Сөздік жұмысы: жемістер пісті, сабақтары жіңішке, ширату т.б.
Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: «Жемістер жыры» Р.Қунақова. жаттау. «Жемістер, көкөністер» сататын дүкенге мақсатты серуен ұйымдастыру.
Сабақтың барасы: тәрбиеші «ғажайып қалта» дидактикалық ойынын ойнатудан бастайды. Оның ішінде жемістердің муляждары. Балалар қолдарын қалтаға салып, сипап сезу арқылы қандай жеміс екенін айтады. Талдау жасайды. (алма, алмұрт, апельсин, жүзім т.б.). біртіндеп барлық жемістерді алып үстел үстіне қойылған соң түр-түсі пішіні жайында әңгімелетіп «жемістер жыры» тақырыптарын өз қалаулары бойынша айтады. Енді осы жемістерді мүсіндеп көрейік. Ол үшін кім қандай жемісті жасағысы келетінін айтып өтеді. Жемістерді мүсіндеудің әдіс-тәсілдері көрсетіліп, түсіндіріледі (домалақтау, есу, бекіту) алмұрттың жоғары бөлігін сәл жіңішкерту, алма тәрізді емес, ерекшелігін айтып өтеді. Балалар ермексазды бірнеше бөлікке бөліп алып бірнеше жемістерді мүсіндейді. Бой сергіту сәті. Дайын болғандарын санап, неше алма? Барлығы қанша? – екенін айтып математикалық ұғымдармен байланыстыра еңбек нәтижесіне талдау жасалып, алдарындағы себетке салады. Тәрбиеші олардың жасалу сапасына мән беріп, жетістіктерін мадақтап қорытындылай келе, енді бұл дәмді жемістерді кімге сыйласақ екен, әлде қонаққа қуыршақтарды шақырсақ па екен? – деп балаларды сөзге тартып олардың ұсынысы бойынша ойын бұрышында ойын арқылы іс-әрекет жалғасады.
Құстар келді
Сабақтың мақсаты: балаларды қоршаған орта ерекшеліктерін қағаз бетіне қарапайым дақ түсіре отырып, кеңістікке орналасуына байланысты қағаз бетінде сурет мазмұнын беруге үйрету, іскерлік дағдыларды қалыптастыру, бейнелеу өнерінің мәнерлеу құралдарын меңгеруге баулу.
Көрнекіліктер: иллюстрация суреттер, түрлі бояу, қылқалым, ақ қағаз, су, сүрткіш шүберектер, тұғырлар.
Сөздік жұмысы: жыл құсы, құстардың келуі, көкжиек сызығы т.б.
Әдіс тәсілдері: түсіндіру, көрсету, әңгімелу, сұрақ жауап.
Достарыңызбен бөлісу: |