Баланың мектепке дайындығы
(Психологиялық тапсырмалар мен ойын, жаттығулар)
Қымбатты ата-аналар, педагогтар мен психологтар!
Сіздерге ұсынылып отырған еңбекте баланың мектепке дайындығын, яғни көру, есту, қабылдау, есте сақтау, зейіні мен ойлау қабілеттерінің даму барысын анықтауға арналған тапсырмалар мен ойын, жаттығулар және сауалнамалық сұрақтар жинақталған. Олар тәрбиеші мен психологтың, сондай-ақ ата-ананың баламен бірлескен іс-әрекетіне құрылған. Берілген тапсырмаларды орындау екі кезеңнен тұрады: бірінші кезеңде ауызша немесе сурет бойынша тапсырмаларды орындауға бағыт беріп, баланың қабылдауына, есте сақтауына, ойлануына ықпал ететін болса, екінші кезеңде ойын, жаттығулар арқылы зейінін тұрақтандырып, іс-әрекетті тікелей орындау арқылы психикалық процестердің дамуын анықтайды. Баланың санасында қалыптасқан түсініктер мен психикалық таным процестерінің көрнісін, сипатын әңгіме түрінде, не суреттерге қарап сөзбен баяндауына бағыт беріліп, бақылау жасалады. Жаттығулар мен тапсырмаларды орындауда балаларға қиындықтар кездессе қайтадан түсіндіріп, орындалу барысына көмектесу қажет. Бала берілген тапсырманы орындап болған соң екінші тапсырманы орындау ұсынылады, кейбір тапсырмаларды орындауды түрлі-түсті қарындаштар, ақ қағаз, фломастер беріледі. Тапсырмаларда берілген суреттерді жалғастыру, торкөзге қайталап салу, өзі сурет салу арқылы баланың қиялын ұштап, өзіндік дербес әрекет етуіне мүмкіндік туғызады. Баланың тілін дамыту, байланыстырып сөйлеуге үйрету, сөздік қорын байыту, ойлау қабілетін жетілдіру кеңістік, уақыт ұғымдарын т.б. тиянақтау ескерілді.
Мектепалды тобында педагогикалық, психологиялық процестер барысында баланың көңіл-күйін анықтап, психологиялық мотивтерді туындатып, жағымды мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру көзделді. Психологиялық жаттығулар баланы үлкендермен және құрбылармен қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелеп, өз пікірлерін айтып жеткізе білуге баулиды.
Аталған еңбекте баланың мектепте жалпы дайындығы мен арнайы дайындығын ескере отырып психологиялық тұрғыдан дайындығын анықтаудың жолдары қарастырылған. Балаңыздың мектепке дайындығын байқауда танымдық процестері (қабылдау, ес, ойлау, зейін,қиял т.б.) мен танымдық қаракетінің даму дәрежесінің, оның ынтасының даму ерекшеліктерінің шешуші маңызы бар.
Баланың мектепке табысты оқуына ықпал ету үшін танымдық қаракеттің даму дәрежесі ықтиярлы түрде меңгеруден басқа, баланың белгілі қабылдау сапасы мен ойлауын да қамтиды.
Бала заттар мен құбылыстарды жоспарлы түрде бақылап, олардың алуан түрлі қасиеттерін ажырата білу, белгілі бір тапсырмаларды орындау барысында баланың іс-әрекеті орындауы қатесіз дұрыс болса, педагог (ата-ана) қызыл түсті дөңгелекпен, бір-екі қатесі болса жасыл түсті төртбұрышпен, үш немесе одан да көп қатесі болса көк түсті үшбұрышпен белгілейді.
Яғни,
- Тамаша!
- Жарайсың!
- Жақсы!
Достарыңызбен бөлісу: |