3 1-тарау. МӘнерлеп оқУ



бет101/126
Дата29.11.2022
өлшемі5,95 Mb.
#160312
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   126
Байланысты:
Мәнерлеп оқу КІТАП

Көктем көрінісі

Сабақтың мақсаты: көрікті көктем келбетін бақылаудағы түсініктерін тиянақтау. Көргендерін бейнелеу іс-әрекетінде қағаз бетіне түсіре білуге дағдыландыру. Бояу түстерін таңдап, алмастыра қолдануға машықтандыру. Бояумен жұмыс істеу іскерліктерін жетілдіру. Көркемдік талғамын қалыптастыру, тіл байлығын дамыту.
Көрнекіліктер: «Көктем көрінісі» сурет, қылқалам, оны қоятын тұғыр, су, сүрткіш.
Әдіс- тәсілдер: әңгімелесу, көрнекілік, түсіндіру, көрсету т.б.
Сөздік жұмыс: суретші, шеберхана, мольберт, эскиз (сызба бейнесі), көкжиек сызығы т.б.
Алдын – ала жүргізілетін жұмыстар: Ә.Қастеев «Көктем», И.Левитан «Март» сурет бойынша әңгіме.
Сабақтың барысы: тәрбиеші күй табақтан «Көктем келді» әнін тыңдатады. Әннің мазмұны, сипаты жайында әңгімелеседі. Көктем мезгілінің ерекшеліктері жайында сұрап, «Көктем көрнісінің суретін көрсетіп балаларға сөйлем құратады. Енді осы көктем көрнісінің суретін салып берулерін өтінеді. – Ол үшін неден бастау керек? – деген сауал қояды. «Ендеше, бәріміз бүгін суретші боламыз. Суретшілердің ішінде тек қана табиғат көрінісін салатын суретшілерді қалай атаймыз? Табиғат суретшісі (пейзажист) деп атаймыз». Онда біздің топтың табиғат суретшілерінің шеберханасы деп есептеңдер, суретшілер көп болғандықтан екі топқа бөлінеміз. Бірінші топ менің оқ жағымдағы мосыдағы (мольбертегі) қағазға, екінші топ сол жағындағы қағазға көктем көрінісін бейнелейді. Алдымен бәріміз ойланып алайық. Кім не салғысы келеді? (көздерін жұмып отырып ойланады). Өздерінің алдарындағы ақ қағазға қара қарындашпен кім не салғысы келетінінің сұлбасын (эскиз) түсіріп көріңдер. Содан кейін екі мосыда (мольбертте) тұрған қағазға екі түрлі көктем көрінісін бейнелейміз» - деп тәрбиеші нұсқау береді. Балалар алдарындағы қағазға суретшілерше суреттерін ойланып сызуға кіріседі. Бірнеше эскиз түсірілген соң мосыдағы қағазға сурет салуды бастайды. Кезектесіп ақылдаса отырып көктем көрінісін бейнелейді. Солдан оңға қарай көкжиек сызығын сызады. Ол сызықтың жоғарғы жағы аспан, төменгі бөлігі жер. Алыстан көрінетін заттар кіші, жақындағы затар үлкен болып келетінін ескере келіп, әр баланың өзі бейнелейтін затты қалауы бойынша бояумен салады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет