3 1-тарау. МӘнерлеп оқУ



бет107/126
Дата29.11.2022
өлшемі5,95 Mb.
#160312
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   126
Байланысты:
Мәнерлеп оқу КІТАП

Ұлттық бас киімдер


Сабақтың мақсаты: отбасы жайындағы түсініктерін жетілдіру. Ыдыс-аяқтар және ұлттық киімдер туралы ұғымдарын бекіту. Жапсыру іс-әрекеті арқылы бас киімдерді әшекейлеу, ұлттық ерекшеліктерін ажырата білу, іскерлік дағдыларды меңгерту. Көркемдік талғамын қалыптастыру. Тәрбие жұмысы барысында балалалдың бір-біріне қарым-қатынас, адамгершілік, ізгілік қасиеттерінің қалыптасуына көңіл аудару.
Көрнекіліктер: ұлттық бас киімдер суреттері, түрлі-түсті қағаздар, қылқалам, желім, қайшы, сүрткіш, т.б. бөлмесінде арнайы бұрышты «Сән үйі» етіп жабдықтау.
Әдіс-тәсілдер: ойын әдіс-тәсілдері және балалардың меңгерген іскерлік дағдылары мен білімдерін тәжірибеде қолдана білуге баулу.
Сөздік жұмыс: малақай, тұмақ, қалпақ, айыр қалпақ, сәукеле, бөрік, тақия, кимешек т.б.
Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: «Бейнелеу өнері түрлерімен таныстыру» атты диафилімінен ұлттық бас киімдерді көрсетіп әңгімелеу, түр-түсі, өрнектеріне назар аудару. Суретті кітапшалар қарау. Өнер мұражайларына саяхат ұйымдастыру.
Сабақтың барысы: балаларға өз отбасы мүшелері, олардың бір-біріне қарым-қатынасы, өзінен үлкен және кіші іні, қарындастарына көзқарастары туралы әңгімелеу ұсынылады. Көркем өнер туындыларын көрсетіп әңггіме құрап айтқызу (ұлттық бас киімдер). Ою-өрнек, әшекейлеріне, ер кісілер мен әйелдер, қыздар киетін бас киімдердің ерекшеліктеріне тоқталып өту. Осындай бас киімдерді өздері түрлі түсті қағаздан қиып жапсырады.


Тақия
Шет-шеті әсем бүрілген
Сыртын оның тыстайды,
Төңкерсеңіз,
Тігілген
Киіз үйге ұқсайды.
Шалқасынан тастасаң,
Ол ұяға ұқсайды,
Мейлің қолмен баспасаң,
Дауылға да ұшпайды.

Топ бөлмесі бар киімдер «Сән үйіне» айналады. Бірнеше қолдан тігіп дайындалған үлгілерді көрсетіп, әсемдігін, қымбат бағалы асыл тастармен өрнектелгендігін, төбесіне үкі тағылғанын, бір-бірінен айырмашылығын салыстыра әңгімелейді. «Сән үйіндегі» бас киімдер өте аз, санаулы ғана, оны көйбейту үшін барлығымыз өз үлесімізді қоссақ.


- балаларға алдымен әркім қандай бас киім дайындағысы келетінін ойлану, таңдау:
- таңдап алған бас киімді әшекейлеу үшін ою-өрнек үлгілерін таңдау, қалай орналастыру жолдарын анықтау;
- ою-өрнек элементтерін қиюдың әдіс-тәсілдерін естеріне түсіру (қос бүктеп қию, қабаттап қию т.б.);
- трафарет, шаблондар пайдалану және өз ойларынан эскиз түсіру арқылы бас киімнің сыртқы пішінін қиып алу;
- ұсақ қиындылар қию және дайын қиындылармен үйлестіре әшекейлеу, түс таңдауға бағыт беру;
- желімдеудің реті, орнын белгілеу, ұқыпты жұмыс істеуге басшылық жасау;
- жеке және жалпылама нұсқаулар беру;
- балалар жұмыс жасаған кезде бақылай жүріп, кейбір балаларға көмектесу;
- іс-әрекет барысындағы ынта-ықыластарын, белсенділік пен қызығушылықтарын ескере келіп шаршағандықтары байқалса бой сергіту сәтін өткізу (музыка ырғағымен);
- балалар жұмыстарын жалғастыру, аяқтау;
- аяқталған жұмыстың нәтижесін талдап, өз жолдастарының еңбегін бағалап «Сән үйіне» әдемі бас киімдер таңдау;
- бас киімдерді жасалуына қарай үлкен адамдар, әйел, ер балалар киетінін ажырата сипаттап айтқызу;
- отбасы жайындағы ұғымдармен байланыстыра алған білім, дағдылары мен іскерліктерін бекіту;
- отбасы мүшелері туралы өлең-тақпақтар айтқызу, бірігіп ән салу, би билеу ұсынылады.
Тәрбиеші балалардың жұмыс барысындағы белсенділіктерін, дербестігіне, шығармашылықпен әрекет етуіне т.б. талдау жасап қортындылайды.
Сиқырлы қағаздар әлеміне саяхат


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет