3 1-тарау. МӘнерлеп оқУ



бет103/126
Дата29.11.2022
өлшемі5,95 Mb.
#160312
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   126
Байланысты:
Мәнерлеп оқу КІТАП

Менің балабақшамда

Сабақтың мақсаты: балабақша жайындағы түсініктерін жетілдіру. Балалардың айналадағы дүниеден көргендерін әңгімелеп, айтып беру арқылы байланыстырып сөйлеуге үйрету, тілін дамыту. Жапсыру іскерліктеріне машықтандыру, өз ойларынан белгілі бір бейнеге келтіру, шығармашылық белсенділігін, көркемдік талғамын арттыру. Ұқыпты жұмыс істеуге, еңбек нәтижесінде жете білуге баулу. Іс-әрекет барысында бір-біріне деген ізгілік, адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: түрлі-түсті әр түрлі пішіндегі қиындылар салынған қораптар немесе қалташалар. Қылқалам, желім, сүрткіштер.
Сөздік жұмысы: мәпелейді, балапандай өсіріп.
Әдіс-тәсілдер: сұрақ, жауап, әңгімелесу, көрсету, түсіндіру, баяндау, көркем сөз қолдану.
Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: сурет көрсетіп әңгімелесу. Балабақша мекемесінің басқа тұрғын үй, мектеп, дүкендердің сәулеттік ерекшелігіне назар аудартып, арнайы саяхаттар ұйымдастыру. Балабақшаның мекен-жайы, аты, нөмірі, жақын маңдағы көшелерімен таныстыру.
Сабақтың барысы: М.Әлімбаевтың «Бізбің балабақшада» шығармасын оқып, тәрбиеші балалармен балабақша өмірі жайында әңгімелеседі. Таңертең келуі, қандай іс-әрекетпен айналысатындықтары, ойын, еңбек әрекетін еске түсіру, күннің екінші жартысы мен кешкілік жұмыстарды сипаттап айтқызады. Уақыт туралы ұғымдарды: түс, кеш, күндіз, түн т.б. тиянақтау. Сыртқы ауладағы заттар, топ бөлмесіндегі заттарды сипаттау. Тәрбиешінің тапсырмасы: айналадағы қоршаған ортадан көргендерін, балабақша өмірінен, өздерінің қалауы бойынша қиылған қағаздардан белгілі бір бейнені құрап, жапсыру. Әр балаға түрлі-түсті қағаздан қиылған түрлі пішіндер салынған қапшықтар беріледі. Қандай бейнелер құрауға болатынын ойлауға уақыт бөлінеді. Қағаз бетіне түрлі-түсті қиындыларды жайып белгілі бір бейне құрап, біртіндеп әр бөлшектерін жапсырады. Математикалық ұғымдармен байланыстыруды жапсыру кезінде олардың іскерлік-дағдыларды меңгеруі бақыланады, жұмысқа басшылық жасалып, нұсқау беріледі. Балалар жұмыстарын аяқтаған соң, талдау жасалып ең таңдаулы жұмыстар аталып өтеді. Өздері жасаған заттарына байланысты өлең-тақпақ, жұмбақ, жаңылтпаштар айтып, бәрі қосылып «Балабақша бағында» әнін орындайды. Балабақшада тағы қандай ән үйреніп жүргендерін сұрайды. Балалар таңдаған әннің мазмұнына сәйкес қимылды ойындар, ұлттық ойындар ұйымдастыруға болады. Ойыннан кейін аулаға шығып, балабақшаның сыртқы ерекшеліктерімен таныстыру, жеке жұмыста шағын топпен және кейбір балалармен арнайы «Біздің балабақшада» тақпағын жаттау.

Мектепке даярлық тобында бейнелеу өнеріне баулу әдістемесі


Айналаны бақылау барысында балалар өздері өмір сүріп отырған ортаның туған өлке табиғатының сұлулығын сезіну, ауылдың, қаланың ерекшелігі жайында түсініктерін қалыптастыру, жыл мезгілдеріне байланысты табиғат құбылыстарының өзгерісін байқауға жаттықтырады. Белгілі бір затқа немесе құбылысқа арнайы бақылау жүргізіп оны қабылдай білу, есте сақтай отырып бейнелеу іс-әрекетінде бере білу дағдыларын қалыптыстыру. Балабақшаның іскі-сыртқы көркемдік безендірілуінің де баланың қабылдауы мен көркемдік талғамын арттыруға ықпалы зор.


Мұндай жұмыстар бақылау, арнайы саяхаттар мен мақсатты серуендерде жүзеге асады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет