Көрнекіліктер: Саз балшық, тақтайша, таяқшалар (стека), сүрткіш, ертегі бойынша суреттер, ойыншық түлкі, қоян (салыстырып көрсетуге).
Әдіс-тәсілдер: көрсету, түсіндіру, әңгімелеу. Илеу, есу, домалақтау, шымшып созу т.
Сөздік жұмысы: айлакер, қу, у-шу т.б
Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: бос уақыттарында ертегілер оқып беру.
Сабақтың барысы: балалар, мен бүгін қонаққа ертекші Ерден атайды шақырып едім. Ол кісі де келіп қалар. Келгенше мен бір жұмбақ жасырайын, соны шешіп көріңдерші. Тәрбиеші жұмбақ жасырды:
Өзі айлакер, қу
Жүрген жері у-да, шу
(Түлкі)
Балалар шешуін тапқан соң түлкі жайында қандай ертегілер білетіндерін сұрайды. Балалар: «Айлакер түлкі», «Түлкі мен қасқыр», «Қаз бен түлкі», «Түлкі мен бөдене», «Тырна мен түлкі» т.б. «Түлкі жайында көп ертегі біледі екенсіңдер,енді мына суретке назар аударыңдаршы». «Түлкі, қойшы, аю» ертегісінің суретін көрсетіп, қысқаша әңгімелету. Түлкінің дене бітімі, сыртқы сипатына көңіл бөлу. Осы кезде есік қағылып, бөлмеге Ерден атай қонаққа келеді. Балалар сәлемдесіп, Ерден атайды қарсы алады. – «Балалар мені таныдыңдар ма?». «Бүгін қандай ертегі тыңдағыларың келеді?» - деп сұрайды ертегіші. Осы кезде тәрбиеші: «біздің балалар түлкі жайында көп ертегі білетіндерін сіз келгенше айтып та үлгерді. Сіз тағы да түлкі жайлы қандай ертегі бар екенін айтып берсеңіз» - деп, ұсыныс жасайды. Ерден атай: - «Ой, балалар, түлкі жайлы ертегілер өте көп» - деп, бірнеше ертегілерді атайды. «Түлкі мен жолбарыс», «Түлкі мен қоян». Осылардың қайсысын тыңдағыларың келеді? Балалар өз қалауы бойынша тақырыпты атайды (Мысалы: «Түлкі мен қоян»). Ерден атай мәнерлеп ертегіні қызықтыра айтып береді. «Түлкінің құйрығы ұзын, қоянның құйрығы қысқа болып қалғанын естідіңдер, енді осы құйрығы ұзын айлакер түлкіні біз Ерден атаға жасап көрсетсек қайтеді», - деп тәрбиеші іске кіріседі. «Бәрекелді, өнерлі балалар екен қане, мен көрейін «түлкіні қалай жасайтындарыңды, мүмкін мен де үйреніп алармын» - дейді Ерден атай. Тәрбиеші ойыншық түлкіні (немесе ермексаздан дайындалған үлгі) көрсетіп, дене бөліктерінің жасалу тәсілдеріне тоқталып өтеді. Денесін тұтас кесекті есіп, оны иіп аяқтарымен бірге жасайды. Басын домалақтап алақан арасына салып айналдырып, тұмсығын сүйірлеп шымшып созып шығарады. Құлақтарын да саусақтардың көмегімен шымшып созып шығарып, көздерін таяқшамен сызып жасайды. Құйрығын алақан арасына салып есіп алып, ұшын сәл жіңішкертеді де, оны артқы аяқтың жоғарғы тұсына бекітеді. Тәрбиеші көрсетіп болған соң балалар жұмысқа кіріседі. Жұмыс барысында кейбір балаларға жеке нұсқау беріледі. Жұмыс аяқталғанда балалар жұмысына Ерден атай ризашылығын білдіріп ішінен ең таңдаулы жұмыстардың бірнешеуін алып, басқа балабақшалардағы балаларға апарып көрсететінін айтады. Балаларға өзінің неше түлкіні таңдап алғанын санатады. Бірінші басқышта нешеу, екінші, үшінші басқыштағы түлкіні санауды, үш басқышқа тең етіп орналастыруды өтінеді. Басқыштардың қасында тұрған «орманда» ағаштардың ішінде қанша түлкі бар екенін сұрап математикалық қарапайым ұғымдарын бекіте отырып талдау жасайды. Тәрбиеші: - «біздің балалар тек мүсіндеумен ғана айналысып қоймайды, өлең айтып, би билейді. Қане, кім өз өнерін Ерден атайға көрсеткісі келеді?». Балалар өлең, тақпақтарын, музыка жетекшісінің сүйемелдеуімен ән салып, билеп береді. Ерден атай балаларға рахметін айтып, батасын береді.
Рахмет, гүлдерім,
Жарқыраған күндерім
Өнердегі сайыста,
Бір-біріңнен қалыспа!
Дендерің сау болсын, ғұмырларың ұзақ болсын!
Әумин!
Достарыңызбен бөлісу: |