Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: сурет көрсетіп әңгімелеу. Көркем шығарма оқу.
Сабақтың барысы: тәрбиеші сабақты «Отбасы» суретін әңгімелеуден бастап, дастархандағы тағамдармен байланыстырып, - «Нан қайдан шығады?» ертегісін еске түсіріп қайталайды (қанша кейіпкер, тек аттарын атап өту). «Нанның көп еңбек сіңірумен келетінін түсінген боласыңдар. Біз де бүгін еңбектеніп ұннан жасалатын тағамдарды мүсіндеп үйренейік. Ол үшін, маған ұннан қандай тағамдар жасалатынын алдымен айтып беріңдерші». – Балалар: нан, бауырсақ, шелпек, таба нан, жайма нан деп атап береді. Олардың пішіндері қандай болады? Дөңгелек, сопақша, тік төртбұрышты (кіріпіш тәрізді). Нанды ата-бабаларымыз қадірлеген, қастерлеген . Нанды жерге тастауға болмайды! Нан салатын ыдысты жасау, әдіс-тәсілдерді еске түсіру. Кім қандай нан жасағысы келеді? (әр бала ойланады, бірнеше баладан сұрайды). Таба нанды қалай жасауға болады?
ермексаздан кесек бір бөлікті бөліп алып алақан арасына салып домалақтап, оны басып, жаншу арқылы жалпақтау, ортасын бас бармақпен айналдыра басып ішіне қарай батыру, таяқшамен шұқып бедер түсіру;
бауырсақты домалақтап және жалпақтап алып кесіп, қиықша бауырсақ жасау;
шелпекті домалақтап алып бастыру, жалпақтау;
балаларға әдіс-тәсілдерді еске түсірген соң өздері қалауы бойынша тағамдарды жасауға кірісуге нұсқау беріледі;
жұмыс барысында бақылау жасалып, жеке нұсқау беріледі;
жұмыс барысында бақылау жасалып, жеке нұсқау беріліп, кейбір балаларға көмектесуге болады.
Еңбек нәтижесіне талдау жасалады.
Дайын болған жұмыстар «Нан дүкеніне» қойылып сюжетті рөлдік ойынға ұласады. Ә.Табылдиевтің «Дақылдар жыры» өлеңі оқып беріледі.
Бидай: Нан анасы – бидаймын:
Нанды елге - сыйлаймын.
Піскенімде мен қырда,
Қауызыма сыймаймын.
Ертегілер еліне саяхат Сабақтың мақсаты: бағдарлама бойынша берілген ертегілердің мазмұнын пысықтау. Есте сақтау қабілетін жетілдіру. Ойлана отырып ертегі кейіпкерлерін саз балшықтан мүсіндей білуге үйрету. Мүсіндеу іскерлік дағдыларын меңгерту. Бейнелеу іс-әрекеті арқылы математикалық түсініктерін қалыптастыру.