3 1-тарау. МӘнерлеп оқУ



бет117/126
Дата29.11.2022
өлшемі5,95 Mb.
#160312
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   126
Байланысты:
Мәнерлеп оқу КІТАП
4В Музыка 22.11.22, Қазақ халық музыкасының тарихы
5. «Зейінді бол»
Балалар шеңберде тұрады. Жүргізуші ойынның ережесін түсіндіреді. Мен сендерге әр түрлі қимыл қозғалыстарды көрсетіп тұрамын. Сендер оны қайталап тұруға тиістісіңдер. Бірақ, мен ескерткен қозғалысты, мысалы: «қосаяқтап секіру» қозғалысын қайталауға болмайды. Кім қайталаса сол ойыннан шығады. Жүргізуші әр түрлі қозғалыстарды көрсетіп, қайталамайтын қозғалысты бірнеше рет көрсетеді. Қай бала шатасса ойыннан шығады. Ойынның жеңімпазы жүргізуші болады. Сол бала қайталанбайтын қозғалысты өзі шығарады.


Ойлауды дамытуға арналған ойындар


1. «Матадағы менің орным»
Жердегі жатқан мата үстіне, балалар белгі берген уақытта тұрып қалуға тиісті. Матаның өлшемін тәрбиеші кішірейте отырып ойынды жалғастырады. Бірақ ойында балалар мата бетінен шығып кетпеуі керек.


2. «Ойлан да аяқта»
- Лимон қышқыл, ал қант ... (тәтті)
- Егер үстел орындықтар биік болса, онда орындық ... (үстелден аласа)
- Екі, бірден көп, ал бір... (екіден аз)
- Сен аяғыңмен жүресің, ал затты ұстағанда немен ұстайсың... (қолмен)
- Егер Самал үйден Айманнан бұрын шықты, ал Айман... (кейін)
- Өзен арықтан терең, ал арық... (саяз)
- Бала үлкейіп, ер адам болады, ал қыз... (әйел адам)
- Пышақ та, әйнек те... (өткір)


3. «Ойлан да аяқта»!
- ат шабады, ал қарлығаш ... (ұшады)
- ит үреді, ал қарға ... (қарқылдайды)
- жылан жорғалайды, ал балық ... (жүзеді)
- қасқыр ұлиды, ал қой ... (маңырайды)
- түйе боздайды, ал жылқы ... (кісінейді)


4. «Қарама-қарсы сөзді ата»
Балалар шеңберге тұрады. Жүргізуші доппен балалардың арасында тұрады. Жүргіуші балаларға кезекпен допты лақтырып белгілі бір сөзді айтады. Балалар сол сөзге қарама-қарсы сөздерді тауып айтуға тиісті. Мысалы: Ащы – тұщы, жақсы – жаман
Қара –
Күн –
Аласа –
Қай бала шатасып қалса немесе жауабын айтпаса ойыннан шығады. Жеңімпаз бала жүргізуші болады. Ойын қайталанады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет