3 1-тарау. МӘнерлеп оқУ


Геометриялық фигуралардан бейне құрастыру



бет96/126
Дата29.11.2022
өлшемі5,95 Mb.
#160312
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   126
Байланысты:
Мәнерлеп оқу КІТАП

Геометриялық фигуралардан бейне құрастыру


Сабақтың мақсаты: балалардың алған білімдерін тиянақтау. Бейнелеу іскерлік дағдыларын жетілдіру. Қағазбен жұмыс істеуде шығармашылыққа баулу. Геометриялық фигураларды қию және белгілі бір бейнеге келтіріп құрастыру.
Көрнекіліктер: бірнеше түрлі геометриялық фигуралар (үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек т.б.)
Әдіс-тәсілдер: көрсету, түсіндіру, әңгімелеу, бүктеу қию жолдарын көрсету, ойын.
Сөздік жұмысы: сабақ барысында тәрбиешінің талап-тілегіне орай жүру.
Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: мозайка, құрылыс материалдарымен ойнату.
Сабақтың барысы: тәрбиеші өткен сабақтарды қайталап, еске түсіреді. Геометриялық фигураларды көрсетіп сұрайды. Бұлар тек үшбұрыш, төртбұрыш немесе дөңгелек (болып) қызметін атқарып қана қоймайды, өз алдына белгілі бір бейне жасауға да болады екен. Қане, ойын ойнап көрейік. «Бұл неге ұқсайды?» Балалар геометриялық фигураларға ұқсас заттарды атайды. Ойынды бірнеше рет қайталаған соң «енді мына суреттерге қараңдаршы», - деп үлгіні көрсетіп, талдау жасалады. «Әр түрлі көлік түрлері», «Құрақ көрпе», т.б.
- талдаудаң соң қағазды бірнеше қабаттап бүктеп қию, геометриялық фигуралар дайындау жолдары түсіндіріліп, көрсетіледі. Балалар өздерінің қалауы бойынша тақырып таңдайды;
- дайындалған фигуралардан бейне құрау ұсынылады;
- құрастырған бейнені желімдеу кезеңі;
- балалармен жасаған бейнесі жайында әңгімелесу, өлең, тақпақтар айтқызу,
- балалар еңбегінің нәтижесін талдау.


Себеттегі жемістер


Сабақтың мақсаты: жыл мезгілінің ерекшеліктерін сезіне білуге баулу. Жемістерді мүсіндеу іскерліктерін меңгерту. Ұқыпты жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру. Жемістер туралы әңгімелету арқылы байланыстырып сөйлеуге үйрету. Математикалық ұғымдармен байланыстыру.
Көрнекіліктер: жемістердің муляждары немесе суреттері. Ермексаз. Тақтайша. Дайын болған жемістерді салатын ыдыстар (әр балаға).
Әдіс-тәсілдер: ойын, сипаттап әңгімелету, түр-түсі, пішініне назар аударып домалақтау, есу, ширату тәсілдерін меңгерту, біріктіре жабыстыру жолдарын көрсету, беріктігін бақылау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет