3 1-тарау. МӘнерлеп оқУ



бет88/126
Дата29.11.2022
өлшемі5,95 Mb.
#160312
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   126
Байланысты:
Мәнерлеп оқу КІТАП

Қаз, қаз бас


Сабақтың мақсаты: халық ауыз әдебиеті үлгілерін тыңдап отырып баланың естігенін, көргенін қағаз бетіне түсіре білу дағдысын қалыптастыру. Бояумен жұмыс істеу іскерліктерін дамыту. Ұлттық салт дәстүр негізінде бейнелеу машықтарын жетілдіру.
Көрнекіліктер: қуыршақ, жолақ қағаздар, гаушь бояу, қылқалам, су, қылқалам қоятын тұғырлар, сүрткіш.
Сабақтың барысы: тәрбиеші ойын бұрышында балалармен бірге қуыршақты бесікке бөлеп, «Әлди-әлди, ақ бөпем» - деп әндетіп балалардың назарын аударады. Бесіктің жамылғысын жауып ұйықтатады. «Қуыршақ оянып кетпесін басқа қуыршақтарды ойната тұрайық» - деп бірнеше қуыршақты балаларға беріп қаз-қаз, бастырып жүргізеді. Тәрибеші:

Қаз, қаз, балам қаз балам!


Тақымыңды жаз, балам,
Қадамыңа қарайық,
Басқаныңды санайық. 1,2,3.

Балалар басқанын санайды. «Қуыршақ жүруді енді ғана үйреніп жүр екен, ол аяғын қалай басады?» Алашаның үстімен жүргізіп көреді. «Қуыршақтың басқан ізін қағазға салып көрейікші қане, бәрің маған келіңдер». Қолдарына сары түсті жіңішке жолақша қағазды «алашаны» таратып береді. «Міне, мен қуыршақтың ізін былай түсіремін» - деп өзі көрсетеді. (қылқаламның ұшын батыл бастыра қағазға дақ түсіреді). Қимыл жасалған сайын «қаз-қаз, тәй-тәй» - деп қызықтырып дауыстап айтып отырады. Құрал-жабдықтарды балалар өз еркімен алып кез-келген ыңғайлы жерге отырып, тұрып салуға кіріседі. Сабақ соңында жұмыстарын жинап алып талдау жасалады.




Естиярлар тобында бейнелеу өнеріне баулу әдістемесі
Бағдарлама бойынша ұйымдастырылатын тәрбие жұмыстары қалыптан тыс сабақтар түрінде өткізу көзделуде. Мысалы: «Саяхат жасау». Балалардың айналадағы өмірден көргендерін, естігендерін көз алдарына елестете отырып бейнелеу. Саяхат жасай жүріп іс-әрекет барысында бір-біріне қарым-қатынасы, ойлауы, қиялы, сезімі және байқағыштық қабілетін дамыту. Саяхатта көргендерін бейнелеу іс-әрекетінде бере білу дағдыларын қалыптастыру. Байланыстырып сөйлеуге жаттықтыру өнер туындыларына қатысты сөздермен сөздік қорын молайту.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет