәртіппен сот отырысының хаттамасына енгізеді. Жеребе тастау арқылы іріктелген алқабилердің тегі көрсетіле отырып, билеттер іс материалдарына тігіледі.
Алқабилер құрамы негізінен жабық сот отырысында жүргізілуі тиіс. Сотта істі қарайтын алқабилер алқасы негізгі құрамның тоғыз және екі алқаби құрамында жеребе тастау арқылы құрылады.
Сот алқабилерінің сотқа қатысуы, айыпталушының,алқабилердің антына соттың әсер етуіне және негізсіз сотталуынан қорғайды. Сот алқабилерінің қатысуымен шығарылған қаулыда сот қателері жеке кәсіпқой сотпен салыстырғанда мейлінше аз болады. Бұл сот алқабилеріне тек адал, өмірлік тәжірибесінен мол, сауатты және әділдігі бар Қазақстан Республикасының адамдары таңдалып алынады. Сонымен қоса сот алқабилерінің ерекше ант құзырын қабылдауға сотталушының айыпталуы мен айыптылығы дәлелденгендігі жатады.
Сонымен төрағалық етуші дәлелсіз қарсылық білдіру негізін түсіндірмей-ақ алқабилер құрамының шешімін жариялайды.
Кандидаттар арасынан алқабилерді іріктеу басты сот талқылауы ашылғаннан кейін және ҚР ҚІЖК – нің 331 – 344 баптарының талаптары орындалғаннан кейін жүзеге асырылады.
Алқабиге кандидатты істі қарауға қатысудан босатуға байланысты барлық мәселелерді сондай – ақ өздігінен бас тартуларды және алқабиге кандидаттарға мәлімделген қарсылық білдірулерді төрағалық етуші кеңесу бөлмесіне кетпей жеке – дара шешеді
Достарыңызбен бөлісу: |