3 1-тарау. МӘнерлеп оқУ



бет119/126
Дата29.11.2022
өлшемі5,95 Mb.
#160312
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   126
Байланысты:
Мәнерлеп оқу КІТАП
4В Музыка 22.11.22, Қазақ халық музыкасының тарихы
2. «Заттарды қабылдау»
Тәрбиешінің алдында биік-аласа мұнарлар, жуан-жіңішке қарындаштар, оң қолын және сол қолын көтеріп тұрған баланың суреттері, табиғат көрнісі (ағаштар алыстан кішкене, жақыннан үлкен болып көрінеді) т.б. суреттер бар. Тәрбиеші балаларға сұрақтар қояды.
1. Мұнарлар қандай? (биік немесе біреуі аласа)
2. Қарындаштар қандай (жуан-жіңішке)
3. Суретте бала қай қолын көтеріп тұр? (оң, сол(
4.Мына суретте ағаш қалай орналасқан? (кішкене ағаш алыстан көрінеді, үлкені жақыннан т.б.)
5. Сен менің қай жағымда тұрсың? (алдымда)


3. «Ұқсас суретті тап»
Тәрбиешінің алдында қос-қостан бірнеше суреттер болады. Олар: Екі шырша, екі қайық, екі телевизор, екі тоңазытқыш, екі жапырақ, екі гүл, екі сағат т.б. Осы суреттерді» бірнешеуін тақтаға іліп осыған ұқсас геометриялық пішіндерді қораптан тап» дәл алып салыстырып, ұқсастығын, пішінін, түр-түсін сипаттап әңгімелеп береді.


4. «Әртүсті заттар»
Жүргізуші балаларға белгілі бір түсті атйтады. Балалар сол түске сәйкес заттың атын атап беруге тиісті. Шеңбердегі отырған балалар кезекпен жауап беріп отырады. Мысалы: қызыл алма, сары балапан.


5. «Уақытты қабылдау жаттығуы»
1. Тәуліктің уақытын ата?
а) Таңертең деген қай уақыт? (таңертең не істейтіндерін сипаттайды)
ә) Түс деген қай уақыт? (түсте тамақ ішеміз, дем аламыз т.б.)
б) Кеш деген қай уақыт? (үйге қайтамыз, үйдегі іс-әрекетті айту)
в) Түнде не істейміз (ұйықтаймыз)
2. Аптада неше күн бар?
3. Қандай күндер?
4. Жұмыс күндері қандай?
5. Демалыс күндері қандай?


Есте сақтауға арналған жаттығулар


1. «Сиқырлы саусақтар»
1. Таң қалу (екі қолдың бас бармағын көтеру)
2. Өзіңді көрсету (бір саусақпен)
3. Сәлемдесу (қолды жоғары көтеру)
4. Қорқыту (сұқ саусақпен)
5. Тоқта (бас бармақты төмен көрсету)
6. Аймалау (екі қолды бір-біріне сипалау)
7. Жеңіс! (екі қолды жоғары көтеру)


2. «Менің елім»
1. Қандай елде тұрасыңдар?
2. Қазақстанның қандай қалаларын білесіңдер? (картаны қолдану)
3. Қандай қалада тұрасыңдар?
4. Біздің қаламызда қандай көшелер бар?
5. Балабақша қай көшеде орналасқан?
6. Сен қай көшеде тұрасың?
7. Қандай атақты адамдардың атымен аталған көшелер бар?
8. Ел, жер туралы кім мақал-мәтел, тақпақ біледі?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет