3 1-тарау. МӘнерлеп оқУ



бет113/126
Дата29.11.2022
өлшемі5,95 Mb.
#160312
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   126
Байланысты:
Мәнерлеп оқу КІТАП

8. Тапсырма: Үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелектерден суреттегіге ұқсас
бейнелер құрастыр.





9. Тапсырма:
Екі бақаның ұқсастығы мен айырмашылығын ата.



10. Тапсырма: Суреттерді аяқта


ОЙЛАУ
11. Тапсырма:
Сурет бойынша есеп құрастыр (ауызша)



12. Тапсырма:
Қоянның азығы сәбіз.
Ақтиіндікі ше?

13. Тапсырма:
Әр қатардан не артық екенін айтып бер.

Бала өз қиялында алуан түрлі оқиғаларды тудырып, өзі сол оқиғалар ортасынан ең жақсы қасиеттерімен көріне алады. Ойын үстінде қалыптаса келе қиял іс-әрекеттің басқа да түрлеріне ауысады. Ол, әсіресе, баланың сурет салып, тақпақтар мен ертегілерді ойдан шығарған кездерінде анағұрлым айқын байқалады. Қиялдың бала өміріндегі ролі зор. Қиялды үнемі дамытып отыру – балаға айналадағы дүниені танып, меңгерудің ең бір сара жолы, аясы тар жеке тәжірибенің өрісін кеңейтудің бірден-бір әдісі. Баланы қиял әлеміне енуге бағыт-бағдар беретін тапсырмалар ұсынамыз. (14, а,ә, 15,16). Бұл тапсырмалар арқылы бала өз қиялын қағаз бетіне түсіру дағдысын байқатып, салынған бейнелерді жалғастырып, толықтырып салу арқылы қиялының қаншалықты деңгейде екенін көрсете алады.


Баланың мектепке психологиялық дайындығымен қоса, дәстүрлі түрде тән болған кейбір арнаулы білімдер мен дағдыларды – тіл дамыту, сауат ашу, математиканың қарапайым ұғымдары, бейнелеу өнері мен әуен сазын сезіну т.б. меңгеру айрықша орын алады. Мектепке дайындықтың нәтижелі болуы баланың айналадағы болмыста кездесетіндердің елеулілерін бөліп алып, оларды салыстыра отырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын көре білуін, пікір айтуды үйреніп, құбылыстардың себептерін ашып, оларға қорытынды жасай білуі тиіс. Осы мәселелерді анықтауға арнайы ойын-жаттығулар мен баланың мектепке даярлығын анықтауға арналған сауалнамалар ұсынып отырмыз. Педагог-сихологтарға, ата-аналарға арнайы тапсырмалар, тестік сұрақтар мен балаларға арналған сауалдар берілген.
Ойын-жаттығулар арқылы баланың білім-білік дағдыларын күнделікті іс-әрекетте қолдана білу мүмкіндіктері қарастырылады. Ойын отырып ойлануға бағыт беріледі. Суреттерді санына сәйкес толықтыру, суреттерді бояу, нүктелерді қосу, геометриялық фигуралардың кеңістікте орналасуына орай бояу, пішіндерді жинаұтай келе белгілі бір бейнені жасауға болатынына қортынды жасай білуге баланың өзін алып келу. Жаттығуларды педагог өзінің шығармашылық ізденісімен толықтырып, баланың қабілетіне сәйкес түрлендіріп отырады. Мұнда математиканың қарапайым түсініктері мен тіл дамытуға, психологиялық көңіл-күйді бақылай білуге, өзінің көңіл-күйін бейнелей білуге жаттықтыру қарастырылған. Сондай-ақ, баланың тілін дамытуда жалқыдан жалпыға, жинақтау, топтастыру, артық заттарды аңғару т.б. бағыттарға ден қойып, әңгімелеп айтып жеткізе білуге жаттығулар ұсынылды.
Бұл қандай жануарлар? – ойын жаттығу балалардың үй-жануарлары мен жабайы жануарлардың айырмашылықтарын ажыратып, дөңгелектерден аңдардың бет-бейнесінің ерекше сипатын қағаз бетіне түсіре білуге жаттығады. Қолдың үйлесімділігі мен көз мөлшері және қағаз бетін дұрыс пайдалана білу дағдыларын байқауға арналған бұл жаттығулар баланың қызығушылығы және ой-қиялымен толықтыруына да бағыт-бағдар беруге болады. Соңында берілген екі сурет арқылы балаға өзінің мінез-құлқы жайында ойлануға, салыстыра білуге, осындай іс-әрекеттің дұрыс-бұрыстығына көз жеткізуге, үлкендермен және құрбы-құрдастарымен қарам-қатынас мәдениетін қалыптастыру барысын бақылауға бағытталған. Бұл педагогтің шығармашылық әңгімесімен толықтырылуы қажет.
Суретте берілген жаттығулардан басқа сабақ барысында, психологиялық қызмет кезінде қолданылатын ойын-жаттығуларды ұйымдастырудың бірнеше үлгісін береміз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет