3 1-тарау. МӘнерлеп оқУ


Қыс қызығы Сабақтың мақсаты



бет99/126
Дата29.11.2022
өлшемі5,95 Mb.
#160312
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   126
Байланысты:
Мәнерлеп оқу КІТАП

Қыс қызығы


Сабақтың мақсаты: Балаларды жыл мезгілдеріне байланысты өзгерістерді бақылап, ажырата білуге үйрету. Көргендерін әңгімелеп айту арқылы сөздік қорын молайтуға, байланыстырып сөйлеуге үйрету. Ойлауы мен қабылдауын, есте сақтау қабілетін дамыту. Бейнелеу іс-әрекеті машықтарын еркін меңгеруге үйрету. Бояумен ұқыпты жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру. Істің нәтижесін әсем де әсерлі болуына ықпал етіп көркемдік талғамын қалыптастыру.
Көрнекіліктер: сурет салуға арналған түрлі-түсті және ақ бояу, қылқалам, су, сүрткіш, мольберт, «Қыс қызығы» суреті, әр балаға көгілдір түсті қағаз.
Әдіс-тәсілдер: қыс көрнісі жайында әңгімелеу, сурет бойынша әңгімелету, сұрақ-жауап, сурет салу жолдарын еске түсіру.
Сөздік жұмысы: жапалақтап, ұйытқып, боран т.б.
Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: Қысқы орманға саяхат, «Қыс көрнісі» суретерін сипаттап әңгімелету.
Сабақтың барысы: Балалардан серуенге шыққанда аулада, жолда, үйде көргендері жайында сұралады. Бүгінгі ауа-райына тоқталады. «Қыс қызығы» суреті бойынша әңгімелеседі. Әр баладан қыс кезінде ерекше жақсы көретін ойын, ермектерін сұрап қыста балаларға қызықты әсер еткен не? – екенін анықтайды. Тәрбиеші жапалақтап жауған қарды, ұйытқып соққан боранды елестетулерін өтінеді. Қимылмен балалар көрсетеді. «Жапалақтап қалың қар түсіп еді, ертеңіне ұйытқып боран соғып аулаға қарды үйіп тастады. Оны біздер күреп, жол ашып, сырғанақ жасадық. Шана сүйретіп, сырғандық. Сырғанақтың жанына аққала тұрғыздық. Әріректе қардан қалашық жасадық. Қыс қызығына тоймай ойнап жүрген кездерің сияқты балаларды да суретен көрдіңдер. Енді осы қыс қызығын бейнелеп көрейік. Алдыларыңда көгілдір түсті қағаз берілген. Қане, енді кім қандай қызықты кезеңді суретте бейнелегісі келеді екен, сендер көздеріңді жұмып ойланыңдар» - деп тәрбиеші мольбертте қыс көрнісін сала бастайды. Біраз уақыт өткен соң балалардың көзін ашуын, кімнің қандай сурет салғысы келетінін бірнешеуінен сұрайды. – Міне, мен сендер ойланғанша қыс көрнісін салуды бастадым, қыстағы қызықтың бірі аққала жасау, шаңғы тебу, шанамен сырғанау т.б. Балалар өз қалауы бойынша сурет салуды бастайды. Жеке зат салған балаларға мазмұн беруге қосымша бейнелерді салуға бағыт беріледі. Сурет салу іскерліктерін толық меңгермеген балаларға жеке нұсқау береді. Жұмыс нәтижесінде қағаз бетінде аққала, айналасында балалар бейнесі, мұз айдыны, жауған қар, ұйытқыған боран т.б. салуға болатынын ескертеді. Балалар жұмысты аяқтаған кезде салған суреттеріне назар аударып, қыс қызығы жайлы әңгімелетіп, суреттердің сәтті шыққандарын ерекше атап өтеді. Суретте салынған бейнелерге байланысты, қыс мезгілі туралы қандай өлең-тақырыптар, жұмбақтар білетіндерін сұрайды. Қол ұстасып дөңгелене қыс туралы өлең айтады. Балаларға серуенге шығып қыс қызығын әрі жалғастырып ойын ойнайтындарын хабарлайды. Киініп далаға шығып, тәрбие жұмысы таза ауада жалғастырылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет