Әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, сурет қарау, түсіндіру, ойын іс-әрекеті.
Сөздік жұмысы: педагогикалық үрдіс барысында жаңа кездескен сөздер.
Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: көркем шығармалар оқу. Астана қаласын сурет бойынша таныстыру.
Сабақтың барысы: тәрбиеші балаларды саяхатқа жиналуларын өтініп, көркем табиғат жайында әңгімелейді. Бұдан кейін «Жайлауға» саяхат жасайтындықтарын хабарлайды. Көлік түрлері таңдалады (балалар келісімімен). Жол-жөнекей табиғат көріністеріне, ертегілер еліне, құрылыс алаңына кезігіп әрқайсысына сипаттама беріп, балаларға әңгімелетеді. Құрылыс материалдарымен іс-әрекет барысында тәрбиеші математикалық түсініктерді тиянақтай отырып, алдарынан кездескен өзеннен өту үшін «көпір» немесе «көлденең» өтуге қайық жасап өтуге әрекеттенеді (ойын түрінде). Ауылға келіп қалғандарын хабарлайды. Балаларды әжесі, атасы (тәрбиешінің көмекшісі) қарсы алып, ауыл өмірі жайында балалардың білетінін толықтырып, қала мен ауыл өмірінің ерекшелігін салыстыра әңгімелеп береді.
Бұдан соң жайлауға барып демалатындықтарын айтып дербес көркемөнер бұрышында жайлаудағы іс-әрекет жалғасады. Мұнда өз еріктерімен сурет салады, мүсіндейді, жапсырады, ұлттық нақыштағы ою-өрнектер, бейнелеу өнерінің түрлерін айқындайтын суреттер көріп, тамашалайды, жеке заттық тақырыпта сурет салады. Суретті, кітаптарды бояйды. Ойын ойнайды. Ән салады. Би билейді. Саяхаттан алған әсерлерін айта отырып, «Астанаға», «Алматыға» қайтады.
Үй жануарлары (қызықты тапсырмалар)
Сабақтың мақсаты: берілген тапсырмалар бойынша балалардың ақыл-ойын, қиялын, дамыту. Шығармашылықпен дербес әрекет етуге баулу. Бейнелеу іс-әрекеті барысында іскерлік дағдыларын меңгеру, құрылыс материалдарымен жұмыс істеуге үйрету. Үй жануарлары жайындағы түсініктерін жетілдіру.
Көрнекіліктер: Жылқы, сиыр, қой, ешкі және олардың төлдерінің суреттері (ойыншықтары), сурет салуға қажетті бояу, қылқалам, су, қағаз сүрткіш. Құрылыс материалдары: үлкен-кіші кірпіштер, жұқа тақтайшалар т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |