3 1-тарау. МӘнерлеп оқУ



бет108/126
Дата29.11.2022
өлшемі5,95 Mb.
#160312
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   126
Байланысты:
Мәнерлеп оқу КІТАП

Сабақтың мақсаты: оригама өнерімен таныстыру. Оригама арқылы баланың бейнелі ойлауын дамыту, кеңістікті бағдарлау, шеберлік, іскерлік дағдыларын қалыптастыру. Қағазды бүктеу әдіс-тәсілдерін меңгерту. Қағазбен жұмыс істей отырып, өсімдіктер, құстар, жан-жануарларға деген қамқорлық сезімдерге тәрбиелеу. Баланың тілін дамыту, математикалық ұғымдарды тиянықтау, ән айту, тыңдату, би қимылдары және түрлі ойындар қолдана отырып алған білімдерін бекіту. Іс әрекет нәтижесінен көркемдік талғампаздыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: топ бөлмесін бірнеше тақырып мазмұнына сай жабдықтау құстар, аңдар, жануарлар суреттері және бүктеп жасалған үлгілері.
Сөздік жұмысы: оригама, қабаттап бүктеу, қию түрлері т.б.
Әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, баяндау, көрсету, түсіндіру, ойын т.б. Бүктеу, түзу, қисық, қабаттап, бұрыштап сызықтар бойымен т.б.
Алдын-ала жүргізілетін жұмыстары: құстар, аңдар, жануарлар, өсімдіктердің бірнеше түрлерін шағын топпен қағаздан жасап көрсету.Өлең, тақпақтар, ертегілер айтып беру.
Сабақтың барысы: 1. Тәрбиешінің кіріспе әңгімесі.
а) топ бөлмесінің ерекшелігіне назар аудара отырып, оригама өнері жайында қысқаша түсінік беру;
ә) оригама - әдіс-тәсілдерін көрсете отырып балалардан сұрау арқылы бүктеу тәсілдерін бекіту;
б) үлгілерді көрсету, талдау.

2. Жыл мезгілдеріне байланысты өзгерістер, өсімдіктер дүиесіндегі өзгерістерге шолу жасап, гүлдер жайында әңгімелесу.


а) қызғалдақ гүлін бүктеп жасату (екі түрлі). Бәйшешек.
г) гүлдер жайында өлең, тақпақтар атқызу. Өсімдіктерді күтіп баптау, аялау, тыйым сөздер.

Бой сергіту сәті: Біз гүлдерше өсеміз


Жапырағы жайқалған,
Сабақтары салалы
Желге ырғалып шайқалған

3. Құстар әлемі (немесе «Құс базары»)


а) құстардың түрлері, ерекшеліктері, қандай құстар жайында өлең тақпақтар білетіндерін, ертегілер айта алатынын сұрау.
ә) іс-әрекет: аққу, көгершін, жапалақ т.б.
б) құстар жайында ауызша есеп шығарту. Математикалық дидактикалық ойындар ұйымдастыру.
в) құстар өмірімен байланысты «Би» немесе музыкалық ойындар.

4. Жануарлар әлемі.


а) Ойын: «Сыңарын тап» немесе «Төлін таны».
Үй жануарларының пайдасы, маңызы, шақыру т.б. жабайы жануарлардың ерекшеліктері. Өлең, тақпақтар, мақал-мәтелдер.
ә) оригама: мысық, күшік, піл, жираф, қоян, түйе т.б.
б) бой сергіту: Ырғақты қимыл қозғалыс. «Қошақаным» әнімен немесе музыка жетекшісінің ұсынысымен таңдау.
в) математикалық ұғымдар: биік-аласа, үлкен-кіші, т.б. салыстыру, теңестіру, ауызша есептеу.
г) ойын жаттығу: жануарлар дыбысы (сауат ашу элементтерін кіріктіруге болады).

5. Компьютерлік ойындармен сабақты жалғастыруға болады.


Ескерту: топ бөлмесін балалар саяхат жасауға қолайлы етіп жабдықтау. Әрбір тақырыптардың мазмұнына сәйкес материалдар жинақталады. Компьютерлік ойындарды сабақтың құрылымдық жүйесіне сәйкестендіре өзгертіп орналастыруға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет